Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет52/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007.

ӘДЕТ – қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне қойылатын бұлжымас қағидаларға айналған моральдық талаптар, жөн-жосық, жол-жоралғы. Ислам дінін тұтынатын халықтарда шариғатқа қосымша ретінде қолданылады. Ә-тің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік нормаларына сәйкес ретке келтіріп отырумен байланысты. Келесі бір мағынасында Ә. адамның күнбе-күнгі тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшеліктерін білдіреді. Қазақта «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген қанатты сөз бар. Оң мағынасында Ә. күнделікті өмірде қолданылатын ой тізбектері мен іс-қимыл реттілігін ұтымды, дайындықсыз, қалыптасқан түрде жүзеге асыруға себебін тигізеді. Бұл сипатта Ә. саналы пайымнан гөрі адамның бейсаналық, тылсымдық қатпарларынан бастау алып отырады. Жағымды Ә. қоғамдағы тұлғааралық және топаралық үйлесімдік пен ынтымақтастықты арттырудың құралы іспеттес және тұлғаны қайталанылатын шешімдерден босатып, оның әрекетін күрделі мәселелерді шешуге бағыттайды. Қылық пен мінез-құлықтағы теріс Ә. адамдық қауымдастық мәдениетіне кері әсерін тигізіп, тұлғалардың берекесін кетіріп және оғаш қылықтарымен өзінің де абыройы мен қадір-қасиетін төмендетеді. Жүріс-тұрыс мәдениеттілігін күнделікті өмірде дәйекті қолдану қазіргі өркениеттіліктің маңызды талабына айналып отыр.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007.

ӘДІЛДІК, әділеттілік дәстүрлі құқықтық мәдениетте адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың белгілі тәртібіне тікелей қатысты принцип, адамның қоғам алдында ғана емес, сонымен бірге қоғамның тұлға үшін де жауаптылығын көрсететін, адамдардың өмір сүруі жағдайлары мен санасын білдіретін әлеум.-этикалық категория. Ә. – ізгіліктің ірге тасы. «Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ» (Абай). Ә. уақыт ағынында өзгеріп отырады. Оның алғашқы түріне көне қоғамдағы «жазалаушы әділеттілік» деген жатады. «Қанға қан, жанға жан», талион, кек алу принциптері ілкі санада Ә. саналды. Қылмыс пен жаза, әрекет пен айыптау мәселелері Ә-тің осы түсінігімен түбірлес. Қоғамдағы меншіктік қатынастардың қалыптасуына байланысты жазаланушы Ә-тің орнына оны тепе-теңдік тұрғыдан түсіну алдыңғы қатарға шықты. Қоғамдық байлықты барлығына бірдей үлестіру идеясы Ә. талабына айналды. Бұл ұран желеуімен талай қантөгістер, төңкерістер, бүліктер жүріп жатты. Әлеум. әділеттілікті орнатамыз деген желеумен бір ғасырға жуық коммунистер өз халықтарына бақытсыздық әкелді. Соц. қоғам «байлық бұл әділетсіздік, ол кісіні аздырады, адам неғұрылым кедей болса, оның руханилығы жоғарылай түседі» деген жаңсақ пікірді құлаққа құйып келді. Шын мәнісінде, қабілеті мен білігі тең емес адамдарға мүлікті бірдей үлестіріп беру әділетсіздіктің айқын көрінісіне жатады. Мұндай түсінік әлеум. енжарлыққа әкеп соғады. Алайда әлеум. теңдік өркениетті қоғам құрудың басты шарты. Адамдар құдай алдында, әдеп, құқық, заң алдында тең және бірдей мүмкіндікке ие. Нарықтық қоғамда «мүмкіндіктер теңдігі мен әділеттілігі» деген өмірлік принципі кең етек жайған. Қоғамдық қатынастар әрбір адамның өзіндік мақсатына жету мүмкіндіктерін шектемеуі керек. Ә-тің басты өлшемі – адам құқықтары теңдігінің жүзеге асуы, нәтижелер теңдігінің жүзеге асуы.»Нәтижелер теңдігі» қоғамдық байлықты өмірде табысқа жете алмаған адамдардың пайдасына қайта бөлуге әкеледі. Бұл экономикалық даму ынталылығын азайтады. Мыс., дәрігер мен санитардың, профессор мен ассистенттің еңбегін тең бағалау әділетсіздікке жатады. Алайда қоғам мүліктік теңсіздікті тым тереңдетіп жібермеуге тырысуы қажет. Қоғам үшін пауперлер мен люмпендердің, кедей адамдардың қатары көбейуі қымбатқа түседі. Ол қоғамдық ынтамақтастық пен тұрақтылыққа кері әсерін тигізеді.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет