Әдебиет: Лосев А.Ф. Диоген Лаэрций – историк античной философии. М, 1981.
Диоген Синоптық(б.з.д. 404 – 323) грек философы, киниктер мектебінің негізін салушы Антисфеннің шәкірті, Д. өз ұстазының ілімін аңғырт реализм бағытында дамытты. Бірақ Д. шығармашылығы бізге Диоген Лаэрттің ықпалымен теріс, өңі айналған күйінде жетті. Соған қарамастан Д. С-тың философиялық ілімі болды деп ұйғаруға дерек бар. Ол өркениет игілігінің бәрін жоққа шығарып адамзат бұрынғы тағылық күйіне оралып аңша тіршілік етуін көкседі. Бүкіл мәдениетті адамзат өміріне зорлық жасайтын күш деп танып,мемлекет атаулыны мойындамады, өзін бүкіл әлемнің азаматымын деп, әйел мен балалардың ортақ болуын насихаттайды. Д-нің моральдық және қоғамдық өмірге немқұрайлы қарауы оны арсыздыққа итермелеп, енжар етті. Ал Македонскийдің маған қандай тілеуіңіз бар деген сұрағына Д.: былай тұр күн сәулесін қалқаламай деп жауап қатады, ондағысы материалды игілікке жиіркенішпен қарауы. Д. құдайға табынуды,дінді адам ойынан шыққан деп санауды мойындамайды, оның мойындайтыны – тақуалық ізгілік. Әдебиет: Философиялык энциклопедиялык сөздік. М, 1983.
ДИСКУРС (лат. dіscurses – сөз, баяндау, әңгімелесу, сөйлесу) – сөйлесу арқылы берілетін ойдың әлеуметтік астарына талдау беретін ұғым-термин. Структуралистер ғылыми айналымға қосқан бұл ұғым-термин философияда, социологияда, семиотикада, мәдениеттануда, когнитивті талдауларда қолданылады. Ұғым-термин арқылы қандай да бір тікелей оқырманға не тыңдаушыға бағытталған концепция (ғылыми, философиялық) белгіленеді. Д. адамдардың сөйлеу арқылы жасаған қарым-қатынасынан кейін ғана мағынасы болады, яғни мағынасы мен белгісін, сөз бен ойдың бірлігін айқындайды.
Дискурсивтілік– (ежелгі латындық – талқылау, пікір алмасу, аргумент, түйін) талқыланған, түсініктілік, логикалық, себеп-салдарлық (сезімдікке, интуитивтілікке, тікелей емеске қарағанда). Әдебиет: Философиялық энциклопедиялык сөздік. М, 1983.
ДИССИДЕНТ (лат. dіssіdens – келіспейтін) – мойындамайтын, басқаша ойлайтын адам. Орта ғасырда католизмге қарсы келгеннің бәрін шіркеу дінінен безген Д. деп танып, қуғынға ұшыратты аяусыз жазалады. Үстем шіркеу уағыздарын орындамайтын христиандарды Д. деп атады.
«ДИУАНИ ХИКМЕТ», «Ақыл кітабы» – мұсылмандық қағидалары өлеңмен жазылған дидактикалық дастан. Бұл еңбек ХІІ ғ-да жазылған, авторы – Қожа Ахмет Иасауи. Түпнұсқасы бізге толық жетпеген. «Д.Х»-тің XV – XVІ ғғ.-да көшірілген бірнеше қолжазбасы сақталған. Олар негізінен Стамбұл, Ташкент, Мәскеу, Алматы қ-ндағы кітапханаларда сақталған. «Д.Х»-тің ең көне нұсқасы араб графикасымен жазылып, сақталған нұсқа болып отыр. Барлық түркі халықтары «Д.Х»-ті түпнұсқадан, аудармай оқи береді. Өйткені ол бәріне ортақ көне түркі тілінде жазылған. «Д.Х»-тің лексикографиялық ерекшелігі оның түркі тілдерінің қыпшақ тобына жақын екенін көрсетеді. «Д.Х»-тің негізгі түйіні: арабша білмейтін оғыз, қыпшақ руларын құрайтын көшпелілерге құран аяттарын ана тілінде түсіндіріп насихаттау, олардың мұсылмандық шарттарын жетік ұғынуына көмектесу болып табылады. (Менің хикметтерім Алладан пәрмән, оқып ұққанға мағынасы бар құран). Осы талаптарға орай ол өз дастанын қыпшақ, оғыздың өлең құрылысына бейімдеп, поэзия тілімен жазды. Хикметтер қазақтың он бір буынды қара өлең ұйқасына тым жақын тұр. Сол себепті бұл жырлар көшпелілерге, оның ішінде қазақ оқушыларының жүрегіне өзінің ақыл, насихаттық мазмұнымен де, құрылысымен де жылы тиіп баурап отырады. Тіпті, түркі елдерінде, әсіресе, қазақ жерінде кең етек алған айтыс үлгісін ақын мейілінше ұтымды пайдаланады. «Д.Х.» бастан-ақ үлгі-өнеге, ақыл-насихат түрінде келеді. Ол мұсылман дінінің негізін құрайтын түйінді мәселе: имандылық арқау ете отырып, бұған сан алуан діни, әдеби, аңыз әңгімелерден тыс, нақты өмірлік деректер де келтіреді. Бұл орайда ол Мұхаммет пайғамбар мен оның төрт шарияларының үлгілі істерін жұртқа паш ете отырып ой тастамақ болады. Ақын мақсатының түйіні: бұл баянсыз өмірден жақсылық, ол дүниедегі бақи ғұмыр үшін ұмтыл, құдайға күндіз-түні құлшылық етіп, Алланың сүйікті құлы болуға талаптан, адамгершілік, имандылықтың жолынан табыл дегенді ұсынады. Қожа Ахмет жұртты жамандық пен зұлымдықтан, озбырлық пен надандықтан сақтандырғанда, өз басынан кешкен қателіктерін, айып-күнәларын аяусыз сынап, сол қателіктерінде сақтандыруды қарастырады, сөйтіп рухани тазару, екенін аңғару мәселесін көтерді. Мұның сара жолы сопылықты айта келіп, оның қиын да күрделі екенін де жасырмайды. Ақын бұл тұста тариқат, шариғат, хақиқат, мағрипат ілімін алға тартып, ғылым-білімді игерудің міндет-мақсаттарын да бағдарлайды. «Д.Х»-тегі ой түйінінің салмағы «Дәптер сани» коцепциясына келіп тіреледі. Мұның мәні – «Екінші дәптер « деген сөз. Ақын осы екі дәптер арқылы бұл дүние мен ол дүние мәселесін қатар алып, салыстыра ой түймек болған. Сол арқылы адам баласын құдай алдындағы тазалық пен имандылыққа тәрбиелемек болады. Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 14. Философия тарихы. Астана: Аударма, 2006; Орта ғасырдағы түркі ойшылдары. Т. 5. – Астана: Аударма, 2006.
Доктрина– (лат. – ілім) қандай да бір жүйеленген ілім (әдетте, философиялық, саяси немесе идеологиялық), байланысқан концепция, принциптер жиынтығы. «Д.» тeрмині (оған сәйкес синонимдік «ілім», «концепция», «теория» терминдрімен салыстырғанда) көбінсе схоластикалық ен догматтық ықпалдағы көзқарастарды түсіндіруде жиі кездеседі. Әдебиет: Философиялык энциклопедиялык сөздік. М, 1983.
Доспамбет жырау. Досмәмбет (1940 ж.ж. Азов қаласы, – 1523, Астрахань маңы) – көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жырау Руы кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарға қатысқан. 1523 жылы Астрахань жорығы кезінде Доспамбет жырау бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады. Доспамбет жырау мұрасының дені жоғалған. Ел ауызында, жекелеген қолжазбаларда сақталған бірлі-жарым туындылары 19 ғасырдың бас кезінде әртүрлі жинақтарға енді. Совет үкіметі тұсында «Алдаспан» антологиясында (1971) оның табылған шығармалары толық жарияланды («Қалаға қабылан жаулар тигей ме», «Қоғам көлдер, құм, сулар Қоныстар қоған өкінбес...», «Айнала бұлақ басы тең...» т.б.). Доспамбет жырларынан оның ой-өрісі, мұрат -мақсаты, рухани өмірі, моральдік қағидалары, дүниеге көзқарасы аңғарылады. Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдістерінің көнелігіне қарамастан көңілге әсер етелік терең, тілге орамды келеді. Әдебиет: Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996.
Достық – адамдардың бір-біріне қарым-қатынасын білдіретін әлеуметтік ұғым. Д. мақсат-мүдденің ортақ болуы, өзара мейірбандылық, бірін-бірі құрмет тұту сияқты шынайы сезімді білдіретін адамдар арасындағы ең жоғарғы гуманистік қатынасқа негізделеді. Бұл ұғым адамзат қоғамының ғасырлар бойындағы қарым-қатынасының даму тарихында цивилизация мен гуманизмнің дамып, кемелденуі нәтижесінде қалыптасқан. Ұлы ойшылдар мен гуманистер Д. идеясын әрдайым уағыздап отырған. «Пікір бірлігінен Д. туады». (Демокрит). «Уақыт та, арадағы шалғайлық та Д-ты әлсірете алмайды» (Герцен). Әдебиет: Философиялык энциклопедиялық сөздік. М, 1983.
Дөрекілік – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы тұрпайылық, дөрекілік сынды ұғымдарымен қатар қолданылатын әлеуметтік ұғым. Д. әрекеттің немесе кез-келген бір амалдың қателікке негізделіп нәтижесінде Д., тұрпайы қарым-қатынас сезімін білдіретін адамдар арасындағы ең төменгі қатынас негізінде байқалады. Д-тің қоғамда жиі кездесетін түсіндірмелері: