Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Массаждың бұлшық етке әсері



Pdf көрінісі
бет7/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63
1.4. Массаждың бұлшық етке әсері
Адам ағзасынде басқа омыртқалы жануарлардағы сияқты 
әртүрлі қимыл жасайтын 3 түрлі бұлшық ет ткані бар. Олар қаңқа 
бұлшық еті, жүрек бұлшық еті және бірыңғай салалы бұлшық 
еттер. Әртүрлі ткандардың өзіне тән түрі өзгерген клеткалары – 
бұлшық ет талшықтары болады.
Қаңқа бұлшық еті талшықтары шоғырланған көлденең жо-
лақты бұлшық ет тканінен құралады. Талшықтар ішінде белок 
жіпшелері өтетіндіктен, бұлшық ет қысқарып, жиырылады. Жү-
рек бұлшық етіде қаңқаның бұлшық еті секілді көлденең жолақты 
бұлшық ет талшықтарынан тұрды. Бұл талшықтар кей жерде 
айқасып бірігеді. 
Жүрек бұлшық еті осындай ерекшелік арқасында тез жиыры-
лады. 
Ішкі мүшелердің (қан тамыры, ішек, қуық) қабырғалары бір-


15
ыңғай салалы бұлшық ет тканінен құралады, бұл тканнің тал-
шықтары баяу жиырылады. Массаждың әсерінен бұлшық ет 
оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз етіледі, қаңқа 
бұлшық ет құрамында сезімтал және қимылдатқыш нейрон-
дары бар нервтер орналасқан. Массаж жасаған кезде терінің, 
бұл шық еттің рецепторларынан шыққан импульстер сезімтал 
ней рондардың орталық жүйке жүйесіне беріледі. Импульс 
қимыл датқыш нейрондар арқылы жұлыннан бұлшық етке өтеді 
де, соның нәтижесінде ол жиырылады. Сөйтіп денеде бұлшық 
еттің жиырылуы рефлекс арқылы жүзеге асады. 
Зерттеушілердің айтуынша, 20 мин жатып дем алғанннан 
гөрі, 5 мин массаж жасаған әлдеқайда тиімді. Массаж шаршаған 
бұлшық еттің тез қалпына келуіне ықпал жасайды. Массаж не-
ғұрлым екпінді жасалса, қан оларға қоректік заттармен оттегін 
соғұрлым тезірек жеткізеді. Бұлшық ет талшықтары тезірек өсіп 
жуандайды да адам күштірек болады.
Ұзақ уақыт дене еңбегімен тынымсыз жұмыс кезінде бұлшық 
еттің дәрежесі біртіндеп кеми береді. Жұмыс барысында уақытша 
жұмыс істеу дәрежесінің кемуі қажу деп аталады. Массаждан соң 
бұлшық еттің жұмыс істеу қабілеті қалпына келеді. Массажды 
белгілі ырғақпен орындаған кезде жиырылу аралығында ішнара 
тынығып ала алатындықтан бұлшық ет ұзақ уақыт қажымай 
жұмыс істейді. Бұлшық еттің жиырылу ырғағы оған түскен күш-
тің шамасына да байланысты. Күш неғұрлым көп түссе, бұлшық 
ет соғұрлым қажиды. 
Мүлде қимылсыз болу жұмыс істеу дәрежесінің қалпына 
келтіретін ең жақсы әдісі деген пікір бар. И.М. Сеченков мұндай 
түсініктің жаңсақтығын дәлелдеді. Ол ешнәрсеге араласпай 
тынығу мен әртүрлі іске араласа, яғни әрекетіне тынығу кезінде 
жұмыс істеу дәрежесін қалай қалпына келтіретінін салыстыра-
ды. Сонда әр нәрсемен айналысқан кезде қажудың тез басылып, 
жұмыс істеу дәрежесі қалпына келетіні айқындалды. Массаж 
да дәл осылай әсер етеді. Ал ширыққан бұлшық ет босаңсиды. 
Массаж бұлшық еттің жиырылуын, серпімділігін арттырады. 
Олар жиырылғанда сүйектерге рычагты қимылдатқандай әсер 
етіп, жұмыс атқаратыны мәлім. Бұлшық еттің кез келген жиыры-
луына энергия жұмсалады. Органикалық заттардың (көмір, су, 


16
май) нуклеин қышқылдарының ыдырауы мен тотығуы осындай 
энергияның көзі болып табылады. Органикалық заттар бұлшық 
ет талшықтарында оттегінің қатысуыменен химиялық өзгеріске 
ұшырайды. Осының нәтижесінде ыдырау өнімдері, негізінен 
алғанда көмірқышқыл газы не су түзіліп энергия босап шығады. 
Массаждың көмегімен бұлшық ет арқылы ағып өтетін 
қан оған қоректік заттар мен оттегінің жеткізуін жылдамда-
тып, көмірқышқыл газымен басқа ыдырау өнімдерін шығаруға 
асығады.
Қолданған тәсілге байланысты жиырылу-созу, босау бір-
бірімен кезектесіп отырады. Мәселен, қысқа мерзімде екпінді 
жасалған массаждан бұлшық ет қатты жиырылса, үстіртін сипау-
дан босаңсиды. Массаж жасағанда тканьдардың оттегімен ты-
ныстауы артып, қандағы гемоглобин мен эритроцит мөлшерінің 
көбеюіне ықпал жасайды. Шаршаған бұлшық еттердің қызметі 
артады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет