Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет6/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Лимфа айналымы. Лимфа жүйесі тканьдердегі артық сұйық-
тықты шығаруға жәрдемдеседі. Барлық тканьдерде тармақтал-
май аяқталатын лимфа капилляры болады. Оларға клетка аралық 
сұйықтық өтіп, қоюланады да, лимфа түзеді. Лимфа капилля-
ры ірі лимфа тамырларына бірігеді. Олар барлық тканьдер мен 
мүшелерге өтеді. Лимфа тамырларының ішкі бетінде лимфаның 
кері ағуына кедергі жасайтын қақпашалар орналасқан. Осы қақ-
пашалардың арқысында лимфа тек бір бағытта жылжиды. Лим-
фа тамырларында лимфа түйіндері болады. Әсіресе, қолтықта, 
тақымда және шынтақ бүгіндісінде, кеуде және құрсақ қуысында, 
мойында лимфа түйіндері өте көп. Бұл түйіндер микроағзаны 
ұстап қалатын сүзгі қызметін атқарады. Ағзаның иммундық реак-
цияларына белсене қатысатын лимфа түйіндерінде лимфоциттер 
көп болады. Лимфа тамырлары бірігіп ірі веналарға ашылады
тканьге өткен сұйықтық қайта қан тамырларының арнасына ора-
лады. Қан, клеткааралық сұйықтық және лимфа бірігіп, ағзаның 
ішкі сұйық ортасын құрайды. 
Сонымен қан және лимфа арқылы ағза клеткалары қоректік 
заттар мен оттегін қабылдап, қорытылған ағзаға қажетсіз зат-


14
тардан құрылады. Қан арқылы әр мүшенің гуморальды қызметі 
артып, денеге гармондарды таратуға атсалысады. Қан арқылы 
дененің қалыпты жылуы сақталады. 
Массаждың әсерінен қан мен лимфаның ағыны үдеп әр клетка 
қоректік заттар мен оттегіне қанып, қажетсіз заттардың шығуына 
үлкен ықпал жасайды. Бұл тек массаж жасалған жерде ғана емес 
бүкіл денеде болатын өзгеріс. Сондай-ақ әртүрлі себептерден 
пайда болған ісінуден құтылуға мүмкіндік жасайды. Массаж 
жүрек бұлшық етінің нығаюына, дамуына ықпал етеді. Жүрек 
арқылы ағып өтетін қан мөлшері артып, жиырылу күші көбейеді. 
Қан тамырларының қабырғасы серпімділік күшіне мінеді де қан 
тамыры саңырауларынан өтетін қанның мөлшері өседі. Қанның 
екпіні орындалған массаждың тәсілдеріне байланысты. Мәселен, 
сипау, сығу, жұмсарту сияқты тәсілдері қанды саңылауларынан 
қысып шығарады, дірілдету, соққылау, шапалақтау, терідегі жүйке 
ұштарын тітіркендіріп қан тамырларын кеңейтеді. 
Жоғарыда айтқандай, массаж нейрорефректорлы және гу-
моралды, жолмен қан тамырларының саңылауын кеңейтуге, қан 
ағымын жылдамдатуға үлкен әсер етеді, сол арқылы ауру ағзаның 
жазылуына көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет