Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Тұрақты тіркес немесе фразеологияланған аттар



бет68/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   111
2.7.1 Тұрақты тіркес немесе фразеологияланған аттар
Сатиралық шығармаларда сатириктер мен юмористер халық даналығының түрлі үлгілерін стильдік мақсатта жиі қолданады. Бұл орайда тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер қаламгер ойын әсерлеу, көркемдеу, сықақтау, әжуаау үшін қолданғанын байқауға болады. Ана тіліміздің сөз айдынының тереңінде халықтың ғасырлар бойы іс-тәжірибесін, өмір қойнауынан қорытылып ереже түрінде тұжырымдалған аталы сөз, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер туып жатады. Тілдің бейнелілігін, байлығын арттыра түсетін, халықтың тұрмыс-тіршілігінің, мінез-құлқының, әдет-ғұрпының айнасы – тұрақты тіркестер. Фразеологияланған ЖқЕ-дер көбінесе апеллятивке айналып кетеді. Кейбір тілдерде, орыс, ағылшын, неміс, француз ТТ-де 1000-нан астам ЖқЕ-дер ұшырасады екен. Бұл көрсеткіш халық тілінде ЖқЕ-дің көп кездесуінің өзі сол халықтың болмыс-бітімін танытады.
Фразелогияланған ЖқЕ-ді зерттеуші ғалымдардың бір тобы (Б.В.Бабаева, Б.Ф.Захаров, Т.В.Лиходидова, Г.В.Манушина, Л.М.Пенковская, Н.И.Ройзензон, И.И.Толстой) ЖпЕ сияқты семантикалық процеске түсіп өзгеретінін дәлелдейді. ЖқЕ-дің семантикасын жақтаушылар бұл мәселені диахрондық жақтан қарастырып, ЖқЕ-дің жалпылық қасиетке де ие бола алатынын, сөйтіп, экспрессивтік коннотацияға, тіпті ЖпЕ-ге тән басқа да көптеген тілдік бірліктерді де қабылдайтынын айтады. Зерттеуші Толстой И.И: «говоря о значений ИС, необходимо еще раз подчеркнуть, что оно не дано понятию его апеллятива и никогда не ограничивается им даже в тех случаях, когда фонетически и морфологически с ним совпадает. Значение мнение – фактор его известности, фактор общественно-исторический» [Толстой И.И.,1997, 93],–.деп ЖқЕ-дің маңыздылығын айтып дәлелдейді. Кейбір лингвомәдениеттанушылар тұрақты тікестерді мәтін ретінде қарайды. Зерттеуші В.А.Маслова: «Всякий фразеологизм, с нашей точки зрения, – это текст, т.е. хренитель культурной информации»[ В.А.Маслова,87],– деп атап көрсетеді.
ТТ-ден жасалған СЮП-тер:
Ақпақұлақ < ақпа құлақ, сөз ұқпайтын парықсыз,
Безбүйрек < без бүйрек қатал,
Десбермес < дес бермеу, сөз бермеу,
Домалақарыз < аноним хат, Көктиын,
Көзжұмбай, Құрғақсөз, Қызылкөз,
Майшелпеков < май шелпек, оңай олжа,
Мізбақпас < міз бақпады, селт етпеді,
Нансоғар < нан соғар, арам тамақ,
Таныс Тамыровна, Тасжүрек, Тасқайнатар, Тоңмойын, Сужұқпас, Сумұрын, Ұртымай т.б.
Келтірілген мысалдардың қайсысын алсақ та, авторлық көзқарас пен кейіпкер бітімінің жымдасуын байқаймыз. Ғалым Ф.Оразбаева тұрақты сөз тіркестерді тілдік қатынаста жұмсалатын қатысымдық тұлғалардың қатарына жатқызады, «қатысымдық тұлға ретінде алынатын тұрақты тіркестер адамның ойын жеткізуде белгілі бір ұғымды көрсетуімен қымбат» [138,26б] ,–деп пайымдайды.маслова в.а. лингвокультурология. М, .2001.с,206.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет