Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


– бiр объектiде бар белгiлердің басқа объектiлерде жоқ болып шығуы негiзiнде жасалған салыстырмалы сипаттама. А



бет17/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

АЙЫРМАШЫЛЫҚ – бiр объектiде бар белгiлердің басқа объектiлерде жоқ болып шығуы негiзiнде жасалған салыстырмалы сипаттама. А. барабар-лықпен байланысты. Сонымен бiрге А. пен барабарлық анағұрлым кең мағы-налы ұқсастық категориясында ұштасады. Дүниенi тану объектiлердiң барабарлығымен, А-ты анықтаумен тығыз байланысты. Бейнеленген объект формальды логиканың тар шеңберiнде шектелiп белгiленген жағдайда А. пен барабарлық байланысы сырттай сипатталады. Осы объектiлердiң өзi бiр белгiлерiмен барабар болса, басқадай белгiлерiмен өзгеше болады. А-ты диалект. тұрғыдан алғашқы түсiндiрген – Гегель. Оның «...ойлаушы парасат, былайша айтқанда, айырманың топастанған айырмашылығын мәндi айырмашылыққа дейiн, қарама-қарсылыққа дейiн айқындайды». А-тың мәнi қарама-қарсылық, қайшылық категорияларында толық қамтылады.

АККУЛЬТУРАЦИЯ (лат. adcultura білім, даму) – белгілі бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениетін толық немесе жартылай қабылдауы нәтижесінде болатын мәдени өзара ықпал процесі. А. ассимиляция және этникалық бірегейлік пен тұтастану процестерінің көптүрлілігіне қатысты қарастырылады. А. ұғымы алғаш рет Солтүстік Америкалық үндістік тайпалардағы мәдени өзгерістерді зерттеген мәдени антропологияның американдық мектебінде (Д.Боас, У.Холмс, У. Мак-Джи, Р.Лоун) ХІХ ғ-дың аяғынан бастап қолданылды. Алғашқы тар мағынасында бұл ұғым үндіс тайпаларының ақ нәсілді американдықтардың мәдениетін біржақты қабылдап, ассимиляцияға ұшырауына байланысты пайдаланылды. ХХ ғ-дың 30 ж-нан А. ұғымы мәдени антропологиялық мектептің басты ұғымдарының біріне айналды. А. процестерін зерттеуде 1940 ж. жарияланған Линтонның «Американ үндістерінің жеті тайпаларындағы А.» еңбегінің үлкен теориялық маңызы болды. Бұл еңбекте А-ның екі типі аталады: 1) әскери-саяси өктемдік жоқ жағдайында өзара қарым-қатынасқа түскен мәдениеттердің бір-бірінің құндылықтарын еркін қабылдауы; 2) әскери немесе саяси басым топтың бағыныңқы мәдениетке өз құндылықтарын нысаналы және күшпен танытуы. 1950 ж-дарға дейін А. процестерін зерттеу Батыстағы мәдениеттің басқаларына тигізген әсерлерін қарастырумен байланыстырылды. Басқалары батыстандыру аймағы болып табылады делінді. 1950-60 жылдардан бастап А. аумағы кеңірек қарастырылды. Батыстық емес мәдениеттердің өзара байланысы және олардың А-лық қуаты сараланып, испандандыру, жапондандыру, қытайландыру процестері ғылыми талдаудың пәніне айналды (Дж.Фостер, Дж.Фелан, т.б.); А. тәсілдері күрделі қоғамдардағы урбанизация процесін зерттеуде пайдаланылды (Р.Билз). Егер бұрын басым мәдениеттің «төмен» мәдениетке тигізген әсерлері сөз болса, енді кері әсер (мыс., африкалық әуендік ырғақтардың қазіргі музыкаға әсері) туралы жиі айтыла бастады. А-ны әртүрлі мәдениеттердің тоғысуы нәтижесінде жүзеге асатын мәдени сұбхат ретінде қарасытыру алдыңғы қатарға шықты.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Аударма, 2006: Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы, 2007.

АКСИОЛОГИЯ (грек. аxіa – құнды, logos – ілім) – құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. А-ның негізгі мәселесі – «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философиясында құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған. Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған А-ның филос. қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. А. әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасыуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айдындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Бұл әсіресе, тарихи мәдениеттануда аңық байқалды. Мәдениет – адамдық қарым-қатынастарды реттеудің маңызы тұлғалық-әлеуметтік тетігі, ал құндылық – норма, үлгі, мұраттармен қатар осындай реттеу жүйесінің шешуші элементі екендігі белгілі. Сол себепті А. әлеум.-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады. Қазіргі мәдениеттануда құндылықтардың тарихтан тыс әмбебапты жүйелерінен бас тартып, тарихи әдістеме арқылы теңқұқықты құндылықтар жүйелерінің молдығына негізделінген мәдени-тарихи релятивизм мектебі (Дилтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин т.б.) қалыптасты. Салыстырмалы мәдени зерттеулердің дамуы нәтижесінде кез келген мәдениет құрылымының, басымдылықтарының және мазмұнының салыстырмалылығы туралы идеялар (Боас, Риверс, Бенедикт) өрістеді. Сонымен қоса А-лық плюрализм концепцияларының тарауы бұрынғы жалпы құндылықтар ілімінің негіздерін шайқалтып, олардың құрамына нақтылы-тарихи мәдени контекстіні енгізді. Қалыптар мен құндылықтар әрбір мәдениетте өзіндік сипатымен айқындалғандықтан бүкіл адамзатқа бірдей тұжырымдалған мәдениет кодексін ұсыну мүмкін емес. Алайда жалпықоғамдық ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға болмайды, яғни тұлға үшін ортақ мақсаттар да қажет (Клакхон). А-лық зерттеудің маңызды жақтарына психоанализ (Әсіре-Мен, Құндылық архетиптерін талдау – К.Юнг), құндылықтар сұбхаты (М.Бахтин), т.б. жатады.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006: Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы, 2007. Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – С. 22-25.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет