32
қан айналымы жақсарып, зат алмасуы күшейеді. Сондықтан ішкі
ағзалардың әрқайсысына лайықты сезімтал белдеулері болады.
Жұлынның арнайы сегментері соған арналған.
Массаждың түрлі тәсілдерін осы арнайы сезімтал белдеулер-
ге қолдана отырып, зақымданған мүшені қалпына келтіруге бола-
ды. Ол үшін жұлынның сегменттерін анық білу керек. Барлығы
жоғары реттеуші күштің қарамағында өтетінін еш уақытта естен
шығармаған дұрыс.
Нүктелі массаж. Массаждың бұл түрі басқалардан өзгеше.
Нүк телі массаж ағзаның биологиялық активті нүктелеріне әсер
етеді (2-10 мм). Клиникалық тәжірибе
және эксперименталды
зерт теулер нүктелі массаждың әсерінен ағзада айтарлықтай өзге-
ріс тер болатынын дәлелдеді. Массаж жасаған нүктеде терінің
тем пе
ратурасы көтеріліп, электроөткізгіш қабілеті жоғалылайды.
Оны жыл жымалы тобископ деген прибор арқылы оңай анықтауға
болады.
Нүктелі массажды басқаша акупунктура немесе акупрессура
деп те атайды. Нүктелі массаж инемен емдеу әдісіне ұқсас, жүйке
ұштарын тітіркендіреді.
Биологиялық активті нүкте Захарин-Гед белдеуімен үнемі
сәйкес келмейді.
Нүктелі массаж жасағанда әртүрлі тәсілдер қолданылады.
Оның екі түрі бар: қоздыру және тежеу.
Достарыңызбен бөлісу: