Тежейтін нүктелі массаж. Бұлшық етті босатуға және ауыр-
ған жерді басуға бағытталады. Ол үшін бір нүктені 1-1, 5 минут
саусақпен нығырлап басып отырып, оң жаққа бұрайды бұранда
кіргізгендей, одан соң керісінше бұрап саусақты босатқандай ба-
сады. Арасында сәл кідіреді.
Қоздыратын нүктелі массаж бұлшық етті қатайту үшін
әлсі реп босап кеткенде қолданылады. Ол үшін саусақты
бір нүктеге қадап 20-30 секунд дірілдетеді. Әрбір осындай
қимылдан соң қолды жылдам жұлып алады. Әрқайсысын 3-4 рет
қайталайды.
Қазіргі кезде ғалымдардың айтуынша, адам бойынан
695 нүк те табылған. Олардың тек 140-150-ін ғана массажға
қолданып жүр. Соның өзінде көптеген нүктелер өте сирек пай-
даланады.
Нүктелі массаждың қасиеті нүктенің орналасқан жеріне, кү-
шіне және ұзақтығына тікелей байланысты. Ол бір, екі, үш...
саусақтарымен немесе вибрациялық аппаратпен орындалады.
Нүктелі массаж әртүрлі ауруларды емдеуге, спортта тірек
қимылы, буын зақымданған кезде немесе классикалық массаж-
дың алдында денені босаңсытуға, биологиядық активті нүкте-
лердің тиімділігін арттырып басқа бір нүктелердің жұмысын те-
жеу тұру тәсілімен қолданылады.
34
4-ТАРАУ
Массаж жасағанда қойылатын талаптар
Массажды арнайы өзіне жабдықталған бөлмеде жасайды.
Егер ауаның температурасы 22°-тан төмен болмаса таза ауада
өткізуге болады. Ол үшін күн көзі түспейтін желдің етінен аулақ
көлеңке жер керек.
Арнайы бөлменің іші құрғақ, таза, кең, жарық болуы шарт.
Сағатына 2-3 рет ауаны алмастыру қажет, соған орай міндетті
түрде желдеткіш болуы керек. Егер ондай мүмкіндік болмаса
сақталған массаж бөлмесінің қасында душ, әжетхана болуға тиіс.
Массажды арнайы ағаш төсекте жасайды. Оның ұзындығы
190-200 см, ені 80 см, биіктігі 60 см. Егер мүмкіндік болса биік-
тігін реттеп отырады. Төсектің үсті синтетикалық материалмен
қапталады, сонда оның үстін жуып не сүртіп алуға ыңғайлы-ақ.
Төсектің үстінде екі жұмыр білік болады, біреуін астына сала-
ды. Ал екінші біліктің диаметрі 15-20 см оны тізеге массаж
жасағанда тақымның астына салады. Қолға массаж жасау үшін
биіктігі 70 см үстел, ұзындығы 50 см, ені 30 см бірнеше жастық,
мақта, пароллон толтырылған немесе үрленген резина жастық
керек. Сондай-ақ 1-2 орындық 1 айналатын табуретка, көшпелі
шымылдық, ұсақ-түйек мүліктерді сақтайтын шкаф және дәрілік
қобдиша болуы тиіс.
Массаж бөлмесінде ыстық және суық сумен жабдықталған
қолжуғыш болады. Бөлменің ауданы 1 төсекке 8 шаршы метр
және 1 массажистке 12 шаршы метрден кем болмауы керек.
Бөлменің температурасы 20°, ылғалдылығы 60%-дан жоғары
болмаған дұрыс.
|