Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни



бет51/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ӘБУ Райхан әл-Бируни, Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни [4. 10. 973, Қият қ. Маңы (Қарақалпақстан, Бируни қ. – 11. 12. 1048, кейбір деректер бойынша, 1050 жылдан кейін, Ғазни қ. Ауғанстан) – ортаазиялық энциклопедист-ғалым. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика, медицина, геология, минералогия, т.б. ғылым салаларын қамтиды. Ол өз заманына лайық білім алып, Әбу Абдаллаһ әл-Хорезми, Әбу Наср әл-Фараби, Ғаббас әл-Жауһари, т.б. дәстүрлерін жалғастырды. Орта Азия мен Иран қалаларында болып, атақты астроном, математик Әбу Наср Мансур ибн Ирактан дәріс алды. Ә. Р. әл-Б. – парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. 995 – 1010 ж-дары Иранда тұрды. Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл-Асар әл-Бақийа ән әл-Құрұн әл-Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 ж. Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырған Үргеніштегі (қазіргі «көне Үргеніш») ғыл. ортлықта Ә. Р. әл-Б-дің басшылығымен Әбу Әли ибн Сина, Әбу Саһл Массих, Әбу Хасан ибн Хаммар, ибн Мискавейх, т.б. көрнекті ғалымдар ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізді. Ә. Р. әл-Б-дің «Асыл тастар» (1048) еңбегі бөлімнен құралған. 1-бөлімде (36-тарау) лағыл, меруерт, ақық, маржан, қараба, алмас, шыны, «Жылан тасы», т.б. баяндаған. 2-бөлімі (12 тарау) алтын, күміс, сынап, мыс, темір, қорғасын, қалайы.
Әдебиет: Әлемдік философиялық мұра. Т. 5. Алматы: Жазушы, 2006; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 14. Философия тарихы. Астана: Аударма, 2006.
ӘДЕП қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптарды білдіретін ұғым. Ә-тің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтіруімен байланысты. Бұл сипатта Ә. мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады. Мәдениеттің қалыптасу барысында ізгі мінез-құлық белгілері әдептілік талаптарына айналып отырған. Ә. өлшемдері арнаулы қаулы арқылы жарияланбайды және олар данышпан адамдардың ойлап тапқан құндылықтары емес. Ә. ережелері өркениет пен мәдениеттен сұрыпталып алынған. Қазіргі заманғы ғылым Ә-тің қалыптасуына әсер еткен 3 басты факторды атап өтеді. Олар: жыныстық қатынасты реттеу арқылы аналық рудың пайда болуы; тайпа мүшелерін өлтіруге тыйым салу; қариялар мен балаларға қамқорлық ету. Мәдениеттің өзегін салт-дәстүр Ә. құрастырады. Егер соқыр сезім жануарлар тіршілігіне қалай әсер етсе, салт-дәстүр де алғашқы адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына, ақыл-ойына сондай әсер етеді. Дәстүрлі қоғамдағы Ә-тің қарапайым түрін кейін рационалды имандылық қағидалары алмастырды. Алайда бұдан көне Ә. жоғалып кетті деген ой тумайды. Себебі көне мәдениет қазіргі ұлттық мәдениеттің архиетипі қызметін атқарады. Қазақ халқының ұлттық Ә. жүйесі сонау көшпелілер мәдениетінен нәр алады. Ол казіргі заман талаптарына сәйкес жаңара түскенімен, бастапқы негізін сақтап келеді. Ә. – адамның жаратылысынан бері қарай пайда болған әрі тәрбие арқылы қалыптасып, қол жеткізілген рухани білім жүйесін білдіретін жинақтық ұғым, философиялық этикалық категория. Ә. адамның оң мінез-құлықтық нормалардың жиынтығы. Ә. адамда туа пайда болмайды, жүре қалыптасатын, оның өмірімен бірге өсіп, жетілетін моральдық болмыс, моральдық сапа мөлшері. Сондықтан Ә. – кез-келген қоғамның түпкі мақсаты. Қоғамдағы жоғары құндылық – әдепті адам. Әдепті адам – қоғамның рухани байлығы, биік мәртебесі. Ә. – адам баласын жоғары дәрежеге көтеретін рухани ілім, білім. Ә. нормалары – ол адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынасты жарасымдылық, сыйымдылық, үйлесімділік, қолайлылық, жағымдылық, ұнамдылық, бір сөзбен айтқанда, адамгершілік-имандық шарттар тұрғысынан әлеумет мінезін реттеудің шартты қағда-ережелері болып табылады. Ә. ұғымы философияның адамгершілік құлық саласы – әдептанудың арнайы зерттейтін пәні болып табылады. Ә-тілік – нәсіл қуатын құбылыс емес. Ол – алдыңғы буыннан кейінгі буынға мұра ретінде берілетін, ал жас ұрпақ оқып-үйренетін, бойына сіңіретін, дамытып, жетілдіретін, рухани ынта мен еңбекті қажет ететін моральдық сапа. «Аға әдепті болса, іні әдепті. Апа әдепті болса, сіңлі әдепті», «Мейірімділікті ападан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» дейтін қазақ мақалдары, Абайдың: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» – дегені соның дәлелі. Ә-ке тәрбиелеу қоғамдық институттар: отбасы, мектеп, ұжым, мекемелердің төл ісі. Мұхаммед Пайғамбар Құран әдебін тікелей өзі бастап орындап, біздерге үлгі қалдырып: «Мен жақсы әдетті толықтыру үшін жіберілдім» (Муатта, Хуснул хулқ 1) – десе, Аристотель: «Барлық өнер атаулы және соның ішінде тәрбие өнері адамға табиғаттан жетіспеген жақтарын толықтыру мақсатын көздейді» – деп жазады. Ә-тің өз наным-сенімдері, ұстанымдары, өлшемдері, негіздері, рухани ұйытқысы мен мәйегі болады. Әдептанудың мақсаты – адамға жамандықтың зияндылығын түсіндіріп, одан бойды аулақ ұстауға баулып, тура жолды: әдептілік, адамгершілік жолын сілтеу. Ә. адамның өмір сүру тәсілі мен амалына, өмір жолына байланысты. Демокрит: «Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан көрі, жаттығудың рөлі зор» – десе, И.Гете: «Біз өз бойымызда Ә. сезімін дамытуға тиіспіз. Өйтпесек, адамдардың ілтипатынан оп-оңай айрылып қалуымыз мүмкін. Бұл қателігі үшін адам өмірде өте көп зиян шегеді. Өкінішке орай, ұрпақтарын осы ауыр зияннан құтқара алмай-ақ келеді» – деп көрсетеді. «Ә-ті бала – арлы бала, ә-сіз бала – сорлы бала» – деп келеді халық мақалдарында. Әдеп әліппесі адамды кісілігі тұтас тұлға етіп тәрбиелеуді, тұрақты ізгі қасиеттерін қалыптастыруды көздейді. Ә. турашылдық, азғыруға қарсы тұру, ізеттілік талаптарының бұзылуына қарсы тұру тілегі, ұялу сезімі, адамдарға қайырымдылық, мейірімділік көрсету, қанағатшылдық, өзін басқаның орнына қоя білу мәрттігі, қайырлы іс істеуге, жамандыққа қарсы тұруға ұмтылу, кіші пейілділік, кешірімділік, пәктік, өзгенің тілегін құрметтеу, ұқыптылық, тазалық және т.б. сияқты ұғымдарды қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет