Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет254/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ФЛОРЕНСКИЙ П. (1882 – 1937) – орыс философы. 1904 ж. Мәскеу ун-нің физико-математика ф-ін, 1908 ж. Мәскеу рухани академиясын бтірген Ф. 1911 – 17 жж. арасында философия тарихынан дәріс оқыды. 1917 ж-дан кейін жаратылыстану, техника, өнертану салаларында жұмыс істеп жүрген Ф-ді 1933 ж. кеңес өкіметі негізсіз репрессиялаған болатын.Ф. өзінің филос.-шығарм. жолын Вл. Соловьев, С. Булгаков, Е. Трубецкойлардың артын ала софиологиядан бастаған. Ал орыс софиологиясының негізгі идеясы – «жаппай тұтастық» (всеединство) идеясы. Ф-дің ойшыл ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері мынадай:платонизмді, антикалық грек руханиятын алға ұстау;өзінің діни-философиялық тезистерін нақты ғылыми дәлелдемелер арқылы толықтыру;қазіргі жаратылыстану ғылымдарының идеялары мен тәсілдерін діни дүниетаныммен ұштастыруға деген талпыныс. Ф-дің көптеген идеялары кейініректе символизмнің, семиотиканың қалыптасуына ықпал етті. Ф-дің ізденістері Вяч. Иванов, А.Ф. Лосев, К. Юнг, Э. Кассирердің рәміз туралы түсініктеріне жақын. Ф. лингвистика, икона метафизикасы, өнертану, математика, эксперименталды және теоретикалық физика салаларында ізденістің бірыңғай тәсілдемелік негізін қалыптастыруға тырысты. Сөйтіп алғашқылардың бірі болып белгілер жүйесінің ортақ теориясын дайындауға ат салысты.Мәдениет философиясында Ф. эволюционистік көзқарастардан бас тартты. Ол мәдениетті бір мезгілде бір кеңістікте орын алып отырған процесс деп түсінбейді. әрбір мәдениеттің тек өзіне ғана тән өмір сүру ырғағы, түр өзгеріске ұшырайтын төңкеріліс кезеңдері бар деп таныды. Өз шығармаларында Ф. орта ғасырлар мен Қайта Өрлеу мәдениетіне көп тоқталады. Ф-дің айтуы бойынша, Еуропаның ренессанстық мәдениеті өзінің өмір сүруін тек ХХ ғ-дың басында ғана тоқтатты. Сондықтан да қазір жаңа мәдениет типінің қалыптасу процессі жүріп жатыр дейді Ф. Ф. мәдениетті алғашқы, өз өзіне жеткілікті құндылық деп қарастырмайды, ол үшін ең жоғары құндылық дін, діни табынушылық.Ф-дің қол астынан өнертану, мәдениеттану мәселелеріне арналған көптеген шығармалар, мақалалар туындады. Мыс., «Культ, религия, культура»(1917); «Троица-Сергиева Лавра в России» (1921); «Иконостас» (1924).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет