Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


) Әдепсіз, тұрпайы, көргенсіз (Д. адам, дөрекі жауап, Д. қылық, Д. қарым-қатынас) т.б



бет105/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

1) Әдепсіз, тұрпайы, көргенсіз (Д. адам, дөрекі жауап, Д. қылық, Д. қарым-қатынас) т.б.;
2) Жауапсыз, қарапайым ережелерді ұстанымсыз (Д. қате, Д. түрде тәртіпті бұзу, Д. ойын т.б.);
3) Нәтижесіз, Д-лі, жан жылулығынан жұрдай (Д. сөз, Д. іс, Д. айла, Д әрекет т.б.).
Әдебиет: Қазақ Совет энциклопедиясы том -4.

ДУАЛИЗМ (лат. dualіs екі жақты) – материалдық және рухани мәдениетті екі қарама-қарсы, бірақ негізі мәдени элементте бір-бірімен тығыз байланыста болады деп қарастыратын ілім, яғни мәдениет Д-і.

ДУЛАТИ Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499 – 1551) – әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құрамына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркістан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін атқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әкесі өлгеннен кейін Мұхаммед Хайдар біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді, сарай қызметін жетік білетін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады. Сұлтан Саид өлгеннен кейін таққа отырған Рашид Дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдардың немере ағасы – Саид Мұхаммедті өлтіреді. Осыдан кейін өз басына қауіп бұлты үйіріліп келе жатқанын сезген Мұхаммед Хайдар Үндістанға қашады. Ол мұнда ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. Ол осында өзінің атақты еңбегі «Тарихи Рашидиді» жазуға кіріседі. Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады.

ДУЛАТОВ Міржақып (1885 – 1935) – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайреткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты «Қызбел» ауылында дүниеге келеді. Әкесі Дулат өзіне жетерлік дәулеті, ескіше сауаты бар адам болады. Балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді. Екі жасында анасынан, он екі жасында әкесінен айырылып, жетім қалған Міржақып бұдан кейін Асқар деген ағасының тәрбиесінде болады. 1902 жылы, уездік мектепті бітірген соң, еңбекке араласады. Біраз жыл ауыл мектептерінде бала оқытады. 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi – ұстаз, бipi – ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан «Серке» газетіне «Жастарға» деген өлеңін, бүркеншік атпен «Біздің мақсатымыз» деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Д-тың «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды. 1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre «Қазақ» газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы «Ақ жол» газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылдары Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады. Д-тың алғашқы кітабы – «Оян, қазақ!» деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орынборда «Азамат», ал 1915 жылы «Терме» атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы – ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы «Оян, қазақ!» жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұнын халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы құғынға ұшырайды. Міржақып проза жанрымен де айналысады. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы «Бақытсыз Жамал» романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл – қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды. Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын «Есеп кұралы» оқулығын бастырады. «Балқия» пьесасын жазады. Д-тың шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарық көрді. Д. шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.

Дун Чжуншу, б.д.д. 190 ж. немесе 179 ж., – б.д.д. 120 немесе 104 ж. қазіргі Хэбэй провинциясындағы Хэншуй уезді) – философ, мемлекет қызметкері, конфуцийшілікке мемлекеттік идеология сипатын берген «Хань дәуірінің Конфуцийі», «жаңа мәтіндер мектебінің» көшбасшыларының бірі. Чиновник қызметіне алу үшін конфуциандық канондар бойынша емтихан алуды бірінші болып енгізген. Император мектебінде сабақ берген, Сыма Цяньнің ұстазы болған. Д.Ч. идеялық мұрасы 82 философиялық және әлеуметтік-саяси эсселер, оларды құрастушылар «Чунь цю фань лу» («Көктемдер мен күздердің мол шықтары») деп атаған. Конфуцишылдықтың шекарасында жоғары дәрежедегі натурфилософия жасады, онда даосизм мен иньян цзя идеяларын қолданды. Д.Ч. бойынша, әлемде барлығы «алғашқыбастаудан» («алғашқысебеп» – юань, «Ұлы Шектік» (тай цзы) тәрізді) пайда болады, ол «пневмадан» (ци) пайда болады және даоға бағынады. Даоның әрекеті қарама-қарсы күштер инь мен янның кезектесіп ауысуымен және «бір-бірін тудырып отыратын» «бес элементтің» (у син) циркуляциясы арқылы іске асады. Бірінші рет инь ян және у син екілік және бестік классификациялық құрылымы бүкіл универсумды қамтитын біркелкі жүйеге біріктірілді.
Әдебиет: Дун Чжуншу. (О небе и человеке. О познании). Ауд. М.Л. Титаренко //Антология мировой философии. Т.1. Ч.1.М., 1969; Дун Чжуншу. Чунь цю фань лу. Ауд. А.С. Мартынов //Древнекиайская философия. Эпоха Хань. М., 1988.

Дунс Скот Иоанн (1266 Макстон, Шотландия, – 8.11. 1308, Кельн) орта ғасырлық теолог және философ, схолостиканың өкілі. Францискандық-монах; «Нәзік доктор» (doktor subtilis). Оксфордта, Парижде оқыды және оқытушылық қызмет атқарды. Августшылдық дәстүріне ілесе отырып, Д. С. сенім мен білім, теология мен философия аражігін ашты. Адам ақылы (интелект) тек жаратылған затты таниды. Құдай өз бетінше адам ақылының табиғи объектісі болып табылмайды. Шектілік пен шексіздік – болмыстың түрлі модустары. Адам ақыл-ойы құдайды тек шексіз болмыс ретінде біле алады. Орта ғасырлық реализмнің түсінігіне арқа сүйей отырып, предикаттардың (универсалилердің) емес, субъектілердің (индивидтердің) алғашқылығын мойындады. Индивид – жеке предикаттарға (түрлерге) сәйкес келетін қасиеттердің жиынтығы емес, ең алдымен индивид қасиеттердің бірлігі. Бұл жерде дәл «осы» затқа тән белгілі бір тұтастық. Д. С. жеке заттың сипаттамасы үшін «осылық» (haecceitas) ерекше ұғымын енгізді. Д. С. ілімінің негізгі мәселелерінің бірі – ерік бостандығы. Дүниенің жаратылуы – бұл индивидтердің жаратылуы. Индивидтер универсалилермен анықталмайды. Бірақ, тек абсолютті азат ерік қана әмбебап «осыны» жарата алады. Заттың жаратылысынан бұрын оның мүмкіндігі (идея) құдай ақылында болады. Жаратылыс актісінде ерік индивид қасиеті ретінде тең мүмкіндіктерге тандау жасайды. Осылайша, ерік азат, бұл тандау кездейсоқ; ақыл, білім таңдаудың тек шарты мен мүмкіндігі, бірақ оның себебі емес. Ғылым білімді талдауда Д. С. ғылыми білімнің қажеттілігі танылатын объектінің қажеттілігінде емес, таным процесінің қажеттілігінде жатыр деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет