Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет31/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63
Бетке массаж жасау. Беттің терісі өте жұқа нәзік келеді. Онда 
тері және май бездері жиі орналасқан. Тері астындағы шелді 
қабат борпылдақ, жылжымалы, тек иектің асты ғана қатқылдау. 
Шелді қабатта қан тамырлары мен жүйке жүйелері, бұлшық ет 
талшықтары кездеседі. 
Мимикалық бұлшық еттер көздің, мұрынның, ауыздың, 
құлақтың айналасына орналасқан. Осы бұлшық еттер қайғыру, 
қуану, күлу, ренжу сияқты құбылыстарды бет арқылы білдіреді. 
Ал тамақ шайнауға қатысатын бұлшық еттер жақ сүйектерінің 
қимыл қозғалысын іске асырады. 
Бетке келетін қан тамырлары күре тамырдан, көз тамырлары-
нан өз бастамасын алады. Көк тамырлар беттен жиналып, бастың 
үлкен веналарын құрайды. 
Лимфа тамырлары беттің ортасынан шетке қарай бағытта-
лады. Мұндайда олар шаштың үстіне қатарласа орналасады 
да, самайға келгенде төмен – құлаққа жақтың бұрышына қарай 
құл дилайды. Мұрын, көз, беттің жоғарғы жағындағы тамырлар 
да осы бағытта ағады. Ерін айналасындағы беттің төменгі жа-
ғындағы жақ сүйегінен асып иектің астына ығысады. Содан ба-
рып барлығы төс тамырларына қосылады. 


62
Беттегі жүйке талшықтары (ішкі және бет жүйкелерінен) бет-
тегі бұлшық еттердің қимыл қозғалысына әсер етеді. 
Бетке массаж жасау косметикалық тәжірибеде жиі қол даны-
лады және бет жүйкелері зақымдағанда жасалады. Әрқай сы-
сында массаждың методикасы әртүрлі. Дегенмен бәріне ортақ бір 
есеп, ортақ тәсілдер бар. Соларға тоқтала кетейік.
Массаж жасағанда беттегі жүйке талшықтарына, бұлшық 
еттерге және өзіне үлкен әсер етеді. Белгілі тәсілдермен сипау, 
ысқылау, жұмсарту, дірілдету, бәрі қолданылады. Беттің терісі 
массаждау оның бұлшық етін массаждау деген сөз. Оларды же-
келеп алу мүмкін емес. Тіпті бұлшық етті өзінің бір-бірінен айы-
рып жасауға болмайды. Тек маңдайдағы, жақ, квадрат бөлшек 
еттерінен арнайы массаж жасауға болады. 
Бетке массаж жасаудың түрлі схемасы бар. Әр дәуірдің өзінің 
өзгешілігі сияқты бет массажына да айырмашылық кездеседі. 
1953 жылы В.К. Кремаренко өз тәсілін қолдануды ұсынса, 1866 
жылдың өзінде А.И. Паспелов массаж жолдарын ұсынады. 
Массаж екі қолдың 2, 5 саусақтармен, әйтпесе 3, 4 саусақтар-
мен орындалады. Бас бармақ үнемі тірек ретінде жүріп отыра-
ды. Маңдай, самай, терілерін аталған саусақтармен немесе екі 
алақанмен ортасын басқан екі шекеге қарай бағыттайды. Самайға 
келгенде шиыршық жасайды. Одан соң маңдайды қабақтың 
үстінен бастап, шаштың үстіне қарай сипайды (екі алақанмен 
алма-кезек). Бетте әжім болса оны қолдануға болмайды. Сипап 
болған соң тағы сол бағыттармен ақырын ысқылайды. Онда түзу 
сызықпен иректей спираль тектес қимылдар жасайды. Жұмсарту 
тәсілі екі саусақпен басу немесе арасында теріні қысу арқылы 
орындалады. Сол сияқты дірілдету үздіксіз қарқынмен немесе 
пунктирлі сызықша салумен атқарылады. 
Көздің айналасындағы бұлшық еттер, теріні сипау үшін адам 
көзін жұмып отырады. Көздің үстін екі саусақпен іш жағынан 
самайға қарай, ал астын керісінше мұрынға қарай сипайды. Мұн-
да қастың үстінен екінші саусақ, ал астынан үшінші саусақ жү-
реді. Қабақта өте нәзік, теріні жиырмай байыппен, асықпай си-
пайды. Иекті қаттырақ шыр айнала артынан сипап ысқылайды. 
Үстіңгі ерінді массаж жасағанда үшінші, төртінші саусақ тар-
мен езуден бастап мұрын желбезегіне дейін, одан мұрын ұшына 


63
жеткізе сипайды. Мұрын үстінің ұшынан бастап, екі қастың орта-
сына дейін сипап, артынан ысқылайды. Самайдың тұсына сау сақ-
тың ұшымен, бірнеше рет дірілдетіп массажды бір толастатады. 
Бетті тұтас сипағанда алақанмен иекті қамти ұстайды. Мұнда 
бас бармақтар екі қолдың иектің астында, ал басқалары мұрынды 
жауып тұрады. Осы қалыппен екі қол жаққа құлақтың түбіне 
қарай қозғалады. 
Екінші, бесінші саусақтардың сыртымен астыңғы жақ сүйе гі-
нен бастап мұрынға дейін ысқылайды. 
Жұмсарту тәсілін бірінші, екінші саусақтармен ақырын, жеңіл 
үстіртін ғана бет терісін қысу арқылы нығарлап басу арқылы 
өткізеді. Қара өріктің етінен сүйегін қысып шығарғандай қимыл 
жасайды. Тек бет терісін шымшуға болмайды. Ол өте нәзік
көгеріп қалуы мүмкін. 
Құлаққа да массаж жасайды. Алдымен, сырғалықты, одан 
соң шеміршекті екі саусақтың ұшымен сипап шығады. Жұмсарту 
үшін оны үздік-үздік саусақтардың арасында батырыңқырап ба-
сады, қысады.
Әр тәсілді 3-4 рет қайталайды, арасында сипап отырады. 
Бетке массаж жасау үлкен шеберлікті, мұқият зеректікті қа-
жет етеді. Дұрыс жасалмаған массаж теріні бей-берекет созып, 
әжімді созады. Жасы ұлғайған адамдардың терісі тіпті нәзік бола-
ды, өйткені оларда судың, басқа пайдалы заттардың мөлшері аз, 
сондықтан құрап тұрған жапырақ сияқты бір артық қимыл жаса-
са, әжім түсіп, кейбір жері салбырап, созылып қалады. Осындай 
өкінішке ұрынбас үшін терінің қандай екенін, анықтап алу керек. 
Майлы ма, әлде құрғақ па тек осыдан соң массажды қолданады. 
Бет терісіне жағатын майларды да айыра білу керек. Бетті дұрыс 
күту үшін өз бетінше массаж жасағанда міндетті түрде косме-
толог-маманмен кеңесу керек. Ал егер бет терісінде ауру болса 
онда дерматологқа, жүйке талшықтары мен ұштары қабынса
невропатологқа, қаралады. Қалайда, өз бетінше ем бастау қате. 
Тек мамандардың кеңесінен кейін бет терісіне массаж жасауға 
кірісуге болады.
Бетті массаждау мойынмен қатар жүреді. Тек алдымен теріні 
мұқият тазалап алады. Ол үшін сабынды сумен жақсылап жуады не-
месе спирттің ерітіндісімен, сондай-ақ лосьонмен сүртіп тазалайды. 


64
Бет терісі суыққа ұрынып әртүрлі бөрткендер, безеулер шықса 
оны кетіру үшін ыстық компреспен жылытады. Тіпті болмаса 
булайды. Ол үшін 5-10 минут 45-50 градус ыстық будың үстіне 
бетін тосып отырады. Әртүрлі шөптерді, картопты қайнатып, 
соның буына ұстаған да қолайлы. 
Бет терісін түршіктірмес үшін алғашқы күндері аз ғана уақыт, 
өте нәзік массаж жасайды. Тері қатпарланбай, жиырылмай жазық 
қал пында, қалуы керек. Әсіресе ақшыл тері жұқа келеді, сон дық тан 
оған массаж жасағанда абай болып, тек жеңіл түрін ғана қолданады. 
Массаж үстінде екі қол бірдей қимылдауы керек. Олардың 
күші, жылдамдығы, қуаты бірдей болмаса, массаж жөндеп қа-
былданбайды. Терісі жақсы жастар бетке массажды екі рет, ал 
егде тартқан әжім басқан бетке аптасына 1 рет алса жеткілікті. 
Ең алғашқы массаж 5-6 минут болады, келесі күні 10-12 
минутқа созылады. Массаж тиімді болуы үшін, мимикалық 
бұлшық етке арнайы жаттығулар жасайды. Екеуі қосылып бірге 
өткізілсе, пайдасы да мол болады. 
Жоғарыда сөз болып отырған массаж көбінде, косметикалық 
тұрғыдан және тері ауруларында қолданылады. 
Егер бет не беттегі жүйке талшықтары зақымданса онда оған 
өте жоғары сақтық керек. Массаждың алдында бетті тазаламай-
ды, еш нәрсемен майламайды, ал булау туралы мүлде сөз болмай-
ды. Оның өзінің емдеу тәсілдері бар (инемен, балшықпен, дәрі-
дәрмекпен, нүктелі массажбен).
Массажды қандай мақсатпен жасағанда да, оның бұлшық 
еттерін толық, босаңсыту алғы шарты болып табылады. Онсыз 
масаждың да құны жоқ. Бетке массаж жасау әркімнің қо лы нан 
келе бермейді. Оған медициналық білім, шыдамдылық, мас саж-
дың методикасын жете білу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет