Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Балтыр-табан буынына массаж жасау



Pdf көрінісі
бет39/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63
Балтыр-табан буынына массаж жасау. Балтыр-табан жілін-
шігі сүйектермен және тепкі сүйегімен құралған. Массаж жаса-
ғанда қалайда оны босаңсыту негізгі мақсат болу керек. Ол үшін 
аяқтың басына әртүрлі жағдайда қояды. Массаж жасай отырып, 
буын қабына алдынан, артынан, екі жағынан әсер етуге болады.
Алдымен буынды айналдыра сипайды, саусақтардың ұшымен 
буынның айналасын ысқылайды, әсіресе тобықты қолдың басы-
мен сипап, соңынан ысқылайды.
Әсіресе Ахилов тарамысын ерекше массаждайды. Онда шым-
ши ысқылау, штрих жасау, дірілдету түрлерін кеңінен қолданады.
Балтырға массаж жасау. Жіліншіктің өзі екі екі кәрі жілік 
сүйектен тұрады. Біреуі жуан, ал екіншісі – жіңішке. Жуандау 
келген сүйек төменгі жағынан тобыққа жалғасады. Ол теріден 
бұлтиып шығып білініп тұрады. 
Алдыңғы бұлшық еттерге ұзыннан созылған саусақтарды 
қақайтатын еттер жатады.
Оған массаж жасау үшін алақанмен қамти ұстап тобықтан 
бастап тізеге дейін, дәлірек айтсақ ортан жіліктің айдаршығына 
дейін сипайды. Бас бармақ балтырдың алдында, қалған төрт 
саусақ қапталдай сипап тақымға келеді.
Балтыр бұлшық еті өте қалың, жақсы жетілген, сондықтан 
оның сыртқы және ішкі жағына жеке-жеке массаж жасайды. 
Кейде аяқтың басынан көтеріп бір қолмен ұстап тұрып, екінші 
қолмен массаждайды. Оң қолмен сол аяқты қолмен оң аяқты мас-
саждау ыңғайлы. 
Тақымда жүйке түйіндері көп шоғырланған, сондықтан мас-
саждың ешбір түрін қолданбайды.
Тізеге массаж жасау. Тізе үш сүйектің басынан: ортан жілік 
және тізе тобығынан құралған. Тізе тобығы саннан келетін 
төртбасты бұлшық еттің тарамысына оралып жатады.
Буынға массаж жасағанда ауруды жатқызып қояды. Алақанмен 


немесе бас бармақтың басымен буынның айналасын сипалайды. 
Тізе тобығының бекінген жерлеріне қолды батыра отырып, та-
рамыстарды ысқылайды. Тізені бүгіп ұстаса буынның іш жағын 
толық массаждауға болады. 
Массаждың соңында тізені бүгіп-жазып, тобықты жоғары тө-
мен қозғалтып бірнеше рет қимыл-қозғалыс жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет