Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Бет аймағынан жасалған СЮП-тер – 60



бет18/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   111
2. Бет аймағынан жасалған СЮП-тер – 60.
а) бет: Бетонбет, Бетсіз Бетібелдиева, Жұтаңбет, Жылмаңбет, Күлбет, Қарабет, Шықшытбет т.б. ә)
көз: Ақкөз Қызылкөзұлы, Ақиған Көккөзов, Алайкөзов, Биякөз, Бадырақкөз, Жыланкөз, Күреңкөз, Көзкөрген, Көзжұмбаев, Иткөз, Мысықкөз, Сусликкөз, Текекөз, Шақкөз т.б.
Адамның сыртқы бейнесіне қатысты сөздерді зерттеген М.Ержанов көздің 23 түрін атап көрсеткен. Ал сатира мен юморда кездесетін көздердің берілісі ғалым Б.Уызбаева атап көрсеткендей, «әрбір «көздің» артында әр адамның өзіне тән мінез-құлқы, ақыл-парасаты, бет-пішіні, күш-жігері, батылдық-батырлығы, жалтақтығы мен жарамсақтығы, қаталдығы мен жұмсақтығы, өжеттігі мен мамандығы т.б. қасиеттері байқалады». Алайкөзов, Бадырақкөз, Иткөз, Мысықкөз, Сусликкөз, Текекөз поэтонимдері тура мағынасында алынған болса, Ақкөз есер, Қызылкөзұлы пәлеқор, Көзжұмбаев бүркемелеу, Көзкөрген ертеден таныс, Көккөзов орыс халқының өкілі болып ауыспалы мағынада жұмсалып тұр.
б) мұрын: Дөңмұрынов, Маймұрын, Лапшамұрын, Мұрын, Мұрынқұл, Мұрындық, Иттұмсық, Танауғалиев;
в) құлақ: Ақпақұлақ, Жарқұлақов, Кірқұлақ, Құлақ, Қосқұлақ, Саққұлақ, Сабауқұлақ, Тасқұлақ, Ұзынқұлақ т.б. Құлаққа байланысты алынған аттардың бәрі дерлік поэтикалық, стилистикалық мәнде алынған.
г) ауыз: Ашықауыз, Ауыз Жаппасов, Бейпілауыз, Жаманауыз, Жайынауыз, Ешкіауыз;
ғ) тіл мен жақ: Құлқынгүл, Тастаңдай, Тілмарович, Тілқатпасов, Тілемсеков, Заржақ, Қужақ, Самыржақ, Ұртбай, Ұртымай, Сойдақтіс т.б.
3. Мойын атауымен келетін СЮП-тер – 10.
Бұқамойын, Қылмойынов, Қылқимойын, Бұзаутамақ, Өңешгүл, Кеңірдекович, Қылкеңірдек, Тайбұғақов, Шөпжелке, Желкебай.
4. Кеуде, ішкі мүшелерге байланысты туған СЮП-тер – 20.
Көкірек Кеудебаев, Жалаңтөс, Тауықтөс, Бауырбек, Бесқарын, Месқарын, Сауқарын, Итқарын, Тасбауыр, Тасжүрек, Қарынбөлеев, Талақ, Ішекқарынұлы, Ұлтабар т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет