Ќр денсаулыќ саќтау министрлігі


«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата09.05.2023
өлшемі0,6 Mb.
#91275
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
15. жарықтың затпен әсерлесуі. ФЭК

«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. 
АСФЕНДИЯРОВА»
Биофизика курсымен қалыпты физиология 
кафедрасы
Әдістемелік нұсқау 
72-92
7 бетттің 2беті 
Рентген кескінінің 
жарықтылығын 
күшейткіштердің схемасы  
 
1. Рентген түтігінің фокусы; 2. Рентген сәулесінің шоғы; 3. 
Сәулелендірілетін 
объект; 
4. 
электронды-оптикалық 
түрлендіргіш; 5. фото-катод; 6. Кескіннің айқындылығын 
орнатушы электрод; 7. электрондар шоғы; 8. анод; 9. экран; 
10. Көрінетін жарық шоғы; 11. Айналмалы призма; 12. Жарық 
сәулесінің жолын өзгертетін барытма; 13. камера; 14. 
Кескінді 180
0
-қа бұратын призма; 15.көру лупасы; 16. Бақылау 
орны.
Емделушінің ағзасы арқылы өткен рентген сәулесі кескінді 
түрлендіргіштің фотокатодына түседі. Рентген сәулесінің 
әсерінен фотокатодтан ұшып шыққан электрондар ағыны 
үдетіледі де, электр өрісімен фокусталады. Үлкен жылдамдық 
алған электрондар флюоресценттік экранға соғылып, ол жерде 
көзге көрінетін жарық пайда болады да, экранда емделішінің 
кескіні көрінеді. Бұл кескін айналмалы призманың көмегімен 
кескінді қабылдаушыға проекцияланады (теле- немесе 
кинокамераның перископтық құралы). Диаметрі 20 - 25 мм 
флюоресценттік экранда пайда болатын объектінің кескіні 
окулярдың көмегімен шын өлшеміне дейін үлкейтіледі.
 
Фотоэлектрлік түрлендіргіштер және олардың қолданылуы 
Фотоэлектрлік эффект (фотоэффект) дегеніміз жарықтың затпен әсерлесуі кезіндегі 
электрондар эмиссиясының (сыртқы фотоэффект) пайда болу, немесе заттың электр 
өткізгіштігінің өзгеруі, я болмаса электр қозғаушы күшінің пайда болу ( ішкі фотоэффект) 
құбылыстары. Жарықтың затпен әсерлесуі кезіндегі фотоэлектрлік құбылыстар Эйнштейннің 
фотоэффектіге арналған теңдеуімен сипатталады: 
Жұмыс істеу принциптері фотоэффект құбылысына негізделген электровакуумдік немесе 
жартылай өткізгіштік приборларды фотоэлектрондық деп атайды. Солардың бірнешеуінің 
құрылысын қарастырайық.. Фотоэлектрондық приборлардың кең тараған түрі фотоэлемент 
болып табылады. Сыртқы фотоэффектіге негізделген фотоэлемент электрондардың көзі болып 
табылатын, жарық түсетін — фотокатод К, және А анодтан тұрады (1а - сурет), барлық жүйе 
ішінен ауасы сорылып алынған шыны баллонға орналастырылған. Жарық сезгіш қабат түрінде 
жасалынған фотокатод баллонның ішкі бетіне тікелей жасалынуы мүмкін (1б- сурет). 1в- 
суретте фотокатодтың тізбекке қосылу схемасы көрсетілген. 
Вакуумдых фотоэлементтер үшін жұмыс режимі ретінде жарық ағынының әртүрлі 
мәндерінде алынған вольтамперлік сипаттамасының горизонталь бөлігіне сәйкес келетін 
қанығу режимі алынады (2 - сурет; Ф
2

1
). 
Фотоэлементтің негізгі параметрі ретінде фототок күшінің сәйкес келетін жарық ағынына 
қатынасымен өрнектелетін сезімталдығы алынады. Бұл шама вакуумдық фотоэлементтерде
100 мкА/лм дейін жете алады.. 
Фототокты күшейту үшін газ толтырылған фотоэлементтерді де қолданады, оларда 
металдардың бетін алғашқы электрондармен атқылау кезінде инертті газдарда өздігінен тыс 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет