Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Әйел аттарының жасалу үлгілері



бет57/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   111
Байланысты:
annotation30756

2.3.1.1 Әйел аттарының жасалу үлгілері
Сатира мен юморда қолданылған 2600-ден аса аттар болса, оның 300-ден астамын матронимдер (фр.matronim – ана, шеше) құрайды. Матронимдердің (әйел аттары) аз кездесуін ұлттық менталитетіміздің бар көрінісі деп қарауға болады. Өйткені қазақ әйелдеріне атам заманнан ибалы, сыпайы, ұяңдық, сабырлылық қасиеттер тән. Ананы ардақтап, қызды аялап, «гүлге» теңеп, әйелді қадір тұтқан қазағымыздан қалған тамаша үрдіс тілде де өз ізін қалдырған. Қаламгерлердің сын жебелерін ерлерге көбірек бағыттауын табиғилылықтан жаңылмағандық деп ұғынамыз.
Сатира сарбаздары әйел атын жасауда кейіпкердің затына атын сай етіп образ жасауда шеберлік танытқан. Әйел аттарының құрылымдық сипатынан мынандай үлгіні көруге болады:
1.Түбір тұлғалы: Әтеш, Мейіз, Шекер, Гүбі, Інжу т.б.
2.Туынды тұлғалы: Зу+зу+ла, Зымыра,Бал+шекер, Қиқу, Ұят+ай,Тұйғын т.б.
3.Біріккен сөз тұлғалы: -гүл, -бике, -қыз, -бала, -зада, -ғайша, ай.
Әр халықтың танымында әйел есімдерінде жиі қолданыс табатын сөздер болады: арабтар – акация, роза, қытайлықтар – өрікті, латыштар – құсты, гректер – амариллис, лавр, мирта, вьетнамдар – жыл мезгілдерін, құс атауларын, қазақтар – гүлді жақсы көреді.
Гүл – қазақтың төл сөзі емес, иран тілінен енген сөз, түрлі-түсті, үлбіреген хош иісті өсімдіктің бір түрі. Қазақ қызды ерекше қастерлеп, әсем гүлге теңеген. Сондықтан болар – гүл сөзі қыз есіміне жалғанар антролексемаға айналған, оның себебі әлемді тану моделіне байланысты болу керек. Жинақталған барлық поэтонимдердің саны 300-ге тарта болса, гүл сөзінің қатысымен жасалғаны яғни қазақ тілінде көбінесе гүл сөзімен келген әйел есімдерін ұлттық белгі ретінде ұғынуға болады, олардың саны 100-ден асады. Оның ішінде гүл сөзінен басталатыны санаулы: Гүл+дер+айым, Гүл+дер+ай, Гүл+базар, Гүл+жапырақ, Гүл+базар, Гүл+елпек, Гүл+тура.
Белгілі түрколог Н.А.Баскаков: «Впрочем элемент gьl «роза, цветок» в составе женских имен широко употребителен не только у каракалпаков, но и у других тюркских народов, главным образом Средней Азии» [Баскаков Н.А. , 1978, 122,95 с] ,–деп жазғанына қарағанда, «гүлдің» кең сипатқа ие болғанын дәлелдейді.
Ғалым О.А.Султаньяев та осы ойды толықтырады: «Названия фруктов, ягод, цветов в качестве мужских имен не встречается. Так называют только девочек» [Султаньяев О.А., 1970, 123,16 с].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет