Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет16/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Алматы: Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы. 1972.

Аймауытов Жүсіпбек (1889, қазіргі Павлодар обл. Баянауыл ауд. Қызылтау атырабы – 1931, Мәскеу) – жазушы, драматург, аудармашы, зерттеуші, публицист. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен арғы аталары Дәндебай мен Қуан текті, дәулетті, ел арасындағы білікті кісілер. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренген. Он бес он алты жасында Павлодарға қашып барып, орысшақазақша екі классты мектепке түседі. Бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі. Оны 1918 жылы аяқтайды. А. 1911 – 1914 жж. ауылда мұғалім, 1919 – 1922 жж. Респ. Халық ағарту комиссариатында алқа мүшесі, Семей губ. Оқу бөлімінің бастығы, «Қазақ тілі» газетінің редакторы, 1922 – 1924 жж. Қарқаралыда мұғалім, 1924 – 1926 жж. Ташкенттегі «Ақ жол!» газетінде қызметкер, 1926 – 1929 ж. Шымкент педтехникумының директоры қызметтерін атқарған. 1929 ж. басталған кеңестік қуғынсүргін кезеңінде қамалып, 1931 атылып кеткен. Әлеуметтік төңкерістер заманында өмір сүрген А. өзінің қысқа ғұмырында артына аса бай әдеби, ғылыми мұра қалдырған. Ол Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. Дюма, А.С. Пушкин, Р. Тагор, Н.В. Гоголь, Л.Н. Толстой, Дж. Лондон шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді қазақ тіліне аударған. А. «Ақбілек», «Қартқожа» романдарының, «Күнікейдің жазығы» повесінің, «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқор» пьсаларының авторы. Публицистикасында оның әсіресе «Мағжанның ақындығы туралы» мақаласы көзге түседі. А. прозадағы үлкен эпикалық формаларды да, таза лирикалық жанрлардыда жақсы игерген. Егер роман таза европалық форма болса ол оған шығыстық ұйқастық, ырғақты үрдіс элементтерін енгізген. Оның романдық ауқымды полотно жасау деңгейі сол кездегі Шолоховтың ізденістерімен парапар, ол прозаға «сана ағымы» деген тәсілді Джойспен қатар енгізген. «Ақбілек» романында ол қазақ қызының орыс офицеріне бірте бірте өзі берілгенін суреттеп, халқының қолдан берген намысын аза тұтады. А. шығармашылығы әлдеде көп зерттеуді талап ететін ашылмаған құбылыс. Егер ол зерттелсе, қазіргі Латин Америкасы жазушыларымен тең, еуропалық модернист жазушыларымен тең ұлы жазушының келбеті ашылар еді.

АЙТЫС – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс – синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драматикалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген. Айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәртүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтары куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады. Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетикалық ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. «Аттың жалы, түйенің қомында» дегендей көп дайындықты керек етпейтін. Айтыс кез келген жерде өте береді де,мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болады. Айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты тікелей әсер еткені байқалады. Көшпелі елде шілдехана, ойын-тойға ерекше мән беріліп, қонақ кәдеден бастап, кішігірім ауыл айтыстары да өтіп отырған. Бұлар ертеңгі көрнекті айтысқа бастайтын дайындық тәрізді бүкілхалықтық сипат алған. Арқалы айтыс ақындары бірін-бірі іздеп келіп айтысатын дәстүрге жалғасты. Бір де бір үлкен жиын, ас-той ақындар айтысынсыз өтпейтін болды. Бұл дәстүр айтыстың сан алуан мзмұнды, мол ауқымды жанрға ұласуына қолайлы жасады.
Әдебиет: Әуезов М. Айтыс өлеңдері. Алматы. 1965., Мұқанов С. Айтыстар туралы. Алматы. 1965. Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы. 1972.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет