Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Массаж жасалатын адамға қойылатын талап



Pdf көрінісі
бет20/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63
Массаж жасалатын адамға қойылатын талап. Массаждың 
алдында жақсылап тұрып жуыну керек. Көп адамдарда қолтық 
асты безі бөліп шығаратын қолаңса иіс болады. Бірақ жиі-жиі 
сабындап жуған адамнан ешуақытта ондай иіс шықпайды. Егер 
душ қабылдауға мүмкіндік болса аяқты жуып, денені дымқыл 
шүберекпен сүртіп алады. 
Массаж жасағанда денені босатып тек іш киіммен ғана 
қалады.
Массаж жасаушыға қойылар талап. Массаж жасаушы 
дененің құрылысын, анатомиясын, физиологиялық әсерін, трав-
мо тологияның (жарақаттануды зерттейтін медициналық ілім) 
негізін білу керек. Қол тазаланып жуылып тырнақ өте қысқа етіп 
алынады. Қол жылы болғаны дұрыс. Саусақтарға сақина, қолға 
білезік, т.б. салмайды. Өйткені массаж жасағанда аурудың денесін 
жыртып немесе сырып кетуі ықтимал. Массаж кезінде ешкіммен 
сөйлеспейді. Барлық ойы мен назары сол массаж жасалатын жер-
ге ауысады. Шашы жиналып, тек ақ халатпен жұмыс істеу ке-
рек. Массаж жасаған кезде, оны қабылдап отырған адам толық 
босаңсуы керек. Ол үшін әрбір массаж жасайтын мүшеге тиянақ 
қойылады. Не ыңғайлы қалыпта ұстайды. Мысалы, қолға массаж 
жасағанда бұлшық еттердің бәрін босаңсыту үшін шынтақтан 
бүгіп столға салады (денемен иықтың арасындағы бұрыш 45° 
шынтақтың бүгілуі 110°, білезік 95-100°, шалқадан жатқан кезде 
тізе 145° бүгіледі).
Бұлшық еттің толық босаңсуына массаж жасаушының қолы 
салқын немесе су болса, сондай-ақ жұлып тартып жасаған ретсіз 
қимылдар кедергі жасайды.
Көп адамдар жақсы массажшы болуы үшін қолдың күші көп 
болуы тиіс деп есептейді. Ал негізінде массажистің күші емес 
бойындағы күш қуат, шыдамдылық, төзімділік, көнбістілік үлкен 
рөл атқарады. Ол екі қолмен бірдей меңгеру керек. Қандай бұлшық 
етке нендей тәсіл қолданатынын анық білуі қажет. Сондықтан мас-
саж жасаушы өте сезімтал болады. Қолының астындағы бұлшық 
еттердің қандай жағдайда екенін сезбесе, білмесе, (қатты ма әлде 
балбыраған жұмсақ па) онда адамға жақсы әсер қалдырмайды. 
Дененің ауырған жерін қолмен де ауырмаған жерін көзбен де 
айы руы тиіс. Оны аңғармаса массаждың еш әсері болмайды. 


Егер массаж жасаған дене дымқыл немесе түкті болса, әртүрлі 
заттарды қолданып оны сырғымалы етеді. Ол заттар теріге зиян 
тимейтін болуы керек. Ондай қасиеті бар ұнтақ тальк. Ол теріні 
құрғатады тітіркендірмейді, тері түтікшелерін бітімдейді. Сол 
сияқты крем, вазелин, т.б. майларды қолднады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет