Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет3/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
1.1. Массаждың теріге әсері
Оқырманға түсінікті болу үшін терінің құрылысы мен қыз-
меті туралы айта кетуді жөн көрдік. 


8
Тері – дененің сыртқы қабығы. Оның аумағы шамамен 2 м кв. 
Тері негізгі 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабат – эпидермис көп 
қабатты эпителлий тканінен түзеледі. Ол үнемі түлеп, тереңірек 
орналасқан клеткалардың көбею есебінен жаңарып отырады. 
Эпидермистің астында дәнекер тканінің тығыз қабаты – дер-
мо орналасқан. Бұл жерде көптеген рецепторлар май және тері 
бездері түбірі, қан және лимфа тамырлары болады.
Ең терең қабат – шел клечаткасы май тканінен түзелген. 
Ол ағза үшін «төсеніш» қызметін атқарып, қоректік заттармен 
«энергияға» қойма болып есептеледі. 
Тері барлық тканьдермен мүшелерді механкиалық зақымда-
нудан сақтандырып, ағзаға бөгде заттардың ауру тудыратын 
микробтардың енуіне жол бермейді. Тері ағзаны ультракүлгін 
сәу лелердің артық мөлшерінің зиянды әсерінен қорғайтын қо ңыр 
пигмент жасап шығарады. Теріде балалардың мишель ауруы ның 
дамуына кедергі жасайтын Д витамині түзеледі.
Теріде қысымды, ауырғанды, суық пен жылуды қабылдай-
тын әртүрлі рецепторлар бар. Олар адамды жарақаттанудан, 
үсуден сақтауға мүмкіндік береді. Терінің сезімталдығы ағзаның 
қоршаған орта мен өзара байланысында маңызды рөл атқарады. 
Тері сезімталдығынан айырылған адам көп жарақаттанады.
Тері зәр шығару қызметінде атқарады. Сумен тұздың артық 
мөлшері ағзаның тері бездері арқылы шығарылады. Сол сияқты 
тері дене температурасының тұрақтылығын да сақтауға қатысады. 
Теріде өте көп ұсақ қан тамырлары орналасады. Қоршаған 
орта температурасы төмендеген кезде тамырлар рефлекс жол-
мен тарылып, теріге келетін қан мөлшері азаяды, ағзаның жылу 
шығаруы кемиді.
Терідегі тамырлардың кеңеюі мен тарылуын адам өзінен 
байқай алады. Қоршаған орта ыстық болса – тері қызарып, ал 
суықтан – бозарып кетеді. 
Адам терісінде 2 миллионнан астам тері бездері бар, ол 
тәулігіне 12 литрге жуық тер бөліп шығарады. Бұл адамның өз 
дене температурасынан жоғарғы ортада тіршілік етуіне мүмкіндік 
береді. Ауа өте ылғалды болғанда дененің булану арқылы жылу 
шығаруы қиындай түседі.
Жылудың реттелуі рефлекс жолымен жүзеге асады. Жылудың 


9
түзілуі мен оның шығарылуы гуморальдық әдіспен де реттеледі. 
Мысалы қорыққанда және ашуланғанда қандағы адреналин нің 
мөлшері артады. Терінің тамырлары тарылып, адамның өңі боза-
рады, дененің жылу түзуі күшейеді. 
Тері осындай күрделі қызметінің арқасында денеге үлкен 
физиологиялық пайда тигізеді, ағза органдардың өмірлік қыз-
метіне ықпал жасайды.
Массаждың әсерінен терінің сыртқы эпидермис қабаты қабыр-
шықталып түседі. Оның өзі терідегі қан айналымымен жақсар тып, 
тыныс алуын арттырып, май және тері бездерін шыңдап, денедегі 
жылуды реттейді. Тері өте майланып тұруы тиіс. Ол эпидермистің 
ыдырауынан (суға көп түсетін спортшыларға қатысты) немесе 
кеуіп, құрғап кетуінен сақтайды (ауада көп жүрген кезде).
Массаж жасағанда қан тамырлары кеңіп арнасынан аққан 
қанның мөлшері көбейеді. Мұның өзі «ұйқыда жатқан қан та-
мырларын оятып, теріні тамақтандыру болып есептеледі.» Сол 
арқылы адамның денесі сергиді жұмысқа қабілеті артады. 
Массаждың әсерінен лимфа қозғалысы үдейді. Дәнекер 
қабатынан лимфаны қысып шығарған кезде жоғарғы және 
төмен орналасқан қан тамырлары (әсіресе көк тамыр) босап 
қалады. Соған байланысты бір жағынан тканьдермен органдарға 
қан арқылы қоректік зат келіп жатса, екінші жағынан денеден 
қажетсіз заттар шығып жатады. 
Терінің өзі массаждан соң жылтырап құлпырып кетеді. Элас-
тометр деген құралмен анықтағанда массаждың әсеріне терінің 
серпімділігі, созылғыштығы, икемділігі әлдеқайда артқаны көр-
сетіледі. Массаж терінің жылулық рецепторына да ықпал етеді. 
Массаждан кейін теріде жылу пайда болады. Бұл қасиет сайысқа 
дайындалып тұрған спортшыларға қолданылады. Өйт кені кей-
біреудің алдын ала аяқ-қолдары мұздап қалтырап кетуі мүмкін. 
Сол уақытта қатты ысқылап жіберсең бойына жылу тарап «есін» 
жияды. 
Массаж тері арқылы барлық денеге әртүрлі әсер етеді. Ондағы 
жүйке талшықтары массаждан алған тітіркеністерді ми қабығына, 
орталық жүйке жүйесіне жеткізеді, одан шыққан жауап реакция 
басқа органдармен бірге теріге қайта келеді. 
Теріні баяу ырғақпен сипағанда жүйке жүйесі жайланып, 


10
адамның көңілі орнығып, тіпті қалғып кетеді. Аяқты сипағанда 
артериялық қан тамырларын кеңейтіп, сол нүктелердің темпера-
турасын көтереді.
Массаж көптеген рецепторларды тек тітіркендіріп қоймай
клеткалардың бөлінуі нәтижесінде пайда болатын заттардың 
есебінен теріде химиялық реакциялардың түзілуін қамтамасыз 
етеді. Атап, айтқанда химиялық активті – гистамин, ацетилхо-
лин, амин қышқылдары және басқалар пайда болады. Мұның өзі 
тек терінің емес, бүкіл ағзаның қорғаныс қабілетін арттырып, 
ағзалардың қызметін жақсартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет