Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор



бет54/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   111
Байланысты:
annotation30756

Елпекбайелпек+ бай. Елпекбай, бауырым, аңғалсың. Елпеңдейсің де жүресің. Одан да тарихта қалудың қамын жаса.Жігін тауып, жібін білдірмей, жіліктің майындай тамызып айта білсең, өтіріктің өзі де әңгіме бола береді,–деп ақыл айтады досы Телпекбай [Ш.Смаханұлы, 39].
2. Бек – бұлар есім жасайтын арқау сөздер боп саналады. Ғалым Т.Жанұзақов ол сөздердің кезінде саяси-әлеуметтік термин қызметін атқарғанын айтады [Жанұзаков Т.,1974, 27]. Қазақ халқы тарихындағы ақсүйектер өздерінің әлеуметтік тегін көрсету мақсатымен бек, би сияқты титул сөздерді өз есімдеріне қосарлап айтып отырған.
Осы үлгідегі жасалған СЮП-тер де стильдік жағынан ерекшеленеді.Олардың бірқатары мынадай болып келеді: Әйелбек, Қойқойбек, Сайтанбек, Селқосбек, Төбелесбек, Есербек, Бытшытбек, Қытқытбек, Ішкішбек, Айтқышбеков, Арлыбек, Атанбек, Әзірбек, Әуенбек, Әйелбек, Әріпбек, Беделбек, Бүлікбек, Бұлтаңбек, Бұқпабек, Бытырабек, Вагонбек, Даңғылбек, Демеубек, Доңғалбек, Ептібек, Еркебек, Жалтарбек, Жанжалбек, Жойқымбек, Жұдырықбек, Жұтқынбек, Жымдайбек, Зауытбеков, Иірімбек, Инобек, Күрішбек, Келгішбек, Коньякбек, Қысқарбек, Құлқанбек, Қойқойбек, Қуысбек, Лауазымбек, Магнибек, Майдабек, Манабек, Майсалбек, Модабек, Натрибек, Нашабек, Нөкербек, Өңірбек, Пістебек, Пысықбек, Пушкабек, Сайтанбек, Сарқытбек, Селқосбек, Сілтеубек, Суайтбек, Суғынбек, Сұңқибек, Спиртбек, Сабазбек, Сұқбек, Сауданбек, Тақымбек, Топайбек, Топасбек, Төбелесбек, Уәкілбек, Цементбек, Шақшабек, Шампанбек, Шимайбек, Шолтыбек, Шымшықбек, Шылымбек, Шыныбек, Шықшытбек, Шағымбек, Ымқырбек, Ырғытбеков.
Бұкпабек ↔ бұқпа «Еркектің ең пысығы деп бастығының үстінен домалақ арыз боратып жүрген Бұқпабекті айтар едім» [Ғ.Қабышев,189].
Зерттеу барысында байқалған жайт – түбірі кірме сөз болып келетін аттар, яғни орыс немесе басқа тілден енген сөздерге ең өнімді жалғанған сыңар көбінесе «бек» сөзі болып келеді: Вагонбек, Магнитбек, Марксбек, Модабек, Миллиардбек, Натрибек, Нашабек, Патронбек, Пушкабек, Тенорбек, Цементбек т.б. сияқты кірме аттар да кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет