30
осы сызықтардың бойын бағытын еске ұстау қерек. Бетке мас-
саж жасағанда саусақтардың ұшымен жай сипайды немесе
шапалақтайды.
Массаж жасардың алдында бетке майлы кремді сығыстырып
жағып алады. Көздің айналасына жай ғана сипалап жасайды. Ал
иектің астын шапалақтау керек.
Міне, осындай қарапайым да оңай қимылдар арқылы космет-
икалық массаж жасап, бет терісінің әрлі болуын қамтамасыз ету-
ге болады.
Бетке түскен әжімдерді кетіру үшін оны тудырған себептерді
білу керек. Сонда ғана әртүрлі косметиканы қолданған дұрыс.
Оған салқын-ыстық компресстер, маскалар, булау әдістері және
массаждар жатады. Бұл косметикалық массаждың кішкене ғана
бір бөлігін.
Сонымен, косметикалық массажды екі түрге бөледі: гигие-
налық және емдік массаж. Бұл бөлудің өзі тек шартты түрде ғана
өйткені гигиеналық массаждың да емдік әсері бар: терінің тез
қартайып, солмауын қамтамасыз етеді. Гигиеналық массажды,
көбінесе терісі құрғақ адамдарға қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: