Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор



бет60/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   111
«Бике» сөзімен тіркескен кейіпкер – бізге аңыз-әңгімелерден («Алдар көсе оқиғалары»), Бізбике атты Шық бермес Шығайбайдың қызы арқылы таныс. «ҚТТС»-де «белгілі Бекбике», «жолдан қосылған Жолбике» деген тұрақты тіркестер кездеседі және бике сөзіне бикешті балама етіп көрсетіпті [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2-том, 1976, 98 б].
Бикеш – бой жеткен қызға, жас әйелдерге сыпайыгершілік сыпайылық білдіріп айтылатын сөз. Ал Э.Севортянның сөздігінде биче және бийке «жена, госпожа, княжня, хозяйка, женщина» деп түсіндіріледі [Севортян Э.В., 1978, 349 б], сонда биче сөзі әйел мағынасында жұмсалады. Бике сөзінің алғашқы тұлғасы В.В.Радлов көрсеткендей, тобыл татарларының тіліндегі бічеәйел дегенді білдіреді, Ч- К дыбыстарының сәйкестігі бойынша бичебикеге айналған. Ханның тақты иеленбеген ұрпағы төре деп аталатыны сияқты байдың, бидің ұлдары мен қыздары да жай бай баласы, би баласы, байдың қызы деп аталмай, шора, бикеш деген сияқты арнаулы атпен аталғанын білдіреді.
Бике сөзімен тіркескен СЮП-тер саны – 70.
Албике, Аңқаубике, Әтірбике, Барқытбике, Бесбике, Бекбике, Бытбике, Елбике, Жалғызбике, Жалаңашбике, Жыпбике, Зәрубике, Зыпбике, Зырбике, Иісбике, Күлбике, Күнбике, Кердеңбике, Құтбике, Құйысқан бике, Лыпбике,Мақалбике, Маздаубике, Мұзбике, Насбике, Ойбике, Оралбике, Пәтибике, Пернебике, Салбике, Сұлубике, Сыбысбике, Сырғабике, Сыпбике, Тасбике, Тәуірбике, Түлкібике, Топарбике, Тоқбике, Тойбике, Торымбике, Тауықбике, Танабике, Тырылбике, Үлпершек бике, Ұлбике, Шарапбике, Шәйбике, Шүйкебике.
Бикеалғашқы мағынасында, яғни тума ат болып тұрғанда қыздарға, әсіресе ханшайым, бай қыздарға қосымша берілген ат, атақ іспетті. Өмірде бике сөзімен келетін аттар некен-саяқ кездеседі, тілімізде қайынбике туыстық қатынасты білдіретін сөз. Ал сатира мен юморлық кейіпкер аттарында бике ерке, кесір, жеңілтек әйел образын беру үшін жағымсыз мәнде жұмсалып, тек әйел жынысы екенін білдіретін пейоративті суффикске айналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет