Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Массаждың қан және лимфа айналымына әсері



Pdf көрінісі
бет5/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
1.3. Массаждың қан және лимфа айналымына әсері
Қан айналым мүшелерінің жүйесі жүрек пен қан тамырла-
рынан тұрады. Жүрек өзінің жиырылуының нәтижесінде насос 
секілді жұмыс істеп, қанды тамырларға айдайды да оны үнемі 
ағып отыруға мәжбүр етеді. Жүректің соғуы тоқталса – адам 
өледі, өйткені тканьдерге оттегі мен қоректік заттар жеткізілмей 
қалады. Қанның тамырлар боймен жүруі қан айналымы деп ата-
лады. 
Қан тамырлары бүкіл денені шарлайды. Олардың тығыз әрі 
серпімді қабырғасы бірыңғай салалы бұлшық еттен тұрады. 
Жү рек жиырылуы арқылы жоғары қысыммен қанды артерияға 
айдап шығарады. Артериялар қабырғасы тығыз және серпімді 
болғандықтан, бұл қысымға төзіп, біраз созылады.
Ірі артериялар жүректен қашықтаған сайын тармақтана бе-
реді. Ең ұсақ артериялар өте жіңішке капиллярларға бөлінеді. 
Олардың қабырғасы бір қабат жалпақ клеткалардан түзілген. Қан 
тамыр плазмасында еріген заттар капиллярлардың қабырғасы 
арқылы ткань сұйықтығына өтіп, одан клеткаларға жетеді. 


13
Клет ка тіршілігінің нәтижесінде пайда болған өнімдер капил-
ляр қабырғасы арқылы ткань сұйықтығынан қанға өтеді. Адам 
ағзасында шамамен 150 млрд капилляр болады. Егер барлық 
капиллярды бір түзудің бойымен қатарлата тізсе, онда онымен 
жер шарын экватор бойымен екі жарым рет орап шығуға бола-
ды. Қан капиллярдан жүрекке баратын вена тамырына жиналады. 
Артерияға қарағанда венадағы қысым онша жоғары емес және 
оның қабырғасы да жұқалтаң болып келеді. 
Ағзадағы қан жүрекпен жалғасқан екі тұйық жүйе – кіші және 
үлкен қан айналым шеңбері арқылы жылжиды. Мұнда қан үнемі 
қайта бөлініп отырады: оттегі мен қоректік заттардың қажеттігіне 
қарай қан бір мүше арқылы көп, екінші мүше арқылы аз ағып 
өтеді. Дене мүшесіндегі тамырлар саңылауы өзгергенде, сол мү-
шенің қанмен жабдықталуы да өзгереді. Келетін жүйке импуль-
стары неғұрлым жиі болса, тамыр саңыраулары соғұрлым тар 
болады. Қан тамырлары саңылауының кеңейіп-тарылуын жүйке 
жүйесі мен биологиялық әрекетшіл заттар реттеп, олардың ағза 
талаптарына сай қызмет атқаруына мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет