Байланысты: Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)
Чечин Михаил Никифорович(1929 – 2006). Ч. М.Н. 1903 ж. 21 қарашасында дүниеге келген. 1923 ж. М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің философия факультетіне оқуға түседі. Оқу барысында М.Н. Ч. философия тарихшысы ретінде қалыптаса бастайды және оған Кеңес Одағының белді философы В.Ф. Асмус ықпал етеді. Ол В.Ф. Асмустың жетекшілігімен «Фихтенің соғыс философиясы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. 1950 ж. бастап М.Н. Ч-нің педагогикалық және ғылыми өмірі С.М. Киров атындағы ҚазМУ-де өтеді. 1969 ж. ММУ-де «Ламарктың эволюциялық іліміндегі философиялық негіздер» атты докторлық диссертациясын қорғайды.
ШАМАНИЗМ –қазақша баламасы, бақсылық, бақсыға табыну. Дәстүрлі ой машығының ең көне түрлерінің бірі. Тотемизмнен кейінгі, монотеисттік діндерден бұрынғы ритуалды-магикалық дүниетаным.Ш-дегі ең басты нәрсе бақсы мен бақсы жүргізетін ритуал. Бақсы әрекеттерінің бәріде магикалық ойлау тәсіліне құрылған. Магия дегеніміз нақты дүниеге ықпал ету. Осы әрекеттердің барысында біраз ауыз әңгімелер пайда болады, олар бірте-бірте белгілі халықтың мифологиясын құрайды.
ШАМА (өлшем) – нәрсенің немес құбылыстың сапалық және сандық айқындылығының табиғи бірлігін білдіретін филос. категория. Сапа жағынан айрықша (ерекше) әрбір объектіге белгілі бір сандық сипаттама тән.бұл сипаттамалар өзгергіш және қозғалмалы. Алайда олардың бұл өзгергіштігінің белгілі бір шекарасы болады, сол (шекарадан өтісімен сан өзгерістеріне ауысады ( сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне өту заңы). Міне осы шекара Ш. деп аталады.Екіншіден берілген объектінің сапа өзгерісі оның сандық сипаттамасы мен ш-ның өзгерісіне әкеледі. Сан мен сапаның байланысы мен бірлігі сол объектінің табиғатына тәуелді. Егер оюъектінің дамуын қадағалап көрсек, онда бұл процестің бір айрықша сапалық дәрежесінен басқасына өту нүктесі Ш. өзгерісінің түйінді нүктесі болып көрінеді. Мұндай түйіндердің жүйесіне Ш-лардың түйінді бағыты деп атау келісілген. Философия тарихында Ш. категориясын алғаш рет Гегель зерттеді.