Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Мықынға және аяққа массаж жасау



Pdf көрінісі
бет38/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63
Мықынға және аяққа массаж жасау. Мықын белдеуінің 
иықтан айырмашылығы – сүйектері бір-бірмен қатты байланы-
сып бірігіп қалған. Ол аймақтың қозғалысы бел омыртқа мен 
ұршық мықынын буынына байланысты. Осы екі буыннан басқа 
қозғалатын жер жоқ.
Мықын белдеуіндегі тері қабаты да әрқалай. Ең қалың жері 
бөксенің үстінде, ол жердің тері астындағы шелді май қабаты да 
жақсы жетілген. Май шығаратын бездер өте тығыз орналасқан.
Жамбас артериясынан басталған тамырлар аяқты қанмен 
қам тамасыз етеді. Лимфа тамырларда аяқты қанмен қамтамасыз 
етеді. Лимфа тамырлары белден таралып, шаптағы, тақымдағы 
лимфа түйіндеріне қарай бағытталады.
Тереңде орналасқан қан тамырлары өзара тығыз байланысып жа-
тады. Ал тереңдегі лимфа тамырларының бағытымен бірге жүреді.
Аяқ және мықын белдеуі бел мен сегізкөз аймағындағы 
нервтік өрімдерден сезім күшін алады.
Аяқ массажының өзі бірнешеге бөлінеді: аяқтың ұшы, балтар- 
табан, тізе буындары, сан ұршық буыны, бөксе, жүйке бағандары, 
т.б. Осы аталғандардың бәрін жеке-жеке массаждайды.
Ол үшін науқасты өз ыңғайына қарай жатқызып қояды. 
Бал тырдың, санның бұлшық еттері босаңсу үшін шалқадан 
жатқанда тақымның астына, ал етпеттеп жатқанда балтыр-табан 
буындарының астына жастық не білік салып қояды. 
Табан мен саусақтарға массаж жасау. Саусақтарды қимыл-
датуға балтырдың аяқ-басына созылған бұлшық еттері және қыс-
қа еттері қатысады. Табанда бекінген бұлшық еттер саусақтарды 
иеді, ал аяқ еттер орналасқан бұлшық еттер жазатын еттерге 
қарағанда әлдеқайда күштірек болады. 
Массаж жасағанда кейбір ғалымдар табаннан бастау керек 
дейді, ал кейбіреу аяқтың үстінен бастаған дұрыс дейді. Табанды 
тірей отырып, аяқтың үстін қолмен бірнеше рет сипайды, одан 
соң саусақтардың ұшымен ысқылайды. Бас бармақпен батыра сү-
йек тердің арасына массаж жасап жұмсартып, артынша тағы си-
пайды.


77
Осылай балтыр-табан буынынан дейін мүмкін болатын тәсіл-
дің бәрін қолданады.
Саусақтарды тек ауырғанда ғана жеке массаждайды, әйтпесе 
табанмен не аяқтың басымен тұтас массаждап шығады. Массаж 
буындарды қимылдату мен бірге өткізеді.
Қажет болса әр саусақты жеке-жеке қозғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет