Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


Мырзалы Серік. Философия. Алматы: Бастау, 2008; Мәдени-философиялық энциклопедия / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, Ә. Әлімжанова. Алматы: Раритет, 2007



бет8/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   267
Әдебиет: Мырзалы Серік. Философия. Алматы: Бастау, 2008; Мәдени-философиялық энциклопедия / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, Ә. Әлімжанова. Алматы: Раритет, 2007

АДАМ АТА адамзаттың атасы. Алла тағала өз құдіретімен оны топырақтан жаратты да жан салып, жақсы мүсінге келтірді. Бұл туралы Құран Кәрімде: «сыңғырлап тұрған кепкен балшықтан тиісті мүсінге келтіріліп, адамды Біз топырақтан жараттық» (Құран кәрім «хижір» сүресі 15:26), «Адамды Ол ұйыған қаннан жаратты» («Алақ» сүресі 96:12) «Біз сендерді (А.А-ны) әуелі топырақтан жараттық. Оның нәсілін (рухтан) жыныстық тамшыдан, кесек еттен (құрап) жараттық. Біз мұны тектеріңді білу үшін айтып отырмыз («Хаж» сүресі 25:5). Діни аңыздарда А.А. жер бетінің иесі болады, онда Кұдіреттің күшін, Алланың бірлігін насихаттайды, құлшылық етеді деп ұйғарды. Он сегіз мың ғаламның атын үйретіп, бірден артықшылық берді. А. А-ның мәртебесін көтеру үшін періштелерді оған сәжде (тағзым) еттірді. Бар періште тағзым еткенде, тек Ібіліс (шайтандардың атасы) қасарысып қарсы болды. Сонысы үшін оны ұжмақтан қуды. А. А-ға жұбай етіп, Хауа Ананы жаратты. Екеуі ұжмақта еркін жүріп, оның «игіліктерін көрді. Алла тағала сынақ ретінде оларға «анау ағашқа тиіспеңдер!» деп тапсырды. Өзінің қарғысқа ұшырағанын адамнан көретін Ібіліс оларды азғырып, жолдан тайғызуға кірісті. «Шіркін, мына жемісті жеген адам мәңгі өлмейді ғой!» деп алдады. Ақыры, екеуі әлгі ағаштың жемісін жеді де Тәңірге жазып қалды. Хақ тағала азғыруға ерген аңқау А. А. мен Хауа Ананы да, оны азғырған Ібілісті де «Сендер бір-біріңе жау күйде жерге түсіңдер!» деп жаннаттан шығарып тастады.
А. А. мен Хауа Ана жасаған күнәларына қатты өкінді. Бір Тәңірге құлшылық етіп, тәубе үйірді. Рахымы мол Раббылары олардың тәубелерін қабылдады. «Әулеттен әулетке дейін әзәзілдің азғыруынан сақ болыңдар!» деп насихат берді. «Өмір кешіретін кеңістіктерің – жер беті, пайдаланатындарың пәни дүниенің игіліктері болады. Жалғанның жақсылығын да, жамандығын да көресіңдер. Тек, тәубеден жаңылмаңдар!» – деді. А. А-ның есімі Құранда 25 жерде кезігеді.
Әдебиет: Ислам. Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Аруна, 2009; Құран Кәрім аудармасы, Алматы. – Дәуір – 2003; Ә. Сарай (ҚҰЭ – 93-бет)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет