Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. Алматы: Бастау, 2008



бет11/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   267
Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. Алматы: Бастау, 2008
АДАМГЕРШІЛІКадамдық сипатты айқындайтын, оның рухани кемелденуінде шешуші рөл атқаратын этикалық ұғым. А. – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. А-тің шығуы мен дамуы адамзат қоғамының пайда болуы және дамуымен тығыз байланысты. А. нормалары қоғамның ең алғаш пайда болған кезеңінен бастап адамдардың өзара қарым-қатынастарын реттеп отырған. А. «кісілік», «ізгілік», «имандылық» сияқты ұғымдармен мәндес. А. адамның адамшылық сапасы шеңберінде өмір сүру қабілетінің біріне жатады. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Қабуснамада: «Адамның адамгершілік қасиеті хайуандықтан аулақ болуында» (Қайқаус) – деп көрсетіледі. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей А. белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, қайырымдылық, кісілік, адалдық, кешірімділік, кең пейілділік, сыйластық, әділдік, қанағатшылдық және т.б. А. қағидаттар – адамның теңдігін құрметтейді, мейірімділігін мақұлдайды, кешірімпаздығын қолдайды, кемшілігін кешіреді, адамның тұлғалық ерекшелігін сыйлайды деген идея тұжырымдалады. Құран Кәрім – А. ережелерін тек идеялық тұрғыдан мойындаумен ғана шектелмейді, керісінше, оларды әдеп ережелері ретінде күнделікті тіршілікте қолдануды талап етеді. Өйткені мораль қағидаларын іске асырудағы негізгі тәсіл – талап. А. талап – ішкі әлемнің рухани мазмұнын сыртқы қатынаста іске асыру. Құран бойынша, адам А. қасиеттерінің арқасында қоғамда жақсы көрінеді, Алланың сүйген құлына айналады. Хадисте: «А. – тақуалық» деп көрсетіледі. Орта ғасырдағы мұсылман философиясының өкілі, Әл-Ғазали исламдық А. концепциясының негізгі мазмұны – жақсылық пен жамандықты ажырата білу деп тапты. Оның А. ілімі «көркем мінез» немесе «кемел адам» бағдарламасы арқылы көрініс тапты. А. – мейірімді жүректі адамның тіршілік жолы болып танылды. Ғазали түсінігінде адам ғұмырының мақсаты – А. кемелдігіне жету. Ол А. категориясының құрылымына: жақсылық, туралық, адамның өзін-өзі бақылауы, достық, адалдық, сабырлық, жомарттық, ерлік, ұят, әділдік, кешірімшілдік сиқты сапалық қасиеттерді жатқызды. А. ұстанымдары – әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. А. қасиеттердің қалыптасуына ерекше ықпал жасайтын факторлар: туыстық қатынастарды реттеу, қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық жасау, еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы.
Қазақ дүниетанымы А-ті «адамдықтан үлкен ат жоқ», «адам болып туған соң, адам болып өлу лазым», «адам бір-біріне қонақ» –деген ұстанымның шеңберінде мойындайды. А. ұғымын қазақ би-шешендері аса маңызды феномен ретінде қарастырған. «Қайырымды туыс бар болса, бар-жоғыңа қарасар» (Ақтайлақ шешен). Шәкәрім адам өмірінің мәнін, оның руханиятымен өлшей отырып, адамның болмысының негізгі мәні тіршіліктің мазмұнды болуында, ал мазмұнды болуды адамгершілік қасиетпен байланыстырады. А. – адамның қоғамдағы әрекет факторы, адамның толықтай мәні, руханиятының өлшем бірлігі ретінде анықталады.
А. құндылықтарының қалыптасуы үшін жүйелік (қоғамдық, мемлекеттік) және тұлғалық субъектілердің ара салмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор. БҰҰ қабылдаған «Адам құқықтарының жалпы декларациясының» басты баптарын адамдық қарым-қатынас нормаларына айналдыру – А. құндылықтарын қастерлеу шарттарының біріне жатады. Оның басты әдептік баптары төмендегідей: барлық адамдар тең құқылы, ерікті және қадірлі; азаматтар нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, шыққан тегіне, дініне, сеніміне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарамай заң алдында бірдей; өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі – қасиетті болып табылады.
А. қағидаттарының сақталуы өтпелі қоғам жағдайында ерекше маңызды мәнге ие болады. Бұл кезеңде ескі ұстанымдар мен мінез нормалары мәнін жойып, жаңасы әлі қалыптасып, орнығып үлгермеген кезде халықтың әлеуметтік мінезінде әртүрлі ауытқулар орын алып, девиантты құбылыстар пайда болуы мүмкін. Ол адамзат тарихында дәлелденген нәрсе. Өркениеттілікке апаратын жол халықты А-ке, имандылық пен ізгілікке, салауатты өмір салтына баулу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет