Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет5/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Философиялық энциклопедиялық сөздік. М, 1983.

АБСТРАКТІЛІК ПЕН НАҚТЫЛЫҚ – Гегель бұл терминдерді бір-біріне әрі қарама-қарсы, әрі ажырамас бірлікте қараған. Оның пайымдауынша абстрактілік те, нақтылық та, ең алдымен, болмыста болатын қасиет және соған байланысты ойлау жүйесіне де тән ұғым. Гегельдің пайымдауынша, нақтылық сан алуандықтың бірлігі, тұтастығы. Оның мағынасы: әрбір жеке зат, процесс, құбылыс – тұтас нәрсе, олардың әрқайсысы көптеген қасиеттердің, белгілердің, қатынастардың іштей байланысқан бірлігі, оқшауланған түйіні. Тұтастық не бірлік кездейсоқ, бір-біріне селқос нәрселердің жиынтығы емес, бірінен-бірі туындайтын нәрселердің бірлігі. Осындай табиғаты бір, бірақ әр түрлі құбылыстардың дербес тұтастығын нақтылық дейміз. Мысалы, Жер басқа аспан денелерінен біршама дербес, нақты тұтастық, адамдар қоғамы, ондағы әрбір халық, мемлекет т.б. дүниелерден қаншалықты тәуелсіз, дербес болса да, олар сол шеңберде өзіндік іштей байланысқа құрылған. Үлкен тұтастық ішінде олар қанша түрге бөлінсе де, жалпы табиғаты бір. Яғни, Н. тұтастықтан бөліп алған жеке қасиет бола алмайды, себебі ол іштей дербестікке ие емес, сондықтан да басқа дүниемен өз дербестігі негізінде қатынас жасай алмайды. А. осындай дербес тұтастықтың ажырамас бір жағы, қасиеті, белгісі т.б. Бұл сондықтан да қарапайымдылық, жетілмегендік, сыңаржақтылық ұғымдарымен барабар. Бірақ өмірдің өзінде А. құбылыстар, формалар, қатынастар болады. Өмірдің өзіндегі осындай жалған көріністер адамға А. қайсы, Н. қайсы екенін ажыратқыза бермейді. Алдамшы көріністермен адастырып бағады. Эмпирикалық логиканың (Локк, т.б.) А. пен Н. туралы тұжырымы тап осы өмірдегі жалған көріністің көшірмесі. Олар да құбылыстарға тән бір ортақ қасиетті бөліп алып, олардың барлығының шын табиғаты осы деп түсіндіреді. Бұл адасушылықтың әлеуметтік негізі бар. Сондықтан да оны жөніне келтіру өте қиын. Төңкерілген дүниенің төңкерілген санасын орнына келтіру үшін дүниенің өзін аяғына тұрғызу қажет. Бірақ оны түсіне үшін бұл міндетті емес.
Әдебиет: Философиялық сөздік. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996.

АБСТРАКЦИОНИЗМ (лат. abstractіo – дерексіздік, бөлініс, оқшаулық) – қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейнелеуде нақты заттарды ескермейтін ағым. Абстракті өнер шындықты тікелей көрсетпейтіндіктен, оны кейде «затсыздандырылған» деп айтады. Ол үшін бейнеленетін нәрселердің көркемдік бітімдері (кеңістіктегі формалары, аумағы, бояуы т.б.) маңызды емес, бірінші орынға суреткер- тұлғаның субъектілік көңіл-күйі шығады. А. 1910 ж. Мюнхенде, Амстердамда, Мәскеуде шамамен бір уақытта қалыптасты да, 1930 ж. Париж бен Нью-Йоркте кеңінен өрістеді. А-нің эстетик. бағдарламасын 1910 ж. В. Кандинский «Өнердегі руханилық туралы» еңбегінде айқындап берді. А. екі бағытта дамыды: оқыс бояулар мен кескіндердің қиюласуын үйлесімді етуге ұмтылу және геометриялық абстракцияларды құрастыру. Біріншісі экспрессионизм және фовизм тәрізді ағымдармен түбірлес болып, түсті заттық шындықтан толық ажыратқысы келді. Осы бағытта Оп-Арт деп аталатын, бояудың қиюластығын елестететін музыкалық және басқа да ассоциациялардан туатын синестезия идеясына негізделген ағым пайда болды. Бұл түрдегі А-нің кубизммен ортақ шыққан тегі бір болғанымен, одан айырмашылықтары да болды. А-нің осы бағытының тармақтары бірнеше: М. Ларионовтың сәулешілдігі, К. Малевичтің супрематизімі, Л. Попованың стиль тобы 1917 ж. Голландияда жаңа пластицизм идеясын ұсынды: геометриялық бітімдердің анықтылығы, айқындылығы және қарапайымдылығы табиғат ретсіздігінен жоғары тұрады. А-нің кейбір көріністері дадаизм мен сюрреализм өкілдерінің кейбір шығармаларынан байқалды.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Аударма, 2006. Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы, 2007.

АБСТРАКЦИЯ (лат. abstractіo – ойша бағамдау) – шынайылықтың бейнесін ойша бағамдау және толтыру арқылы құрастыру. Ойша бағамдау арқылы заттың, немесе құбылыстың қарапайым жобасын жасайды, ал толтыру арқылы оны күрделендіріп, түрлі нобайына алаңдамай, танымдық мәні бар ғылыми таңбаға айналдырады. Абай бұл сөзді ой суреті деп аударған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет