Ќр денсаулыќ саќтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата09.05.2023
өлшемі0,6 Mb.
#91275
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
15. жарықтың затпен әсерлесуі. ФЭК



«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. 
АСФЕНДИЯРОВА»
Биофизика курсымен қалыпты физиология 
кафедрасы
Әдістемелік нұсқау 
72-92
7 бетттің 1беті 
Тақырыбы: 
Жарықтың затпен әсерлесуі. Боялған ерітінділердің концентрациясын 
фотоколориметриялық әдіспен анықтау.
 
Мақсаты :
1. 
Фотоэлектрлік түрлендіргіштердің негізгі түрлерімен танысу және олардың жұмыс істеу 
принциптерін оқып-үйрену.
2. Фотоэлектрлік түрлендіргіштердің негізгі түрлерін, жұмыс істеу принциптері мен қолданылу 
облыстарын оқып үйрену.
3. Биологиялық объектілердің құрамын жұтылу спектрлері бойынша анықтауга арналған зерттеу
әдістерімен танысу. 
4. Биологиялық объктілердің оптикалық тығыздығы бойынша заттың
концентрациясы туралы қортынды жасау. 
Оқыту міндеттері: 
1. Фотоэффект құбылысын, олардың фототүрлендіргіштерде қолданылуларын қарастыру.
2. Спектрофотометрлер көмегімен фотобиологиялық үрдістерді зерттеу. 
 
Тақырыптың негізгі сұрақтары: 
1. Фотоэлектрлік эффект құбылысы 
2. Жұмыс істеу принципі фотоэффект құбылысына негізделген фотоэлектрлік приборлар. 
3.Жұтылу спектрлерінің көмегімен фотобиологиялық үрдістерді зерттеу әдістері. 
4. Жұтылу спектрлерін алуға арналған құралдар. 
5. Жүйенің жұту қабілеттілігін анықтаушы факторлар. 
6. Бугер-Ламберт-Бер заңы (ағылшын тілінде талдау).
7. Жарық ағыны жұтылуының тәуелділіктері.
Оқыту мен үйрету әдістері: Ситуациялық есептер шығару. Зертханалық жұмысты орындау. 
 
Тақырыптың қысқаша мазмұны. 
Рентген аппараттарының кеңінен қолданылуы, зерттеу кезіндегі сәулелену дозасын азайту 
қажеттілігі рентген қондырғыларына жаңа талап қоя бастады. Классикалық рентген сәулелерімен 
сәулелендіру және ота жасау бөлмелерінде рентгендік зерттеу жүргізу дәрігерге және емделушіге 
үлкен қауіп әсерін тудырады. Рентгеноскопия кезінде экранның әлсіз жарқырауы сәулеленудің аз 
дозасында рентгендік видео түсіруді және рентгендік теледидардық сәулелендіруді жасауға 
мүмкіндік бермейді.
Бұл мәселелер рентген шоғының аз интенсивтілігімен жарық бөлмеде сәулелендіру жасауға 
мүмкіндік беретін рентгендік кескіннің жарықтылығын күшейткіштер жасалған соң шешімін 
тапты. Бұл кезде емделушіге түсетін бірінші ауырлық азаяды және шашыраңқы сәулелену кемиді. 
Радиациялық қауіп ұзақ рентгендік зерттеулер жағдайында да артпайды. Электрондық оптикалық 
түрлендірушінің (ЭОТ) көмегімен сәулелендіру кезінде кескін анық болып, зерттеу уақыты 
қысқарады. Көп жағдайда анық сәулелендіру суретті қажет етпейді. Экранның жоғары дәрежеде 
жарқырауы рентгендік видеотүсіруді және теледидарлық сәулеленуді қолдануды мүмкін етеді.
Рентген кескінінің жарықтылығын күшейткіштердің сипаттамалары. ЭОТ принципінің маңызы, 
зерттелуші арқылы өткен аз интенсивтілікті рентген сәулелері кескінді түрлендіруші көмегімен 
күшейтіледі де көрінетін сәулелерге түрленеді.
Рентген кескінінің жарықтылығын күшейткіштердің құрылымы.  Қондырғы екі блоктан тұрады: 
1) оптикалық жүйе мен кескінді электрондық түрлендіргіштен құралатын рентген кескінінің 
жарықтылығын күшейтуші блок және 2) кескінді түрлендіргішті жоғары вольтпен қамтамасыз ететін 
блок. Бұл екі блок жеке қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет