«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА» Биофизика курсымен қалыпты физиология
кафедрасы
Әдістемелік нұсқау
72-92
7 бетттің 5беті
Өздігінен орындауға арналған есептер 1.
Цезийдің бетіне перпендикуляр бағытта толқын ұзындығы 75 нм ултра күлгін сәуле
түседі. Егер цезийдегі электрондардың шығу жұмысы 1,97 эВ болса, онда одан ұшып шыққан
электрондардың максимал жылдамдығы неге тең болады?
2. Литийден электрондардың шығу жұмысы A=2,5 эВ. Литийді толқын ұзындығы
нм 50
монохроматты жарықпен жарықтандырғанда фотоэффект құбылысы бола ма?
3. Концентрациясы 0,05 моль/л қандай да бір ерітіндіден жарық өткен кезде оның бастапқы
қарқындылығы 25 есе кеміді. Кюветаның ұзындығы 0,5 см. Болса, онда осы заттың молярлық
жұтылу көрсеткіші неге тең болғаны?
4. Заттың 4%-тік мөлдір ертіндісі арқылы қалыңдығы
мм l 20
1
кюветтен өткен жарық өзінің
қарқындылығын екі есе әлсіретеді. Осы заттың 8%-тік ертіндісінде қалыңдығы
мм l 30
кюветтен өткен жарық қарқындылығын неше есе әлсіретеді?
5. Ертіндіден өткен кезде жарықтың бастапқы энергиясының 1/3 жұтылады. Ертіндінің өткізу
коэффициенті мен оптикалық тығыздығын анықтаңыз.
Зертханалық жұмыстың орындалу барысы Керекті құрал-жабдықтар: Фотоэлектрлік колориметр КФК-2, концентрациялық колориметр, әртүрлі қалыңдықтағы кюветтер жиынтығы, стандартты ерітінділер жинағы, концентрациясы белгісіз ерітінді. Фотоэлектрлік концентрациялы КФК-2 колориметріжарық фильтрінен шығатын
толқын ұзындығы 815-980 нм диапозонының әртүрлі аймақтарында сұйық ерітінділер мен
қатты денелердің өткізгіш коэффициенті мен оптикалық тығыздығын өлшеу, сонымен қатар
шашыратушы қосындылар (смесь) эмульсия коллоидты ерітінділер арқылы жарықтың өтуіне
байланысты өткізгіш коэффициентін анықтауға мүмкіндік береді. Колориметрдің жұмыс істеу
принципі еріткіш немесе бақылау ерітіндісі арқылы өткен жарық ағынын және белгісіз ерітінді
арқылы өткен жарық ағындарын кезек өлшеп, екеуін салыстырып отыруға негізделген. Жарық
ағындары Ф және Фо фотоқабылдағыштарда электрлік сигналға түрленіп, құралдың
шкаласында өткізгіштік коэффициенті немесе оптикалық тығыздығы ретінде көрінеді.
Сол сияқты ерітінділер үшін алдын ала түсірілген градуирленген график арқылы заттардың
концентрациясын өлшеуге болады.
Колориметр медицинада, химиялық және тамақ өндірісінде қолданылады.
Ерітінділердің активтілігін, коллоидты ерітінділермен эмульсиядан өтетін жарықты және
олардың өткізгіштік коэффициентін өлшеу үшін қолдануға болады.
Ерітінді немесе тексеру ерітіндісі арқылы өтетін жарық ағындарын кезекті өлшеу,
колориметрдің жұмыс принциптеріне негізделген.
Жарық ағындары және фотоқабылдағыштар электр сигналы ретінде және құралдың шкаласы
өткізгіштік коэффициентін және оптикалық тығыздығын көрсететін құрал ретінде
пайдаланылады.
Колориметр колориметрлік, фотометрлік блоктар және жарықтандырғыштан тұрады.
Тексерілетін және эталондық ерітінділері бар кюветтер, кювет ұстағышқа орнатылады. Екеуіне
кезек-кезек жарық түсіру үшін тұтқаны оңға және солға бұру арқылы жүзеге асырамыз. Кювет
қақпақпен дұрыстап жабылады. Егер қақпағы ашық болатын болса, кюветке түсетін жарық
жолына шымылдық жабады.