Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Синоним мағынасындағы немесе коррелятивті аттар



бет62/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   111
2.4 Синоним мағынасындағы немесе коррелятивті аттар
Тіліміздегі синоним сөздер – стильдік мүмкіншілігі мол, айтылуы әр түрлі, мағыналары жуық, бірінің орнына бірі жүре алатын лексикалық топтар, тіл байлығы, тіл қазынасы, ұлттық ерекшелікті білдіретін сөздер. Синоним сөздерді біз кейіпкер аттарынан емес, фамилияларынан іздедік. Синонимдік қатар дегенде біздер зерттеуіміздегі бүкіл кейіпкер аттарын сұрыптап, бір қатарға «тұрғызуды» мақсат етпедік. Мысалы, мынандай синонимдік қатар түзетін: айтыс, дау, дау-дамай, дау-шар, талас, тартыс, тәжіке, ұрыс керіс, жанжал, егес, қақтығыс, содыр, шатақ тәріздес сөздерді алсақ, дәл осындай сөздерден жасалған Таласбек, Жанжалбек, Төбелесбек, Егесбай, Шатақгүл, Даугүл, Даңғой, Даусоғар, Даулан, Даубаев т.б. кейіпкер аттары зерттеуімізден көптеп табылар еді.
Кейіпкердің аты-жөні, яғни фамилия және тегі болып келетін патронимдер мен матронимдерді нысанға алып, екі не үш мүшелі болып келетін СЮП-дің құрамындағы сөздерді талдап, ұштас мәнді деп алдық. Сөз нәзіктігін түсіну, түсіндіру де өте қиын іс. Cинонимдерді бұлайша топтастыру үшін «синоним болатын сөздердің не мағынасында, не стильдік мәнінде немесе сөз қолдану жүйесінде әйтеуір бір өзгешелігі болуы – міндетті шарт» деген ұстанымды басшылыққа алдық [Болғанбаев Ә., Бизақов С., 2001,14].
Кейбір патронимдер таза синонимдік қатар түзбейтіндіктен, оларды мағыналық, стильдік және сөз қолданыстағы реңкіне қарап, ұштас мәнді патронимдер деп атадық. Мұндай кейіпкерлер жасалу жолдарының сан түрлілігімен ерекшеленеді, мысалы Бедел Даңқыбаев деген патроним құрамындағы бедел мен даңқ сөзін таза синоним деуге келмейді.
Сондықтан мағыналары жағынан бір-біріне жуық, үйлес келуіне қарай топтастыруға тура келді: Алабас Шалабасов < ала бас ~ шала бас, Бөдене Бұлдырықов < бөдене ~ бұлдырық, Бұрқан Талқанович < бұрқан ~ талқан, Жаңғалақ Ұшқалақов < жаңғалақ ~ ұшқалақ, Желсөз Қаңқусөзұлы Өсекаяңов < жел-сөз ~ өсек-аяң, Жебірбай Ашқарақов < жебір ~ ашқарақ, Жылпос Қуаяқов < жылпос ~ қуаяқ, Ебелек Көбелеков < ебелек~ көбелек, Мыңқетпес Тапжылмасов < мыңқ етпес ~ тапжылмас, Қалжыңгүл Қалжаққызы < қалжың ~ қалжақ, Қартайған Қожырағанов < қартайған ~ қожырайған, Қаршыға Бүркітов < қаршыға ~ бүркіт, Қойшы Қойбағаров < қойшы ~ қойбағар, Сыңғыт Қылғытұлы <сыңғыт ~ қылғыт, Таптырмас Дефицитұлы < таптырмас ~ дефицит, Ыржалақ Күлкішиев < ыржалақ ~ күлкішіл, Бақталас Күндесұлы < бақталас ~ күндес т.б.
Өзара синонимдік қатар түзетін патронимдер, мысалы, Жалақор Пәлеқоров деген патроним құрамындағы жалақор мен пәлеқор сөздері өзара синонимдік қатар түзеді. Мысалы, Егеуәлі Қайрақұлы < егеу ~ қайрақ, Малта Сықпаұлы < малта ~ сықпа, Көкірек Кеудебаев < көкірек ~ кеуде, Қойбағар Малбағаров < қой бағар ~ мал бағар, Қымқыр Жымқыров < қымқыр ~ жымқыр, Науқасбай Сырқатұлы < науқас ~ сырқат, Пәленбаев Пәштуан < пәлен ~ пәштуан, Шалшықбай Балшықбаевич < шалшық ~ балшық т.б. Көркем сөз теоретигі В.В.Виноградов антонимдердің көркем әдеби тілде, әсіресе юморлық туындыларда стилистикалық құрал ретінде күшті құрал екендігін айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет