Сүйек сынғанда жасайтын массаж. Сынықтар ашық және
жабық болып екіге бөлінеді. Ашық сынықта сүйек зақымдалып,
бұлшық ет жарылып, қан тамырлары бүлініп, зақымдалған жерден
қан ағып сүйек, сынықтары көрініп жатады. Ал жабық түрінде тері
жарылмай сүйектің сынықтары көрінбейді. Қандай түрі болсада
сүйек сынған кезде адамға бірден білінеді. Ол жер жаңға батып ауы-
рады, көгеріп ісіп кетеді, қозғалуға мүмкіндік болмай, сиқы бұзылып
бұрынғыдан қысқарып қалады. Сынған сүйектің бітуі адамның
жасына, сынықтың түріне байланысты. Егер сынған жерде сынық
мүйізшесі пайда болса, тек сонда ғана ол жер бітіп кетеді деп айтуға
бюолады. Жас адамға қарағанда қариялардың сүйегі жай, ұзағырақ
83
бітеді. Жабық сынықтың ең қажетті емі – емдік гимнастика мен
массаж. Ал ашық сыныққа оларды қол дануға болмайды. Өйткені
сынған жер қабынып ісіп, іріңдеп кететін кездер болады. Сондай
кезде массаж жасаса ірің барлық жерге жайылып кетуі ықтимал.
Сондықтан сүйек жетілгенше тиіспейді. Ал жабық сыныққа екінші-
үшінші күннен бастап массаж жасай береді, егер гипстеп тастаса
массаждың дірілдету тәсілін қолданады. Көбінесе рефлексторлы-
сегменторлық мас саж жасайды. Мәселен, қол сынғанда жұлыннан
шыққан жүйке талшықтарына әсер етеді. Ол үшін мойын және арқа
омыртқа ларының екі жағынан 2, 5 см алшақты вибрациялық мас-
саж жасайды. Тек айтылған арақашықтықты сақтау керек. Өйткені
сол аралықты дұрыс ұстамаса жұлынға зақым келіп, пайданың
орнына жапа шегуі мүмкін. Ал аяқ сынса арқа омыртқаларының
төменгі бөліктерімен бел омыртқаларының тұсын массаждайды.
Ауырғаны бәсеңдеп, ауру тәуірленген кезде массажды табаннан
жоғары әкетеді. Екінші аптаға ауысқанда гипсті төртбұрыштап
кесіп, сынған жерге тікелей массаж жасайды. Әйнек тәрізді тесіп
алған жерге аппараттың басын қойып ұзыннан және көлденең,
бірнеше рет дірілдетіп шығады. Мұның өзі сүйек мүйізшесінің тек
қалыптасуына ықпал етеді. Егер тоқпан жілік не ортан жілік сынса
вибрациялық массаждың ең пайдалы түрі тек сынған аяқ қана емес
сау аяқ қолды массаждайды. Оның өзі рефлексторлы түрде сынған
жерге үлкен әсер етеді.
Сол сияқты ауру адам ой арқылы сынған жермен күніне
бірнеше рет жаттығулар жасау керек. Адам ағзасы біртұтас екенін
білеміз, бір-бірімен тығыз байланысты және барлығы жоғары
реттеуші орталыққа бағынады.
Сондықтан науқас күні бойы бірнеше рет әртүрлі жатты-
ғуларды ойлап, дәл сол сынған жерге пайдаланса тезірек
жазылуға, сынықтың жылдам бітуіне мүмкіндік туады. Мұнда
жоғары жүйке жүйесі өзінен шыққан тітіркендіруші импульсті
жарақаттанған жерге жіберіп, оның кейін семіп қалмауын
қамтамасыз етеді. Келіп түскен импульстердің әсерінен қан-
лимфа айналымы жақсарып, зат алмасуы өседі.
Осындай ой арқылы орындалатын жаттығуларға дұрыс, терең
дем алуды қатарластыра өткізсе адамға әжептәуір көмек болады.
Аяқ сынған кезде тізенің үстін әйнек тәрізді кесіп массаж жасау және
84
және тізе тобығын әрлі-берлі қозғап жаттығу өте пайдалы. Сынған
аяқты қалпына келтіру үшін ауруды бірнеше ай жатқызып, аппарат
арқылы созуға тура келеді. Сол кезде 2-3 күннен кейін емдік гим-
настиканы сау аяғына жасайды. Мүмкін болса жараланған аяқтың
сынықтан жоғары бөлігіне массаж, емдік гимнастика қолданған
абзал. Аяқ бұлшық еттерінің қарысып қалғанын босаңсыту үшін
күніне 2-3 рет 3-5 минуттан вибромассаж беріледі.
Қолмен жасалатын массаждың сипау, ысқылау және жұмсарту
сияқты жеңіл түрлерін қолданады. Массаж біртіндеп басталып,
еппен үдетіліп 15-20 минутқа жеткізіледі. Гипсті немесе созу ап-
паратын алған соң сынған жерден, жоғары қарай массаж жасала-
ды. Оның өзі жарақаттанған жердің ісігін қайтарады. Ал сынған
жердің еті жетілгенше өте нәзік сипау ғана қолданады, өйткені
жұқа теріге қол қатты тисе, бірден асқынып қызарып қанталап
кетуі мүмкін. Онда сынық жазылған соң тері мен бұлшық етті ем-
деуге тура келеді. Сынған жер өте сезімтал, нәзік болғандықтан
әрбір артық қимыл керісінше әсер етіп, ауруды асқындырады,
кейде тіпті жара пайда болуы мүмкін. Сондықтан гипсті алған
жерге мұқият тазалық және ептілік қажет.
Кейде сыртқы еті жетілмеген сүйектің бітуі көпке созы-
лып кетеді. Мұндай жағдайда массаж екпінді түрде жасалады.
Сипаудың бірнеше түрін, соғу, қағу, шапқылау, ұрғылау тәсіл-
дерін тек қолмен емес кішкене ағаш балғамен орындауға болады.
Табиғаттың заңы өте қызық, кейбір кезде сынық сүйек арасын-
дағы мүйізше артығымен жетіліп кетеді. Ондай жағдайда массаж
жасауға мүлде болмайды.
Кейбір оқымыстылар гипсті кеспей, үстінен массаж жасау-
ды ұсынады. Вибромассаж сынықтың тұсынан гипстің үстінен
орындалса, сүйек мүйізшесінің тез жетілуіне ықпал жасайды.
Тіпті ауру адамның өзі де күніне бірнеше рет саусақтарымен
ақырын соққылап қойса өте пайдалы.
Есте сақтайтын бір жай – егер сынған жердің айналасы қыза-
рып талаурап қабынып тұрса массаж жасалмайды. Тек соның
бәрі қайтқанда ғана массаж басталады.
Ашық сынықтар, әсіресе, сүйек мүйізшесі жай қалыптасса
сау аяқты мейілінше қарқынды түрде массаждайды. Массаждың
әсерін арттыру үшін, емдік гимнастикамен жылу процедураларын
85
бірге қолданады. Сонда сынық жалдам жетіліп, қол-аяқ қалпына
келеді. Емдеу мерзімі 30-40 күнге созылады.
Егер бұлшық ет семіп не буын қозғалмай сіресіп қалса, ем-
деу әдісін қайталайды. Онда екі жұма тынығып, массажды дене
тәрбиесі және емдік гимнастикамен үйлестіре жасайды.
Массаж жасағанда бөлменің температурасы 18-20 градустан
төмен болмаса, жалаңаш денедегі қан айналымы бұзылмайды.
Тек сынған жерді ғана емдемей, бүкіл денені емдеу керек
екені белгілі. Сондықтан адам денесінің қандай бөлігіне массаж
жасалса да, оны жасаған адамның қолы жылы, жұмсақ, жағымды
болу керек. Еш уақытта терлеген алақанмен ауруды сипауға бол-
майды. Терден құтылу үшін алақанды 1 пайыздық формалин ері-
тіндісімен немесе спиртпен сүртеді.
Массаж жасағанда қойылатын талаптар кітаптық арнайы
бөлімінде айтылады. Дегенмен тағы да қайталай айтып, ойды
тұжырымдайтын бір нәрсе – қазіргі кезде арамызда массаж жа-
сайтын адамдар көбейіп кетті. Олар тек берілген бөлмелерде ғана
емес, үй жағдайында да, моншада да, кооператив бірлестіктерінде
де, стадионда да, қысқасы қай жер ыңғайлы болса сол жерде,
айналысып жүр. Әдетте, ондай мамандардың көбейгені көңіл
көншітеді. Бірақ медициналық көмек білімі жоқ адамдардың
массаж жасауы өте қауіпті, адамның анатомиялық құрылысын
түсінбейді. Сондықтан ондай адамдардың массаж жасауы пай-
даның орнына зиян келтіруі мүмкін.
Егер теріде тырналған, сызат алған жер болса, борлы сумен
жуып, ксероформ майын жағып, таңып тастайды.
Аурудың әртүрлі өзіне негізделген массаж тәсілдерін қол да нады.
Массаж – жүрек-тамыр, тыныс алу мүшелері, ас қорыту,
тірек-буын, жүйке жүйесі ауырғанда – барлығында қолданатын
емдеу әдісі. Тек оның пайдалы және жағымсыз, қолдануға бола-
тын және болмайтын жағдайларын анық білу керек.
Классикалық және нүктелі массажды қолдануға болмайтын
жағдай бірдей. Мәселен, әйел жүкті кезінде, жүрек инфарктінің
алғашқы күндері, остеомелит, психикалық науқас, тері ауруының
әр түрі, туберкулез індетінің асқынған түрі, тромбофлебит, атеро-
склероз, қан қысымы көтеріліп III кезеңге жоғарылаған шағында
массаж қолданылмайды.
|