1. Бас және бас аймағынан жасалған СЮП-тер саны-70.
Алабас, Алтыбас, Бақырбасов ~, Бұзаубас ~, Гәубас ~, Додабас~ , Дарабас, Дыраубас, Ешкібас~, Жайбас, Жалпақбас, Жапсарбас, Жарғақбас, Жыртықбас, Жүндібасович, Жарықбас, Зілбас, Итбас, Киізбас, Көкебас, Кірбас, Көнгенбасов, Қабанбас, Қазанбас, Қайқыбас, Қалтақбас, Қарынбас, Қасқабасов, Қисықбас, Қоқыбас, Масбас, Маубас, Ожаубас, Сарыбас, Қубас, Қағанақбас, Майбас, Тақырбасов, Таспабас, Тесікбас, Түктібас, Топайбас, Таубас, Топырақбас, Шаштыбас, Шақшабас, Шалабасов, Құйқалақ, Қосорай, Мысмаңдай, Тасмаңдай, Шотмаңдай, Шаштеңге, Самайтаз, Шотшеке т.б.
Келтірілген мысалдар «бас» атауымен тіркескен кейіпкер аттарының тізімі ғана емес. Абай айтқандай, «бас жақсылыққа да, жамандыққа да бейім болса, рақымдылық, мейірбандылық, әрбір түрлі адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі, асықтық та жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды» [Абай,110 б].
Бастардың өзін жасалу жолына қарай бірнешеге бөлуге болады:
1. түстен жасалған Алабас, Сарыбас, Қарабас, Шалабасов
2. малдың атауынан Бұзаубас, Ешкібас, Қойбас, Қабанбас, Итбас
3. зат атауынан Ожаубас, Қазанбас, Киізбас, Жүндібасович, Түктібас, Шаштыбас,
4. көлеміне байланысты Гәубас, Додабас, Дыраубас, Жалпақбас, Зілбас, Таубас, Қағанақбас, Шақшабас,
5. Маубас, Кірбас, Масбас, Қоқыбас,
6. Тақырбасов, Тесікбас, Жыртықбас,
7. этнографиялық ұғымдар Қубас, Топайбас, Қосорай, Шаштеңге, Самайтаз,
8. санына байланысты Алтыбас, Дарабас,
Атақты психолог Карл Юнг үндістердің «барлық американдықтар – есуастар» дегенін таңырқай жазады. Неге олар бұлай деп есептейтінін білгісі келген Юнгтың сұрағына олар: «Американдықтар басымызбен ойлаймыз дейді, дұрыс адамдар жүрегімен ойлауға керек. Біз жүрекпен ойлаймыз»,– деп жауап берген екен [Конфуций, 2002; 9-б].
Әр кейіпкер атының астарында ғасыр бойы қалыптасқан дүниетаным, ұлттық болмыс, ұлттық мінез, ұлттық дәстүр, ұлттық наным-сенімнен туындайтын құбылыс – этнолингвистикалық ерекшелік жатыр. Бір ғана Шүйкебас атының пайда болу уәжіне тоқталсақ, шүйке – тулаққа салып сабаумен сабалған, әбден түрілген майда, иіруге дайындалып, домалақтап қойған жүн. Шүйке үлкен болмайды, сондықтан қазақ кішкентай нәрсенің белгісін шүйкедей деп теңеу жасайды.
Белгілі сықақшы К.Әмір-Бек «Неменеңе жетісіп күлесің?» деген кітабында тарихтағы саяси ұлы тұлғалардың аттарын бас соматикасымен байланыстырған: Таспабас (Сталин), Қасқабас (Хрущев), Дыраубас (Брежнев), Қыраубас (Горбачев). Тарихи бейнелерді бас соматикасымен атау арқылы олардың нақты бейнесін немесе портретін көзге елестетеді. Сөз жоқ, автор ат беру уәжділігіне ерекше мән беріп, эмоциялық ыңғайда жұмсалуын соматикалық атауларды қолдану арқылы көздеген. Сәтті таңдалған аттар тарихтың әр кезеңінде келеңсіздікті әзілмен сынай отырып, юморлық күлкімен әшкерелейді, тіпті кейіпкер аттарының өзі «антропонимия – тарих» (Никонов) дегенді дәлелдейді.
Біздің ойымызды профессор Т.Қожакеевтің: «Сықақталатын сабаздың аты туындыға ерекше әсер береді, оқушының айызын қандырады. Өйткені ол сатириктің кімді айтып, кімді нысанаға алып отырғанын біле қояды»,– деген пікірі нақтылай түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |