Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Аяқ-қолды соғып алғанда жасалатын массаж



Pdf көрінісі
бет41/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
Аяқ-қолды соғып алғанда жасалатын массаж.
Адам оқыста бір жерін соғып алса, теріге онша зақым кел-
мей, ішкі жұмсақ еттер зардап шегеді. Қатты соққан кезде қан та-
мырлары жарылып, бұлшық етттердің талшықтары үзіліп, жүйке 
ұштарына зиян келеді. Осындай жағдайда соққан жер ауырып, 
ісіп, көгеріп, тіпті ысып, ыстығы көтеріліп кетеді.
Ол жерге бірден йод жағып, тез орап тастамаса, бір кішкене 
сызат ертеңіне іріңдеп кетуі мүмкін. Осылай өзімен-өзі әлек бо-
лып отырған адамға, массаж туралы сөз де айтылмайды.
Егер ірі тамырларжарақаттанбай, бұлшық еттер бүлінбей, 
ісігі қайтыңқырап, іріңдемесе, 2-3 күннен кейін массаж жасайды. 
Массажды соғылған жерден жоғары қарай ығыстырып жа-
сайды. Сонда жарақаттанған жерден қан және лимфа үлкен жыл-
дамдықпен ағады да іскені басылады. Мәселен, қолдың ұшын 
соғып алса, алдымен білекке массаж жасайды. Онда сол лим фа 
түйіндеріне қарай бірнеше рет сипайды, уыстап ұстап ысқы-
лайды, жұмсартады. Тек осыдан кейін жарақаттанған жерді мас-
саждайды. Ауырған жерге жасалатын массаждың қуаты, күші 
адамның сезімталдығына байланысты. Ауруын асқындырмай, екі 
қолмен бірдей бірнеше рет жайлап сипайды.
Ауырғаны бәсеңдесе, сипау мен ысқалауды кезек қолданады. 
Бұлшық еттері жұқа жерді саусақтың жұмсақ ұшымен, ал қалың 
қоң еттерді алақанмен сипалап, жұдырықпен ысқылайды.
Массаж жасау уақыты 18-20 минут. Бірінші процедурадан 
кейін ауру асқынбаса, буындарды бүгіп-жазып, қимыл-қозға лыс-
тарды қосады.
Келесі күндері ауырған жерге саусақтарды тік қадай ұстап, 
алғашқы белгілі тәсілдерді батылдау жүргізеді.
Үшінші күні массаждың күшін, екпінін, ұзақтығын артты-
рып, күрделі тәсілдерін қолданады.
Соғылған жердің ауырғаны массаждан соң екінші-үшінші 
күндері үдеп кетсе, онда ол аймаққа тиіспей, жоғары жағынан 
бұрынғыдай сипау, ысқылау тәсілдерін жасай береді. Ісігі қайтып, 
ыстығы түсіп, басқан кезде ауырмайтын болса, қолдың сыртымен 
сипайды, сонан соң уыстап ұстап батыра сипайды, ысқылайды, 


81
уқалайды, сыдыра үйкелейді, көлденең бағытта жұмсартып, 
үзіліссіз дірілдетеді.
Арасын үзбей массажды 10-15 күн жасайды. Жараттанған 
жерге соққылау, шапқылау, сілкілеу тәсілдерін қолданбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет