Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет34/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
Құрсаққа массаж жасау. Құрсақтың жоғары жағында шап-
тың сіңірлері, қасаға, сүйек және мықын сүйектерінің қыры бол-
са, екі қапталда – қолтық астынан келетін сызықтармен шектесіп 
жатады. 
Құрсақ бұлшық еті алдыңғы және қапталын, сондай-ақ ішкі 
қабырғасымен құрастыратын еттерден тұрады
Іштің қабырғасы құрсақ ортасынан, ішкі кеуде артериясынан, 
мықынның үлкен күре тамырлрынан өзіне қажет қанды, қо рек тік 
заттарды алады. Кейін қайтадан қан вена арқылы жүрек құ лақ-
шасына құйылады.
Лимфа тамырлары құрсақтың жоғарғы жағынан қолтық ас ты-
на, ал төменгі жағынан шаптағы лимфа түйіндеріне келіп құйы-
лады.
Құрсақтың массажы үшке бөлінеді: біріншісі – оның тек бұл-
шық еттеріне әсер ету; екіншісі – құрсақ ішіндегі ағзаларға әсер 
ету; үшіншісі – жүйке талшықтарына әсер ету;
Ішке (құрсақ бұлшық еті) массаж жасағанда адамды басын 
сәл биіктеу етіп, тізесін бүгіп, шалқасынан жатқызады. Іш бұл-
шық еттерін толық босаңсыту үшін тізенің астына жастық не 
білік салады. Массаж жасаушы оң қырынан отырып, алдымен 
үш саусақпен, содан кейін төрт саусақпен кіндіктің айналасын 
бірнеше рет үстіртін сипап шығады. Төрт саусақпен сипағанда 
бас бармақ тіреп тұрады. Содан соң алақанмен бүкіл іштің етін 
сипайды. Қарында жиналған май көп болса, онда массаждың 


68
басқа түрлерін қолданады (ысқылау, сүргілеу, егелеу, штрихтау 
т.б.).
Жұмсарту іштің бұлшық еттерін қысып ұстап тік және көл-
денең қарай жүргізу арқылы орындалады. Осы бағытта созғылау, 
қысу, орнынан жылжыту, жұмарлау, дірілдету және шапалақтау 
қолданылады.
Мұның бәрі құрсақ бұлшық еттерін қатайту үшін ғана емес, 
сол сияқты асқазанның секреторлық және жиырушылық қасиетін 
қалпына келтіру, ішектің түйірілуін болдырмау және ауырғанын 
бәсеңдету үшін қолданылады. 
Массаждың басы сипаумен басталып, аяғы да сипаумен бітеді. 
Алақанмен оңнан солға қарай кіндіктің айналасын да сипайды.
Созылмалы гастрит кезінде асқазан тұсына, сегментарлық – 
рефлексогендік аймаққа, аталған бұлшық еттерге массаж жасай-
ды. Онда сипауды, ысқылауды, штрихтау, босаңсыту, қажет болса 
дірілдету тәсілдерін қолданады.
Массаж 10-15 минут күнара жасалады. Аурудың жағдайына 
қарай 10-15 күн емдейді. 
Қарынға май көп жиналғанда (семіріп кеткенде, құрсаққа 
мас саж жасау үшін аяқты созып жібереді). Алдымен ортаңғы 
сы зықтан бастап қолтық астына және шапқа дейін сипайды. 
Одан соң қолды батырып тоқ ішек бағытымен жүргізеді, қолдың 
қырымен ысқылайды, сол кезде қарынның майы екі қолдың ара-
сында «езгілейді». 
Мұнда қимыл жоғары-төмен, оңға-солға ... әртүрлі бағытта 
жасалады. Әсіресе, қарын салбырап кеткенде оны екі қолмен қы-
сып жұмсартудың, илеудің жұмырлаудың пайдасы өте зор. Кө-
бінде емдік массаж жаттығулармен бірге қолданады. Сонда бұл-
шық ет тартылып, майы азайып, қарын қалпына келеді.
Құрсаққа массаж жасау тек асқазан емес, тоқ ішек қабынған-
да, бауыр мен өт жолы ауырғанда кеңінен қолданылады. Мәсе-
лен, тоқ ішек қабынғанда іш бұрап ауырады, тәбет төмендеп, 
бойды әлсіздік билеп кетеді. Кейде іш қатып қалады. Сол кезде 
массаж сегментарлық-рефлексогендік аймаққа және тоқ ішектің 
бағытымен жасалады. Жеңіл ғана сипап басталып, біртіндеп 
терең батырылып, сағат тілінің бағытымен лимфа түйіндеріне 
қарай жүргізіледі. Мұнан соң штрихтау, ысқылау, қолды батырып 


69
итеру сияқты тәсілдерді пайдаланады. Оған дірілдету, пунктир-
леу, шапақтау, қағу қосылады. Массаждың ұзақтығы 12-16 минут. 
Жағдай көтерсе күнде әйтпесе күнара 10-12 процедура өткізеді. 
Массаж адам тамақтанған соң 30 минуттан кейін, кейде 1, 5 – 
2 сағаттан соң ғана қолданылады. Сол сияқты массаж жасарда 
қуықты босату керек.
Массаж методикасы, тәсілі науқастың жағдайына байланысты. 
Сондықтан массаж тек бұлшық еттерге немесе ішкі ағзаларға не 
жүйке жүйесіне жеке жеке берілуі мүмкін. Ал негізінде барлығы 
бірақ қамтылуы жиі кездеседі. 
Массаж жасаған кезде құрсақ бұлшық еті толық босаңсыту 
керек, науқас адам басын көтермеу керек, өйткені бұлшық ет тар-
тылып кетеді. Ал массаж жасаушының қолы жылы болуы керек, 
салқын қол бұлшық етті жиырады, тітіркендіреді. 
Бұлшық етті сол талшықтарының бойымен, ал ішкі ағзаларды 
массаждау олардың құрылысына, анатомиялық орналасуына бай-
ланысты. Массаж қимылы бұлшық етке үстіртін, жылдам, ал ішкі 
органдарға байыппен, асықпай тереңірек жүргізіледі. 
Ішкі ағзаларға, қарынның майын азайту мақсатында жасалған 
массажда теріні еш нәрсемен майламайды. 
Осы асқазан ішек ауруларына қоса науқаста кейде жүрек та-
мыр аурулары да кездесіп қалады. Онда жауырынның арасын, 
жүрек тұсын абайлап массаждайды. 
Бауыр мен өт жолы зақымданғанда массажды қан айнала-
сын жақсарту, бұлшық еттерді босаңсыту, ауырғанын басу, өттің 
жү рісін реттеу мақсатымен жасайды. Оны тек ауру асқынбаған 
кезде, температурасы қалыпты болғанда қолданады. Мұнда да 
құрсақ етін толық сипап шығады, одан соң оң жақ қабырға доға-
сының астын сипалайды, көкірек тұсын арт жағынан және ал-
дыңғы жағынан сипайды. Одан кейін бауыр тұсын ысқылайды, 
саусақтың ұшымен бауырдың шетін ала қабырға астынан дөңге-
лек жасап үздіксіз дірілдетеді. Массаж да әдеттегіндей құрсақ 
және кеудені сипаумен аяқталады. Алғашында 8-10 минут, кейін 
15-20 минутқа дейін созады. 
Ішке массаж жасау басқа жерге қарағанда, өте күрделі, науқас 
үшін ол қиын, соның салдарынан тез шаршап қалады. Сондықтан 
массаждың аяғына дейін 2-3 минут бір-екі рет үзіліс жасайды. 


70
Массаж біткен соң 20-30 минут тынығу керек. 
Ішкі ағзалардың жұмысын реттеуге, рұқсат бұлшық етін қа-
тайтуға массаждың емдік гимнастикамен, дене шынықтырумен 
бірге тағайындалғаны дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет