Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Косметикалық емдік ( шымшу) массаж



Pdf көрінісі
бет17/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
Косметикалық емдік ( шымшу) массаж. Бет терісі майлы 
болғанда, май түтікшелері бітіп, бетте бөріткендер пайда болғанда 
соны тазалау үшін қолданады. Сол сияқты бетке безеу шыққанда, 
іштен туа бет терісі салбырап кеткенде бұғақ пайда болғанда, бет-
те әртүрлі дақ қалғанда емдік массаж кеңінен қолданылады. 
Косметология дамып келе жатқан ғылым. Оның одан әрі ізде-
нуді талап ететін проблемалары әлі де болса бар. Адамның кей бір 
кемшіліктерін түзету мақсаты мен бетке жасалатын косме тикалық 
операциалардан (мұрын, ерін, құлақ) кейінде космети калық мас-
саж өте қажет. 
Спорттық массаж. Массаждың бұл түрі спортшылар арасын-
да кең қолданылады. Олардың сайысқа шығар алдында бұлшық 
еттерін қыздырып, созылғыштық қасиетін арттырып, жалпы 
жұмысқа қабілетін арттыру үшін қолданады. Сол сияқты сайыс-
тан кейін әлсіреген бұлшық етті ширықтыруға, жарақаттанған 
жерді жазуға көп күш салады. 
Спорттық массаж жаттығу кезінде көмек береді. Ол тіпті 
жаттығу кезеңдерінің бір бөлігі ретінде есептеледі. Ол жарыстың 


31
алдында және соңында ғана емес, жарыстың үстіндеде жасалады. 
Сондықтан спорттық массаж 3 түрге бөлінеді. 
Жаттығатын немесе машақтанатын массаж – спортсменнің 
жаттығу кезінде денесін шынықтыруға, шыңдауға бұлшық 
еттерін қатайтуға арналған.
Алғашқы немесе алдын алу бұл жарыстың алдында 
спортсменнің төзімділігін арттыруға арналған массаж. 
Қайта қалпына келтіру – жарыстан кейін спортсменнің жалпы 
күш қуатын, энергиясын, алғырлығын, жүйке жүйесін қалпына 
келтіруге бағышталған массаждың түрі. 
Жаттығу не жарыс кезінде денеге зақым келсе (сіңір созылуы, 
буын шығып кету, сүйек сыну, т.б.) қолданатын спорттық массаж 
емдік массажға жатады. 
Енді кейінгі кезде етек алып ел арасында кең тараған массаж-
дардың түрі: сигментарлы және нүктелі массаждар. Бұл екеуі де 
емдік массаждарға құрамына кіреді. Бірақ спорттық массажда 
қолданып қалуы да ғажап емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет