Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Бауыр және өт жолы аурулары



Pdf көрінісі
бет49/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
8.6. Бауыр және өт жолы аурулары
Бауыр клеткалары қабынғанда немесе өт тасқа толып ты-
ғындалып қалғанда, эмоциялық теріс ықпалдан өт жолдары мен 
тарылуы адамға қатты әсер етеді, мазасыздандырады.
Сондықтан өт жолдарын кеңейтіп, бұлшық ет түйіндерін жа-
зып, сыздатып ауырған жерді басу және өттің тоқтаусыз жүруін 
реттеу мақсатымен массаж жасалады. Мұндай аурудың да мас-
саж қолданылатын және қолданылмайтын мезгілдері болады. 
Мәселен, сары ауруға шалдығып терісі сарғайып, бауыры ісіп, 
ыстығы көтеріліп кетсе, массажды қолдануға мүлде болмайды. 
Зертханалық көрсеткіштер қалпына келген соң, жағдайы біршама 
тәуірленгенде, ауруды асқындармай тұрғанда тезірек жазылу 
үшін массаж жасалады. Ол үшін рефлекторлы-сегментарлы мас-
саж көкіректің арт жағын, одан соң іштің оң жағын сипайды. 


95
Оң жақ қабырға астын саусақтардың ұшымен ысқылайды, кейін 
дөңгелек шеңбер жасай үздіксіз дірілдетеді. Массаждың соңында 
барлық ішті алақанмен сипайды. 
Ас қорыту ағзаларына массаж жасағанда қарынның бұлшық 
еттерін көрсетілген тәсілдермен толық массаждап шығады. Мас-
саж күнара 10-15 минуттан, 10-12 күн жасалады. 
Бауыр, өт жолдары зақымданғанда асқазан және ішек аурула-
рында қолданылатын тәсілдердің бәрін жасауға болады.
8.7. Остеохондроз ауруы
Массаж остеохондроз-омыртқа жотасының қандай белгі лер де 
болса соған арнап жасалады. Мойын-кеуде остеохондрозын да сол 
аймақта орналасқан бұлшық еттерге массаж беріледі. Ол шер-
дің шымырлап ұйығанын басу үшін, қан айналымын жақсар тып 
бұлшық еттердің тонусын көтеру мақсатымен жасалады. 
Алдымен желкені шаштың түбінен бастап иық буынына дейін, 
кеуде бұлшық еттерін қоса сипайды. Мұнан соң саусақтардың 
ұшымен немесе алақан білезігімен жарты шеңбер жасай ысқы-
лайды, екі бас бармақпен қысып, теріні домалата жылжытады. 
Ала қанмен қысып жұмсартады, ал ұстауға келмейтін жалпақ 
еттерді сүйекке жапсыра басады. Омыртқа жотасының өзіне әсер 
етпей екі см қашықтықта айналасындағы он қысып ұстап тұрған 
бұлшық еттерін мейлінше жұмсартып, массаж жасайды. Мойын 
және кеуденің жоғарғы жағына соққылау, дірілдету тәсілдерін 
қолданбайды. Ал арқа, бел тұсына бұл тәсілдерді дасай беруге 
болады. Массажды ұдайы немесе күнара 15-20 минут жасайды, 
емдеу курсы 10-12 күнге созылады. 
Бел-сегізкөз остеохондрозында массаж тек айтылған аймақ-
қа қана емес, аяқтың бұлшық еттеріне жасалады. Бұл қан тамыр-
ларын кеңітіп, зат алмасуын үдетеді. 
Тек остеохондроз және құяң ауруларын айыра білу керек. Де-
генмен қайсысы болса да массаж бөксе, сан, балтыр бұлшық етте-
ріне жасалады. Белдің екі жағына алма кезек сипайды, қолдың 
қырымен ысқылайды. Бүйрек тұсын дірілдетуге, соққылауға бол-
майды. Басқа жерлерге қоң еттерге қолданылатын тәсілдердің бә-
рін жасайды.


Массаж жасағанда қозғалыс шаптағы без түйіндеріне қарай 
бағытталады. Егер массаж жасап жатқан кезде белдің тұсы шан-
шып кетсе, массажды бірден доғарады. Массаж 10-120 күн 15-20 
минут жасалады.
Остеохондроздан құлан-таза жазылу үшін комплексті ем-
дейді. Оған массаж, емдік гимнастика, инемен емдеу жатады. 
Ең негізгі мақсат – массаж омыртқа жотасын қысып ұстап тұ-
ратын бұлшық еттерінің тонусын сақтап, омыртқалардың тайып 
кетпей, орнында нағыз тұруын қамтамасыз етеді.
Негізінде арқаның ұзын бұлшық етіне жасалады. Омыртқаның 
мойын кеуде тұсына массаж жасағанда, қолға, кейде тіпті басқа да 
массаж жасауға тура келеді. Ал бел омыртқалар ауырса, аяқтың 
алдыңғы артқы жағын сылап-сипап толық массаждайды. 


97


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет