Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет32/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
Мойынға массаж жасау. Мойынның терісі алдыңғы жағы 
өте нәзік, жұқа, ал желке жағы қалың болып келеді. Екі қапталын-
да тері және тері астындағы шелді қабат бұлшық етпен бірге бітіп 
кеткен. Әсіресе, екі жақтан белдеуленіп шығып тұрған, білік 
сияқты, қиғаштай тартылған, бұғана – төс – емізікше бұлшық 
еттің үстін мойын еті жауып жатыр.
Мойында ірі қан тамырлары және лимфа түйіндері мейлінше 
көп орналасқан. 


65
Массаж жасағанда тек мойынның терісі емес, көмей, көмейге 
екі қырына қатысты тамырлар мен жүйкелер, бұлшық еттер – 
бәрі қамтылады. Мойынның жұмсақ етін массаждау үшін, ауру 
адам басын артқа жіберіп орындыққа отырады. Массаж жасаушы 
алдына не жанына орналасады.
Массажды алдымен мойынның екі қырына, содан соң алдына 
не желкесіне жасауға кіріседі. 
Кейбір ғалымдар массажды мойынға бір қолмен жасау керек 
деген қағидаға жүгінеді, өйткені екі қолмен екпінді қимыл жа-
са ғанда әлсіз адамдардың басы айналып, көзі қарауытып кетеді.
Көп зерттеушілер, керісінше, массажды екі қолмен жасаудың 
ауру адамға тигізер пайдасы әлдеқайда зор. Мойынның екі жа-
ғына қойып, шаштың түбінен төмен қарай қалқанша безге, төс 
ойығына дейін сипап өтеді. Бұл кезде саусақ құлақтың түбінде, 
басқалары жақтың бұрышында, ал бас бармақ қарама-қарсы жа-
ғына орналасады да жоғарыда айтқан қимылды жасайды.
Екі қолмен бірдей массаж жасағанда бастапқыда бас бармақ-
тар бір-бірімен түйіседі, ал төс ойығына жеткенде сұқ саусақтар 
өз ара кездеседі. Егер мойын терісі, салбырап тұрса, онда мас-
сажды төс ойығынан бастап жоғары қарай құлақтың түбіне дейін 
әкеледі. Алдымен осы жолмен сипап өтеді, кейін бұғана-төс-емі-
зікше бұлшық етін екі саусақпен қысып жұмсартады. Мойын бұл-
шық етіне ысқылау, жұмсарту тәсілдерін қолданғанда арасында 
сипап отырады.
Мойынның екі қапталын, желке жағын массаждағанда, мас-
саж жасаушы аурудың артына орналасады. Саусақтардың қимыл-
қоз ғалысы жеңіл, жоғарыдан төмен қарай жылдам ырғақпен 
орын далады.
1-2 саусақтардың ұшымен 3-5 минут жақтың бұрышынан иек-
тің астына дейін жылдам-жылдам сипау арқылы баспа ауруы ның 
алдын алуға болады.
Мойынға массаж жасағанда адам еркін дем алу керек. Мас-
саж жасаушы төс ойығына қолын батырмай, жүйке талшықтарын 
түршіктірмей өте нәзік орындау керек. Олай болмаса адамның 
жүрегі айнып, лоқсып, құсып жіберуі ықтимал. Оқытса тілдің ас-
тындағы сүйекке басып қалса, адам қатты жөтеледі. Сондықтан 
оны абайлаған жөн. 


66
Қиғаш жатқан бұғана-төс-емізікше бұлшық етін босаңсыту 
үшін басты бір жағына бұрса болғаны. 
Мойынға жасайтын массаж емдік гимнастикамен бірге жүрсе 
(басты алға-артқа иіп, оңға-солға бұрып, шыр айналдырып, т.б.) 
тіпті жақсы болады. Жаттығулар жинағын массажға дейін де, 
кейін де өткізе береді. Әр қимылды тек екі рет орындайды, одан 
асып кетсе бас айналуы мүмкін. Ал остеохондрозда одан бас қа 
да жағымсыз әрекеттер де кездесіп қалады. Ми қан тамырла ры 
склероз болып зақымданса, мойын қозғалысын аяқ-қол жатты ғу-
лармен бірге өткізген өте пайдалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет