Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет93/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Древнекитайская философия. Т.1. М., 1972; Дао и даосизм в Китае. М., 1982; Торчинов Е.А. Даосизм. СПб., 1993; Шығыс философиясы. – Алматы, 2009.

ДӘСТҮР (лат. traditio – тапсыру, жүктеу) – әлеуметтік-мәдени тәжірибе қосындыларын ұстап қалу, орнықтыру және таңдамалы түрде сақтау ісінің әмбебап құралы. Д. қазіргі нақты қызмет жүйесінде бұрынғы заманның уақыт сынынан өткен рухани нұсқаларды қайта түлетуді қамтамасыз етеді, яғни, ол осы шақпен болар шақты өткен шақ арқылы байланыстырып, құндылықтарымен негіздейді. Тар мағынада Д. дегеніміз мемлекет нұсқауынсыз өзінен өзі тірлік ететін құндылықтар жүйесі. Д-лі таным өзіне ешбір мақсат, немесе, бағыт-бағдар қоймайды, себебі оның мақсаты өз ішінде өзімен бірге қызмет етеді. Ешкім Д-дің себебін іздемейді, өйткені ол бұрында бар болған, ал оның өнімділігі үйреншікті нұсқаға дәлдігімен анықталады. Д. осы мағынада «тірі, шынайы, бастапқы», ой елегінен өтпеген деп аталады. Ол бір жағынан, белгілі әрекеттерді және ережелерді ұстану арқылы таралса, екінші жағынан, ауызша, фольклор мен мифология арқылы таралады. Д. бүкіл құрамы символикалық мағынаға толы, белгілі мәдениетте бекіген мағына мен архетиптерге сілтеме жасайды. Шынайы Д. ритуалдық нұсқасы түпкі мағынасын жоғалтқанда әдет-ғұрыпқа айналады. Өте ерте замандардың өзінде, Ежелгі Шығыс, немесе антикалық қоғамдарда Д. өзгеріске түсіп, ақылға көнуге икемделіп, мамандар жасайтын мәдениеттің қолына түседі. Мұнда ол әріптік-таңбалық нұсқаға ауысып, белгілі мәтіндерде сақталады. Осындай өңдеуден өтіп, Д. қайтадан нақты рәсімге айналады да, осы шақтағы тірі субъектердің ұстамы ретінде қызмет етеді. Сөйтсе де, ол дәстүртанушы тұлғаның мұқтажына байланысты түрлі сипатқа ие болады. Оны тұтынушы, немесе, жаратушы тұлғалар пайдалануы мүмкін. Соңғы жағдайда авторлық Д. пайда болып, жаңаша тәжірибе қалыптастырады. Міне, осындай жағдайларда шынайы және бастапқы емес, екінші дәрежедегі Д. сөз етуге болады. Бастапқы және екінші дәрежедегі Д. қосындысы кең мағынадағы Д. ұғымын құрайды. Д. бұл екі түрін біріктіретін нәрсе, олардың сыртқы күштің қатысуынсыз өз бетінше тірлік етуіне, ал айырмасы екінші дәрежедегі авторлық Д. жекетұлғалық ой елегінен (рефлексия) өтуіне байланысты. Д-лі қоғам деп өзгеріске түсуге құлықсыз, тек Д. шеңберінде тірлік ететін қоғамды атайды.

ДЕВИАЦИЯ (көнелатын. devіatіo ауытқу) жалпыға ортақ қалыпты нормадан ауытқу, яки жеке адамның немесе топтың осы жалпыға ортақ қалыпты нормадан ауытқып, оның жалпы қоғамға немесе белгілі бір топқа жағымсыз әсері болатын әлеуметтік әрекеті. Бұл термин мәдениеттануда субмәдениетті түсіндіру үшін қолданылады.

ДЕГРАДАЦИЯ (франц. degradatіon құлдырау) бірте-бірте төмендеу, құлдырау; жағымды қасиеттердің төмендеуі немесе жоғалтуы. Мәдениет деградациясы, белгілі бір мәдениеттің тұрақты элементтерінің (қалыптары мен идеалдарының) құлдырауын немесе жоғалып кетуін білдіретін ұғым-термин.

ДЕГУМАНИЗАЦИЯ, бейгумандық қоғамдық өмірдегі рухани, адамгершілік және гумандық құндылықтарды жоғалту немесе мойындамау, қабылдамау, адамдарды сыйламау, оның адамгершілік қасиетіне менмендік таныту. Өнердегі Д. ұғымын ғылыми айналымға енгізген Ортега-и-Гассет. Өнер шығармаларынан бейгумандық әсер қалдырар деген жерлерін алып тастау керек деген ой Ницшенің «тіпті қарабайыр, адам өмірін бейнелеуде сол өмірдің өзің сүреңсіз қалпында бере салған» деген тұжырымымен түйінделеді. Д. өнерде ХХ ғ-да пайда болған авангардтық-модернистік ағымға социологиялық және эстетикалық талдау жасау барысында кеңінен қолданады.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы, 2007.

Деизм (лат. Deus құдай) құдайдың болғандығын, кейіннен өз заңдары бойынша дамитын дүниенің бейнесіз алғашқы себебі ретінде мойындайтын ілім. Д-нің негізін қалаушы – 17 ғ. ағылшын философы Г.Чефтсбери. Құдайдың әлеммен және адаммен байланысын мойындайтын теизмнен, құдайды табиғатқа сіңістіретін пантеизмнен және құдайдың болғандығын бекерге шығаратын атеизмнен Д-нің айырмашылығы бар. Шіркеулік дүниетаным үстемдік еткен кезде Д. көбінесе атеизмнің жасырын формасы, материалисттердің діннен аластауының қолайлы әдісі болды. Францияда – Вольтер, Руссо, Англияда – Локк, Ньютон, Толанд, Германияда – Лейбниц, Лессинг, ал Россияда – И.И. Панин және т.б. Д. өкілдері болды.
Әдебиет: Философиялык энциклопедиялык сөздік. М., 1983.
ДЕКАДАНС (франц. dekadance түңілу) – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басыңдағы өмірден түңілу, келешектен үмітсіздікке бой алдыру сарындары, дара тұлғалардың жекеленуі байқалғанын білдіретін, Еуропа мәдениетінде көрініс тапқан тоқырау құбылысының жалпы атауы. ХХ ғасырда модернизм ұғымымен байланыстырылған кейбір бағыттардан Д. өзінің ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Д. аумалы-төкпелі замандағы адамның құлазыған көңіл-күйін ашып көрсетуге ұмтылу, қоғамдық талас-тартыстан алшактап дарашылдық, сыршылдық сезімге бой ұрады. Төңкерістік бағыттағы үрдістердің қоғамды соқыр сенімның жетегімен қиратуға бағыттайтынын көріп, Д. бағытындағы суреткерлер торығу күйін кешті. Д. бағытындағы суреткерлердің көзқарасы бойынша, кез-келген таптық күрес пен қоғамдық прогресс формасының мақсаты қоғамдағы қатынасты қайшылыққа әкеледі деп таниды. Өнердің саяси және азаматтық тақырыптан оқшаулануы суреткерлердің пікірінше шығармашылықтың еркіндік жағдайымен тікелей байланысты. Д. «өнер өнер үшін» деген қағиданы қолданғаны да тек қоғамдық күрестен бас тарту деп қана қарамай, көркем өнердің, әдебиеттің өзіндік құндылығын ескеру, шығармашылықтың еркіндікті сақтауға ұмтылу деп таныған жөн. Д-тың Тұлғаның еркіндігін тануы жалпы эстетикалық құндылықтардан, сұлулықты талғам биіктігімен пара-пар тең қарастырумен үндеседі. Д-тың тұрақты тақырыбы – өмір мен өлім мотиві, рухани құндылықтар идеалына деген сағыныш сарыны болып табылады. Д. барлық жағынан өнер мен әдебиетті әр деңгейде суреткер шығармашылығынан көрініс тапқан бағыты – «модерн» стилінде, символизм ағымында деп айтуға болады.

ДЕКАРТ, Рене (латынша аты Картезий) – 1596 жылы 31 наурызда Лаэ қалашығында дүниеге келіп, 1650 жылы 11 ақпанда Стокгольмде өмірден озған француз математигі, философы, физигі және физиологы, аналитикалық геометрия мен қазіргі алгебраикалық символиканың негізін қалаушы, физикадағы механицизмнің, психологиядағы рефлексиологияның, философиядағы дуализм мен түбегейлі күмәндану әдісінің авторы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет