Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет264/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   267


ЭПОС (грек.epos – сөз, баяндау, әңгіме,өлең) – 1) әдебиеттің тегі. Э-тың жанрлары:аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, роман-эпопея; 2) ауыз әдебиетіндегі генеол.-эпикалық жанрлар: батырлық, қаhармандық,тарихи жырлар, қисса-дастандар. Э-та оқиға баяндау тәсілімен беріледі және бүкіл бір кезең, дәуір кеңінен қамтылып,эпикалық тыныста жан-жақты суреттеледі. Әлемдік Э-тың үздік үлгілері – «Илиада», «Одиссея», «Махабхарата», «Манас», жазба әдебиетіндегі ірі Э-тық шығармалар, Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік», М.Әуезовтің «Абай жолы» т.б. Эпостық жырдың көлемі өте ауқымды болады. «Манас» жыры сияқты белгілі каһарманның өміріне құрылып, кейін оның арғы тегі, тарихын, оқиғаларды тізбектеп, циклдік жүйемен ұзақ баяндалуы мүмкін. «Қырымның қырық батыры» деген қазақ жырын алсақ, онда тұтас бір дәуірдің ұрпақ ауысу арқылы жырланғанын көреміз. Сонымен қатар эпостық жырда қиял-ғажайып ертегіге ұқсас құбылыстар кездеседі: батырлар суға салса батпайды, отқа түссе, күймейді. Батырдың аты да, қаруы да, әйелі де киелі. Әсіресе, батырдың аты мен әйелі оның ақылы мен икемділігінің бейнесі іспетті.



ЭТИЗМ – этикалық негіздің адам мен қоғам өмірінде атқаратын рөлін асыра көрсететін дүниетанымдық және философиялық қағида. Э. тұрғысынан алғанда, адам істес болатын барлық мәселелер өз мәніндегі этик. мәселелер болып табылады. Сондықтан Э. ерекше теория ретінде емес, дүние қатынастары ретінде қаралады. Э. көп ретте индустр. қоғамда сциентизм мен технократизмнің үстемдігіне қайтарылған жауап ретінде пайда болған. Алайда, ол сонымен бірге олардың айқын артықшылықтарын да теріске шығарады. Сондықтан Э. этик. редукционизм ретінде көрінеді.

ЭТИКА (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. «Э.» термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының («Никомах этикасы», «Евдем этикасы», «Үлкен этика») атауына кірген. Аристотель Э. жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Э-ның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Э. – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Э-лық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Э. ұғымы жайлы Д.Юмның «Адамның табиғаты» туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Э. ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.


ЭТНОС этникалық қауымдастық. Э. термин ретінде б.з.б. VI – V ғ-ларда Грекияда қалыптасып, алғашқыда «тайпа, шығу тегі грек емес халық» деген мағына берді және ХVІІІ ғ-ға дейін ғыл. айналымға ене қойған жоқ. XIX ғ-дағы ғыл. әдебиеттерде ол «халық» мағынасында пайдаланылды. Э. түсінігінің ғыл. анықтамасын неміс этнологы А.Бастиан, орыс ғалымы С.М. Широкогоров жасауға ұмтылды. XX ғ-дың 60-жылдарына дейін кеңестік ғылымда этнология дербес ғылым статусын иемденбегендіктен Э. термині мүлде қолданылған жоқ. Кейіннен 1960 – 70 ж. кеңестік зерттеушілер С.А. Токарев, Ю.В. Бромлей, Л.Н. Гумилев, т.б. тарапынан Э-тың ғыл. мән-мағынасы мен қолданыстағы орны нақтыланды. Қазіргі таңда Э-қа өзіндік жалпы белгілері мен ерекше мәдениеті, психологиясы, тілі, сонымен қатар өз қауымы мен атауын сезінетін белгілі бір аумақта тарихи тұрғыдан қалыптасқан адамдардың тұрақты био-әлеум. қауымдастығы ретінде баға берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет