Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Массаждың буындарға тигізетін әсері



Pdf көрінісі
бет8/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63
1.5. Массаждың буындарға тигізетін әсері
 
Адам бұлшық еттердің қарама-қарсы ететін екі тобы – буын-
ды жазатын және бүгетін бұлшық еттер кез келген қимыл жасай-
ды. Бүгілетін бұлшық еттің босаңсуынан буын бүгіледі. 
Жұлында қозу, тежеу процестері кезектесіп келіп отыр-
ғандықтан, буынды бүгетін және жазатын бұлшық еттер үйле-
сімді қызмет атқарады. Буынның өзі бір-бірімен сіңір арқылы 
берік байланысқан сүйектерден тұрады. Бұл сыртқы жағынан 
буын қапшығымен қапталады. Онда буын сұйықтығы бола-
ды. Ол үйкелісті кемітіп, сүйек ішінің буын ойғынды еркін 
қозғалуға мүмкіндік береді. Шеміршек, сіңір, буын қапшығы 
дәнекер тканіне жатады. Сүйектердің шеміршекпен аз қимылдай 
байланысқан жерін шала буын деп атайды. 
Массаждың әсерінен сіңірдің икемділігі артып буынның 
қозғалысы жақсарады. Бұл әсіресе орта және егде тартқан адам-
дар үшін өте пайдалы. Сол сияқты буын жарақаттанғанда немесе 
ауырғанда, тіпті үлкен спортпен айналысқанда буынға көп күш 
түсіп, дембіп сықырлап қалатын кездер болады. Осының қалыпқа 
келтіру үшін массаждың орны ерекше. Массаж буындағы қан ай-


17
налымын жақсартып, буын сұйықтығын көбейтіп, қоршап тұрған 
сіңір шеміршекке қоретік заттарды таратады. Соның арқасында 
буындағы жіліктің бастары да майланып, жақсы қозғалатын бо-
лады. 
Массаж тек жарақаттанғанда ғана емес, көптеген буын аурула-
рында кеңінен қолданады. Мәселен, артрит (буынның қабынуы) 
ауруларын асқындырмау үшін массаждың ысқылау түрін пай-
даланады. Ол тіпті емдік әдістің ең тиімдісі болып есептеледі. 
Өйткені ысқылау, сипау арқылы кейбір қажетті дәрілік майларды 
буынға өткізеді. Сонда массаж және дәрі бірін-бірі толықты рып, 
буындағы сіңір, сұйықтық қапшығына тікелей әсер етіп, оның 
созылып-бүгілуін жеңілдетеді. 
Барлық спортшылар сайысқа шығар алдында буындарына 
массаж жасатады. Әсіресе, бұрын буыны зақымданғандар, сіңірі 
созылғандар массажды міндетті түрде қабылдайды. 
Күн суық кезде массаж денені жылыту үшін де жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет