92
Бұл аурудың да төркіні психогендік фактор немесе көңіл
күйге байланысты дейміз. Ол қатты ашуланып ренжісе, не суыққа
қалып
тоңса ауру асқынып, дененің сезімталдығы артып кетеді.
Демікпе ұстамасы бірнеше минутқа созылады, адам аласұрап
өзіне жайлы жағдай іздеп, еңкейіп екі қолымен ұстауға тіреледі.
Дем алу қиындайды, кеудесі сырылдап, қатты қиналады.
Осындай жағдайда ауруды отырғызып көңілін жұбатады, одан
соң иықтың үстін, кеудені, қабырға аралық бұлшық еттерін жай-
лап бірнеше рет сипайды. Көкіректі жылылап орап тастаған не-
месе компресс пайдалы. Ұстама өткен соң массаждың ысқылау,
жұмсарту тәсілдерінің әртүрін қолданады.
Бронхит – бронхылардың қабынуы. Негізгі себебі вирустың
тыныс мүшесіне мұрын арқылы енуінде. Ал
оған көмекші се-
бептер – суыққа шалдығу, үзбей темекі шегу, мұрын қуысының
нау қастануы немесе мұрын шеміршегінің зақымдануына ауаның
дұрыс өтпеуі. Өзінің ағынына байланысты екіге бөлінеді: же-
дел және созылмалы. Ауа райы салқындағанда асқынып барлық
белгілері біліне бастайды.
Мұндай науқасқа массажды арқаның бұлшық еттеріне, қа-
бырға аралық бұлшық еттерге «Эфмакон», «Золотая звезда»,
«Тигровая мазь» сияқты майларды теріге сіңіре отырып, жағып
сипайды, көбінесе ысқылаған, жұмсартқан және қақырық түсу
үшін соққылаған өте пайдалы.
Кішкене сәбилер үшін қойдың
тұздалмаған құйрық майы
тап тырмайтын дәрі. Массаж тек температурасы түскеннен соң,
қант көрсеткіштері қалпына келгенде ғана жасалады. Әйтпесе
ауру адам көтере алмай әлсіреп қалуы ықтимал. Қабырға аралық
аймаққа әсер еткенде саусақтардың ұштарымен тырма секілді
әдісті
қолданып сипайды, ысқылайды, штрихтайды. Алдымен
арқаны, желкені, кеудені, қолды күштірек
батырып массаж жа-
сап алады. Содан соң жауырын асты, қолтыққа, қабырға аралық
аймақ, екі қапталға жасайды.
Мұның өзі тек бұлшық еттер емес, ішкі тыныс мүшелерінің
қан айналысын, лимфа ағынын жақсартып, жиналған қақырық-
тың сыртқа шығуына қабынған жердің біртіндеп жазылуына
ықпал жасайды.
Массаждың осы тәсілдері өкпе қабынғанда және плеврит, эм-
93
физема ауруларында кеңінен қолданылады. Массаждың мөлшері
12-15 минут, ұзақтығын 10-15 күнге дейін жеткізуге болады. Тек
науқастың дұрыс тыныс алуын қадағалап отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: