Байланысты: Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)
ШӘКӘРІМ Құдайбердіұлы (1858 – 1931) – қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, дін тарихшысы, моралист, тарихтанушы. Жастайынан Абайдың тәрбиесінде болған Ш. ұстазының бүкіл ойларын толық нұсқаландырып, дамытады. Абайда әңгіме, интуиция ретінде кездесетін ниеттер Ш. шығарм-нда дамыған нұсқасын табады. Мыс., «үш сүюден» тұратын Абайдың иманигүл ілімін Ш. «Үш анық» кітабында Ұят туралы ілімге айналдырады. Абайдың өсиетімен қажылыққа аттанып, Стамбұлда т.б. қалаларда болып, Шығыстану, түрік тарихы, дінтану ілімімен айналысуға мүмкіндік алады. Егер Абай Құдай табарака уатағаланың барлығына үлкен дәлелі – неше мың жылдан бері әркім әртүрлі сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, – десе, Ш. осы тұжырымды көптеген материалдар арқылы дәлелдеуге тырысады. Абайдың сыншыл реформалық бағытын Ш. жалғастырады. «Үш анық» кітабында Ш. сол кездегі көп еуропалық ағымдардан деректер келтіре отырып, өзі этикалық максимализмге негізделген Ар-Ұятты дәріптеу ілімін жасайды. Міне, осы арада ол Құдай бір де дін көп , бірақ осы жалған айырмашылыққа алданбай, тура Құдайды іздеу керек деген тұжырым жасайды. Тура дінді іздеу ұлттың әлемдік ойға – ой қосуының кепілі. Тіпті, алға озудың бірден бір шарты.
ШВЕЙЦЕР Альберт (1875 – 1965) – нем-фр. гуманист-философы, теолог, прогресшіл қоғам қайраткері. Көп жылдар бойы Ламбарене селосында (Габон. Экваторлық Африка) емші болып, өз қызметін гуманистік мұраттар жолындағы күреске арнады. Өзінің филос. көзқарастары (Ш. оларды «жаңа рационализм» деп атады) негізіне дүние туралы білімді емес, өмір фактісін, «өмірдің өзіне сүйсіну» фактісін алып, «өмірдің өзіне сүйсіну» бүкіл философияның принципі болуға тиіс деп санады. Ш. бұл принципті өркениеттің кеселді зардаптарына қарсы өзінше бір «сүзгі» ретінде қарастырып, оны адамзатты моральдық жағынан жетілдірудің үміті деп білді. Алайда Ш. гуманистік мұраттарды жүзеге асыруға жеткізетін нақты жол әлеум. өзгерістерде емес, жекелеген адамдардың «өз табиғатын» жақсартуға бағытталған жеке күш-жігерінде деп санады. Ш-дің адамзат болашағына оптимистік көзқарасында діни сарын болды, Христің бейнесін этикалық түрде түсіндіруге бейім тұрды. Жалпы алғанда Ш-дің дүниетанымда сындарлы жүйе болған жоқ, ол әртүрлі филос. концепция біріктірді. Ш. соғысқа қарсы болып, ядролық қаруға тыйым салуды жақтады. Бейбітшіліктің Нобель сыйл. лауреаты.
ШЕЛЛИНГ Фридрих Вильгельм Йозеф (1775 – 1854)– нем. философы, нем. классикалық идеализмнің көрнекті өкілі. Иенада, Эрлангенде және Берлиндее проф.; Мюнхен Ғыл. акад-ның мүшесі. 90-ж. табиғат философиясы мәселесі жөнінде еңбектер серисын жазды. Канттың идеясы мен Лейбництің тірі монадалар мен табиғаттың дұрыс күштері туралы ілімін саралай отырып, табиғатты түсінуге қайшылықтар арқылы даму идеясын енгізді. «Трансценденталдық идеализм жүйесінде» (1800) Фихтенің субъективті идеализмін өз жүйесінің объективті идеализмімен ұштастыруға тырысты. Ш. бойынша философия санасыз рухани табиғаттың дамуы қалайша сананың пайда болуына жеткізеді және тек субъект қана болып. табылатын сана қалайша объектіге айналады деген екі сұраққа жауап беруге тиіс болады. Бірінші сұраққа «табиғат философиясы», «екіншісіне – «трансценденталдық идеализм» ілімі жауап береді. Еркіндік туралы Ш. ілімі «Адам еркінің мәні туралы және осыған байланысты заттар туралы философиялық зерттеулерде» (1809) жан-жақты дамытылды. Фихтемен бірге Ш. еркіндікті ұғылған қажеттілік деп түсініп, еркіндік құбылысын жекелеген адамның ерлігі емес, қоғамның жетістігі деп білді. Алайда ақырында өзінің осы көзқарасымен қайшы келіп, Ш. еркіндік мәселесін мистификациялап, жеке негіз еркіндіктің түп тамыры, ал ол негіздің көзі «ой жететін дүниеде» деп жариялады. 1815 ж. Ш-тің дүниеге көзқарасында мистик. элементтердің мейлінше күшеюімен белгілі. Ш-тің ықпалы ең алдымен Гегельде және басқа да көптеген жаратылыстанушыларда анық байқалды. Сондай-ақ оның ілімі натурфилософтар және славяншылар арқылы орыс философиясына да ықпал жасады.