Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


-ТАРАУ  Моншадағы массаж



Pdf көрінісі
бет61/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
12-ТАРАУ 
Моншадағы массаж
Жоғарыда массаждың әртүріне қысқаша тоқтап өттік. Көп-
шілік қауым пайдалана білсін деген ниетпен медициналық тұр-
ғыдан тәптіштеп талдамай, кейбір тәсілдерін қарапайым түрде 
түсіндірдік. Массаж туралы әңгіме еткенде моншаның пайдасы 
мен онда жасалатын массаж жөнінде сөз қозғамау мүлде қате 
болар еді. Біріншіден қазіргі заманда монша ауылда да, қалада 
да бар. Гигиеналық тазалық сақталатын орын. Екінші ден мон-
шаның адам ағзасына тигізетін пайдасы ұлан-ғайыр. Енді біраз 
соған тоқталайық. 
Моншаның пайдасын біздің ата-бабамыз сонау заманнан бері 
дәлелдеп берген. Мұның өзі денеге жасалған массаж іспетті әсер 
етеді.
Моншалар шыққанда адам бойы сергіп, күш-жігерге толып, 
көңілі көтеріліп рахатқа батады. Моншаның қандай әсері, қандай 
механизмі бар деген сұрақ туады. Монша – ыстығы бірден теріге 
әсер етіп, ондағы сыртқы түтікшелерді ашады. Ал монша осы құ-
былысты терінің жаңа өскелең клеткаларының тез өндірілуіне 
ықпал жасайды. Ыстық моншада микробтар көпке шыдамй, 
бірден жойылады. Тіпті көп адам топырлап кірсе де осындай 
тазалық сақталады. Сондай-ақ адам үстіндегі микробтар ыстық 
суға шыдамай қырылып қалады.
Ерте пайда болған әжім кімді болса да (әсіресе әйелдер 
қауымын) қынжылтады.
Мұның басты себебі терідегі май бездерінің тығындалып 
қалуы нан. Теріні де бұлшық ет сияқты шынықтыру керек. 


116
Монша ыстығы денеде болатын көптеген физиологиялық 
реакцияларды үдетеді. Ең алдымен қан тамырлары кеңіп, ар-
насынан аққан қан ұлғайып кетеді. Тері қатты қызады, осының 
әсерінен бүйректің қызметі жақсарып су мен тұз алмасу өседі. 
Моншадан кейін адам еркін демалады. Ол тек қан айналуы мен 
терінің тазаруынан емес, ыстық ылғалды ауа кеңсірік, кеңірдек, 
мұрын қуысының іші, өкпенің зат алмасуын жақсартады. 
Монша шаршағанды басады. Физиологтардың айтуынша, тер-
мен бірге адам бойындағы бұлшық етке жиналған сүт қыш қылы 
сыртқа шыққанда адам жеңілдеп қалады. Адам ыстыққа кірген 
соң бойы балқып рахатқа бөлінеді, мұндай жағдайда денеде зат 
алмасуын арттырып, реакцияларға жол ашады. Артық салмақтан 
арылудың ең тура жолы – монша. Өйткені артық салмақ гиперто-
ния ауруларына әкеп соғады. 
Фин тұрғындарының айтуы бойынша, моншаға кез келген 
адамның келуіне болады. Әсіресе емдік гимнастиканы физио-те-
рапия мамандарынан кеңес алу керек. 
Ал грипп, баспа ауруларымен ауырғанда, қан қысымы көте-
рілгенде шиқан шыққанда, қуық қабынғанда, аяқ-қол жарақаттан-
ғанда моншаға бармаған дұрыс. 
Енді моншаға қалай түсу керектігін сөз етейік. Ең алдымен есте 
сақтайтын бір жай тамақ алып баруға болмайды. Өйткені бірден 
жүрекке түскен салмақ сезіледі. Сондай-ақ мүлде ашқарынға 
баруға да болмайды. Сондықтан жеңіл-желпі тамақтанып бар ған 
жөн. Мысалы, финдер моншаның алдында жеміс-жидек, көкөніс-
термен тамақтанады.
Ал арақ-шарап туралы тіпті сөздің керегі жоқ. Денеге өте 
қатты әсер ететін осындай ыстыққа бір тамшы ішімдіктің өзі 
адамның берекесін кетіреді. Осыған орай моншадан кейін ең 
тиімдісі шай немесе минаралды су, шырындар ішу. 
Моншаға алғаш келген адам бұрынғы сыралғы адамдарға 
еремін деп құлап қалуы мүмкін. Сондықтан денені біртіндеп 
үйрету керек. Алдымен сөрелердің төменгісіне одан соң 
ортаңғысына кейін ең жоғарғысына көтеріледі. 
Буға кірмес бұрын денеге жұмсақ тиетін сыпыртқы дайын-
дап алады. Оны бірден ыстық суға салмай, алдымен жылы, 
содан кейін ыстық суға батырады. Онда оның таңғажайып


117
жұпар иісі мұрынды алып, жапырақтары жайылып денеге өте 
нәзік тиеді.
Осылай сыпыртқыны дайындап, енді денені ыстық буға үй-
рету керек. Олда маңызды іс. Әсіресе қыста даланың суығы нан 
тоңып келіп бірден ыстық буға кіріп кетсе пайдасы шамалы. Ол 
үшін тонып кеоген аяқты жылы суға малып, 10-15 минут оты-
рады. Кейін душтың астында жақсылап жуынады. Сонда тері 
түтікшелері ашылады. 
Дене балқып, ыстыққа әбден үйренген соң, жібітіліп қойған 
сыпыртқыны алып сөреге көтеріледі. Ал сыпыртқы бұқтырылған 
суды төкпей, шашты жуса жібектей құлпырып кетеді. Әсіресе 
қайың жапырағына шыққан бояулы су, нәр сияқты теріге, шашқа 
өте пайдалы. 
Моншаға қалың бірезент қолғапты да ала барған дұрыс. Сы-
пыртқымен денені ысқылағанда қолға киіп алса, ыстыққа төзімді 
болады, күймейді. Қолғаппен денедегі терді сүртіп отыруға да 
болады.
Тек сүртінген қолғапты тазалығын сақтап, булы жерден шық-
қан сайын жуып тастайды. 
Осынша тәптіштеп жазып отырған моншаның маңызы, қолға 
ұстаған сыпыртқымен жасалатын массаж туралы болмақ. Білетін 
адамдардың сыпыртқы арқылы жасайтын массаж түрлері өте 
жеңіл, ықшамды және тез орындалады.
Енді осы массажға қысқаша тоқталайық. Буға екі кісі болып 
кіріп, кезекпен бір-бірден массаж жасаған ыңғайлы. 
Алдымен етпеттеп жатқызып, сыпыртқымен өкшеден бастап 
сан, бөксе, арқаны сипай отырып басқа дейін жеткізеді. Осы 
бағытпен керісінше желкеден өкшеге дейін сыпыра сипайды. 
Одан соң оң жақ және сол жақ қапталмен сыпыртқы өте жеңіл 
жылжиды. Кейін қайтадан артқа, бөксе, санды аяқтың сом еттерін 
қамти отыра өкшеге әкеледі.
Енді сыпыртқын жоғары көтеріп қыздырып алып, жылдам 
иықтың үстіне, белге, бөксеге нықтап басады. Одан соң тағы си-
пай шығады да, шыққан терді сүртеді. 
Келесі әдіс – қайың желпуіш сияқты жазып жіберіп жоғарыдан 
төмен, төменнен жоғары денені жеңіл шабындырып шығады. Ол 
тез серпімді үдемелі түрде орындалады. 


118
Осыдан соң сыпытқыны жоғары көтеріп тағы да қыздырады. 
Әбден қызғаннан кейін белге, бөксеге басып екінші сыпырт-
қымен оның үстіне салмақ түсіре, жасыл компресс жасайды. 
Мұндай тәсіл құяң ауруының созылмалы түрінде қоң еттерге 
суық өткенде өте тиімді. Оны сыпыртқының екі жағымен бірдей 
алма-кезек жасайды. 
Келесі тәсіл ысқылау – кәдімгі жөкемен терін ысқылағандай, 
сыпыртқыны екі қолмен ұстап алып жоғары төмен денеге батыра 
ысқылайды. 
Енді шалқадан жатып осы әдістің бәрін қайталайды. Тек 
жүрек тұсын салқын суға батырылған жөкені салып қояды. 
Қайтадан еттепеттеп жатқызып, енді қаттырақ сабалап өтеді. 
Одан соң екі сыпыртқыны белге салып қойып, екеуін екі жаққа 
жылжытады. 
Бұл бел остеохандрозына омыртқаны созу сияқты өткізіледі, 
оны 5-6 рет қайталайды. Осыдан кейін алдыңғы бөлмеге шығып 
душ қабылдайды. Бірден суққа шығып кету тек шыныққан адам-
дарға тән. Ал басқаларға болмайды. Дененің ысуы да, салқындауы 
да біртіндеп өтуге тиісті. 
Буға екі-үш рет кіріп 8-10 минуттан болу керек. Оның ара-
сында үзіліс немесе салқын бассейнге түсу өте пайдалы. 
Осының бәрі әр адамның төзімділігіне, шыдамдылығына, 
денсаулығына байланысты. Сондықтан барлық адамға қатаң 
уақыт белгілеу мүмкін емес. Моншадағы барометр – адамның 
өзінің сезімталдығы. Келешекте аздап-аздап отыру керек. Егер 
моншадан соң көңіл көтеріңкі боп, тәбеті ашылып, кеудені күш 
қуат кернесе, онда оның пайдасының артқаны. 
Қолға ұстаған сыпыртқы берекесіз қозғалмауы керек. Оның 
классикалық массаж сияқты арнаулы жүйесі бар. Соны ескере 
отырып үлкен ұқыптылықпен орындалады.
Әлбетте буды сыпыртқыны қанша мақтаса да сусыз мон-
ша болмайды. Будан шыққан соң – душ қабылданады. Жылы, 
салқын, суық суды қабылдаса қан тамырлары үшін таптырмай-
тын гимнастика болады. Дене шынығады, тұмау, суық тию сияқты 
аурулардың беті қайтады.
Бірақ моншаға алғаш келген адамның ыстық будан жүгіріп 
шығып, салқын суға не қарға көміліп кетуі өте қауіпті. 


Сол жерден мүлде тұрмай қалуы да ықтимал. Өйткені қан 
тамырлары шынықпаған адамдар тамыры бірден тартылып, қан 
жүрмей қалады. Сондықтан тек біртіндеп шынықтырылған дене 
ғана суыққа төзімді келеді.
Ауылды жерде ер адамдар моншадан жүгіріп шығып, қарға 
аунағанды жақсы көреді. Шынында да бұл ғаламат жаттығу, 
бірақ қазіргі заманда тап-таза қар табудың өзі қиын болып 
кетті. Сондықтан алдын ала бетін тазалап ұлпа қарды дайындап 
қоймаса, қатты қар денені жыртып жаралап жіберуі мүмкін. Ау-
найтын немесе көміліп кететін ұлпа қар тап-таза, өте көп болуы 
керек. Осындай қардан шыға салып қайтадан моншаның ыстық 
буына кіреді.
Осы айтылғанның бәрі – жаттығулар, массаж, адам денесін 
шынықтыру, адам қалайда осы табиғат тартуларын неғұрлым көп 
пайдаланса, соғұрлым ішетін дәрі-дәрмектен алыстап, дені сау, 
өмірі ұзақ болар еді. Біздер де әрқашан соған тілектеспіз! 


120


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет