Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы


Астана қаласында «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш»



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата06.03.2017
өлшемі6,13 Mb.
#8098
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Астана қаласында «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» 
монументінің ашылуына орай және Елбасы Н.Назарбаевтың 
тікелей тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған «Қазақстандағы 
ашаршылық: халық қасіреті және тарих тағылымы» атты 
халықаралық ғылыми конференцияда ел басына төнген қасірет 
жайлы егжей-тегжейлі айтылды. Конференцияның пленарлық 
отырысын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 
министрі Бақытжан Жұмағұлов ашып, алғашқы сөз кезегін 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар 
Құл-Мұхаммедке берді. Конференцияда ҚР БҒМ ҒК Мемлекет 
тарихы институтының директоры, профессор Бүркітбай Аяған, 
Ресей экономика мұрағатының директоры Елена Тюрина, Ресей 
және Еуразияны зерттеу бағдарламасы бойынша Халықаралық 
бейбітшілікті қолдау жөніндегі «Карнеги» қорының жетекші 
ғылыми қызметкері Марта Олкот, Мельбурн университетінің 
профессоры Стивен Уиткрофт, Франция Ұлттық ғылыми-зерттеу 
орталығының жетекшісі Изабель Огайон, Мэрилэнд штаты 
университетінің профессоры Сара Камерон, Қырғыз Республикасы 
Дипломатиялық академиясының кафедра меңгерушісі Зай нидин  
Курманов, Гумбольд атындағы Берлин университетінің профес-
соры Роберт Киндлер, Әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің 
докторанты Ксавьер Аллезд, Қазақстандағы ашаршылық 
тарихын зерттеген тарихшы ғалымдар: – Талас Омарбеков, 
Жұлдызбек Әбілғожин, Хангелді Әбжанов баяндама жаса-
ды. Баяндамаларда ашаршылық қасіретінің себептері, оның 
ауқымдылығы мен салдары, мәселелері жөніндегі зерттеулер, 
жаппай отырықшыландыру нәтижелері, қазақ ашаршылығы 
туралы Батыс тарихнамасындағы деректер мен 1930 жылдардың 
басында Қазақстанда болған ашаршылық құрбандары жайында 
нақты деректер жан-жақты талқыланды. Шетелдік және отандық 
зерттеуші-ғалымдар қатысқан конференцияда оқылған баяндама-
ларды ықшамдап ұсынып отырмыз.
ҒАСЫР АПАТЫНА – 80 ЖЫЛ

20
Мұхтар Құл-МҰХАММЕД 
Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік хатшысы
ЕҢ ҚАСІРЕТТІ ОҚИҒА
Еуразиядай  алып  құрлықтың  жүрегінде 
орналасқан,  өз  аумағына  бес  Франция  еркін 
сыятын  Қазақстанның  арғы-бергі  тарихын-
да  жан  алысып,  жан  беріскен  алапат  соғыстар 
мен  алмағайып  оқиғалар  аз  болған  жоқ.  Бірақ 
солардың  бірде-бірінде  қазақ  халқы  ашаршылық 
жылдары орын алғандай аса зор адам шығынына 
ұшыраған  емес.  Сондықтан  ашаршылық 
қазақ  тарихындағы  ең  қасіретті  оқиға  болды. 
Коммунистік  идеология  үстемдік  еткен  кешегі 
Кеңес  Одағы  сияқты  тоталитарлық  мемлекет-
те  ашаршылық  тақырыбы  мүлде  зерттелмеді, 
ақиқатын  айтар  болсақ  –  оны  зерттеуге  тый-
ым  салынды.  Сондықтан  ашаршылық  туралы 
шындық  Кеңес  Одағы  тарихындағы  ақтаңдақтар 
там-тұмдап  ашыла  бастаған  өткен  ғасырдың 
80-жылдарының  соңында  ғана  айтыла  бастады. 
Сол  кезде  көрнекті  қазақ  тарихшысы,  академик 
Манаш Қабашұлы Қозыбаев бастаған, академик-
тер  –  Кеңес  Нұрпейісов,  Мәлікайдар  Асылбе-
ков,  профессорлар  –  Мақаш  Тәтімов,  Жұлдыз 
Әбілғожин,  Қайдар  Алдажұманов,  Мәмбет 
Қойгелді,  Бүркітбай  Аяған,  Хангелді  Әбжанов, 
Талас Омарбековтердің мақалалары мен ғылыми-
зерттеу  еңбектері  қазақстандық  тарихнама 
ғылымында  жаңа  тақырыпты  қалыптастырып, 
бұдан  кейінгі  зерттеулерге  кеңінен  жол  ашты. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті,  Ел-
басымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  1995 
жылдың  24  наурызының  өзінде,  Қазақстан 
халықтары  Ассамблеясының  бірінші  сес-
сиясында:  «Кеңес  Одағының  барша  тарихы 
халықтардың  құқықтарын  аяққа  басушылық  пен 
тікелей  қырып-жою  секілді  көптеген  келеңсіз 
жайлардан тұрады. Бұл – 1920-1930 жылдардағы 
миллиондаған  адам  қырылған  аштық.  Қазақ-
тардың  саны  жартысына  дейін  қысқарса,  орыс-
тар  мен  басқа  халықтар  миллиондаған  адал 
еңбеккерлері  мен  жігерлі  жандарынан  айырыл-
ды.  Көптеген  ұлттардың  генофондына  орасан 
зор  зиян  келді»,  –  деп  нақты  саяси  баға  берді. 
Міне, осындай ашық та айқын саяси бағадан кейін 
ғана  отандық  ғалымдар  түрлі  мұрағаттардағы 
алуан  түрлі  құпия  деректерді  қарауға  мүм-
кіндік  алып,  нақты  фактілер  мен  ақиқатқа  негіз-
делген  ашаршылық  трагедиясына  арналған 
ғылыми  еңбектердің  тұтас  сериясы  жасалды. 
Дүниежүзінің  әр  елінен  келген,  Қазақстандағы 
ашаршылық  тақырыбын  арнайы  зерттеумен 
айналысатын  ғалымдар  оның  қалай  пайда  бо-
лып,  қандай  зорлық-зомбылықтармен  жүзеге 
асырылғанын,  қаншалықты  орны  толмас 
қасіреттерге  әкелгенін  жан-жақты  талдайтын 
болады.  Сондықтан  мен  кейбір  концептуал-
ды  мәселелерге  ғана  тоқтала  кетуді  жөн  көрдім. 
Біріншіден,  ашаршылық  бүкіл  Кеңес  Одағының 
қасіретіне айналды. Қазақстанмен қатар Украина, 
Беларусь және Ресей Федерациясының Еділ бойы, 
Орталық қаратопырақты аймақ, Орал, Батыс Сібір 
мен  Солтүстік  Кавказ  өл ке лерін  қамтыды.  Бірақ 
ашаршылықтан  ең  көп  зардап  шеккен  Қазақстан 
болды. Екін  шіден, жаппай ұжымдастырудан қазақ, 
украин, орыс халқының өкілдерімен қатар жоғарыда 
аталған  өлкелердегі  басқа  да  көптеген  ұлттың 
өкілдері қасірет шегіп, құрбан болды. Сондықтан 
ол  бір  ғана  ұлттың  емес,  бүкіл  мемлекеттің  тра-
гедиясына айналды. Үшін шіден, күштеп, зорлық-
зомбылықпен жүзеге асырылған ұжымдастырудан 
Ресей,  Украи на  және  Қазақстанда  7  миллион-
нан  астам  адам  құрбан  болды.  Ашар шылық тан 
ең  көп  қырылған  –қазақтар  еді.  Төртін шіден, 
ұжымдастыру  науқаны  халықтың  ашу-ызасын 
туғызып,  бүкіл  Кеңес  Одағы  бойынша  6000-нан 
аса  түрлі  толқулар  мен  көтерілістерге  ұласты. 
Және оның бәрі аса зор қаталдықпен, репрессивті 
машинаның  күшімен  басып-жаншылды.  1933 
жылы  белең  алған  қуғын-сүргін  біртіндеп,  1937-
38  жылдардағы  сталиндік  жаппай  репрессияға 
ұласты.  Бесіншіден,  күштеп  ұжымдастыру 
ауылшаруашылығын 
жүргізудің 
ғасырлар 
бойы  қалыптасқан  тәжірибесін  талқандап,  ел 
экономикасының, әсіресе ауылшаруашылығының 
тұралауына  әкеліп  соқтырды.  Міне,  осы 
жоғарыда  аталғандарды  саралай  келе,  Кеңес 
Одағында  30-жылдары  орын  алған  ашаршылық 
трагедиясына  «ешбір  қарусыз,  соғыссыз, 
тоталитарлық  жүйенің  қолымен  жасалған 
адамзат  тарихының  XX  ғасырдағы  ең  үлкен,  ең 
қасіретті гуманитарлық апаты деп баға берген жөн. 
Елбасымыз  ашаршылық  құрбандарына  арналған 
монументті  ашып  тұрып,  осы  бір  қасіретті 
оқиғаның  80  жылдығын  атап  өту  –  ең  алдымен, 
жазықсыз  құрбан  болғандардың  рухына  тағзым 
ету  үшін,  екіншіден,  тоталитарлық  жүйенің 
қолымен  жасалған  трагедиядан  тағылым  алу 
үшін  өткізіліп  отырғанын  атап  өтті.  Ендеше, 
Астана  төрінде  тұрғызылған  ескерткіш  қанды 
қасап  құрбандарына  тәуелсіз  ұрпақтың  мәңгілік 
тағзымы  болса,  бүгінгі  халықаралық  ғылыми-
ҒАСЫР АПАТЫНА – 80 ЖЫЛ

21
Кеңес  Одағының  бүкіл  аумағында  жүргізілген 
саясатпен  байланыстыра  қарау  керек.  Кремль 
басшылығының  Кеңес  Одағының  әртүрлі 
аймақ тарының  мәдени  және  экономикалық 
қажеттіліктерінің 
ерекшеліктеріне 
назар 
аудар  мағаны  күмәнсіз.  Қазақстан  тұрғын-
дарының  ұжымдастырудың  салдарынан  зор 
апатқа  ұшырағанын  естіп-білгенде  тиісті  ша-
ралар  қолданбауын  осымен  де  түсіндіруге  бо-
лады.  Солай  десек  те,  «Кремль  басшылығы 
нақты  этникалық  топты  жою  жоспарын  жа-
сады,  соны  жүзеге  асыруға  күш  салды»  деген 
тұжырымға  тоқтауға  болмайды,  бұл  мәселеге 
баға  беруде  біз  өте  сақ  болғанымыз  жөн. 
Ұжымдастыру мен ашаршылықтың салдарынан 
болып  жатқан  апаттың  алдын  алмауы,  қажетті 
шаралар  қолданбауы  –  әрине,  Мәскеудің  үлкен 
кінәсі.  Сталин  мен  оның  маңына  топтасқан 
азғантай  топ  мұны  аса  маңызды  мәселе  деп 
санамады.  Зерттеушілер  арасында  Қазақстан 
қасіретіне  кінәлілерді  іздеушілер  де  жоқ 
емес.  Қазіргі  замандағы  кейбір  зерттеулерде 
кінәлілерді  республикадан  тыс  жерден  кел-
ген  партия  қайраткерлері  қатарынан  іздеу  тен-
денциясы  айқын  көрініп  отыр.  Бұл  орайда 
Ф.И.Голощекиннің есімі жиі аталады. Меніңше, 
ұжымдастыру  саясатының  салдарынан  елде 
жаппай  етек  алған  ашаршылық  үшін  сол  кезде 
істің  басы-қасында  болған  үлкенді-кішілі  бас-
шылар бірдей жауап беруге тиіс.
Дерек пен дәйек 
• 1932 жылдың зобалаңындағы рес-
ми деректерге қарағанда, ашаршылық 
жылдары емшектегі сәбилердің 
72 пайызы, жеті жасқа дейінгі 
балалардың 60 пайызы қырылып 
қалған.
• 1932 жылы қазақтар арасын-
да туылған баладан өлген баланың 
саны артық болып, Орал қаласында 
бес есеге, Қостанайда екі есеге, 
Қызылжарда екі есеге артып кеткен. 
• 1932 жылы балалар үйіне 68617 
жетім алынса, 1933 жылғы  
1 қаңтарға дейін 45100 бала па-
насыз қалып, оның 1682-сі аштан 
өлген. Бірақ бұл көрсеткіштің бәрі 
ресми болғандықтан, саналы түрде 
кемітіліп көрсетілгенін ұмытуға 
болмайды.
 
практикалық  конференция  халық  тарихының  ең 
қаралы кезеңін жан-жақты зерттеп, зерделеп, жас 
ұрпақтың санасына мәңгілік қалдыратын тағылым 
беру үшін өткізіліп отыр. Сол себепті біз үшін бұл 
конференцияның мәні мен мақсаты өте үлкен.
Дерек пен дәйек 
• 1932 жылы Қазақстан байырғы 
халқының 64 пайызынан айырылған. 
• Қазақстан халқының саны 1930 
жылғы санақ бойынша 5,9 миллион 
адам болса, 1933 жылы  
2,5 миллионға дейін азайды. 
• Алапат ашаршылық жылдары 
Қазақстан шекарасынан шығып, 
босқыншылыққа ұшыраған шару-
алар саны – 1 миллион 31 мың. 
Олардың 165 мыңы бұрынғы Кеңестер 
Одағының шекарасынан әрі асып, 
Қытайға, Моңғолияға, Ауғанстанға, 
Иранға, Түркияға өтіп кеткен. 
Сөйтіп, туған жеріне орала алмаған. 
• 1926 жылғы санақ бойынша, 
басқа республикаларда 314 мың 
қазақ тұрған болса, 1939 жылы 
олардың саны 794 мыңға жетті. 
• Ресейдің өзіне қоныс 
аударушылардың саны – 450 
мыңдай.
 
Марта Брилл Олкот 
Ресей және Еуразияның зерттеу 
бағдарламасы бойынша Халықаралық 
бейбітшілікті қолдау жөніндегі «Карнеги» 
қорының жетекші ғылыми қызметкері
ХАЛЫҚТЫҢ ЕРКІМЕН 
САНАСПАУДЫҢ АҚЫРЫ
1970  жылдардың  ортасында,  осы  тари-
хи  кезеңді  зерттеумен  айналысқанымда,  мен 
1920  және  1930  жылдары  аралығындағы 
мерзімді  басылым  беттерінде  жарияланған, 
Ленин  кітапханасының  қорында  жиналған 
материалдарға  қолым  жеткеніне  қуанған  едім. 
Ал  қазір  ғалымдар  Қазақстанда,  сол  сияқты 
Мәскеудегі  мұрағат  материалдарын  зертте-
уге  мүмкіндік  алып  отыр.  Алайда  мұндай 
мүмкіндіктің  кеңеюі  тарихшылар  алдында 
тұрған  міндеттерді  шешуді  жеңілдетудің  ор-
нына,  күрделендіріп  жібергенін  айтуға  тиіспіз. 
Осыған  орай  екі  ұсыныс  айтқым  келеді. 
Ұжымдастыру  мен  ашаршылықты  объективті 
зерттеу үшін Қазақстанда жүргізілген саясатты 
ҒАСЫР АПАТЫНА – 80 ЖЫЛ

22
Сара КАМЕРОН  
АҚШ-тағы Мэрилэнд штаты 
университетінің профессоры
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 
АШАРШЫЛЫҚ 
БАТЫС ДЕРЕКТЕРІНДЕ
1930-33  жылдардағы  аштық  Қазақстандағы 
тұтас  қоғамның  көбесін  сөкті.  Алайда  бұл 
қасірет  жайлы  сырт  елдер  көп  біле  бермейді. 
Ресей мен Украинада күштеп ұжымдастыруды 
ғылыми  тұрғыда  арнайы  зерттегенімен  де, 
аштықтың  ең  ауыр  жағдайын  бастан  өткерген 
қазақ  қасіретін  айналып  өткен.  Аштық  пен  ге-
ноцидке  арналған  ғылыми  еңбектер  мен  моно-
графияларда  қазақ  даласындағы  аштық  ту-
ралы  сөз  болмайды,  тіпті  ол  туралы  ақпарат 
бергеннің  өзінде  сараң  ғана,  сипай  қамшылап 
өтеді.  Мәселен,  сталиндік  геноцидке  арналған, 
жақында  ғана  жарық  көрген  кітаптардың 
бірінде  қазақ  даласындағы  аштық  туралы  бар 
болғаны  бір  жарым  бет  қана  дерек  берілген.  
Батыста  қазақ  даласындағы  аштық  тура-
лы  әңгіме  Кеңес  мұрағаттардағы  деректерді 
оқу ға  мүмкіндік  туған  1991  жылдан,  алайда 
Кеңес тер  Одағы  құламай  тұрып-ақ  басталды.  
Марта 
Брилл 
Олкоттың 
«Қазақстандағы 
ұжымдастырудың  басталуы»  мақаласы  1981 
жылы 
басылып, 
Америка 
аудиториясын 
қазақ  даласындағы  аштықпен  таныстырған 
еді.  Бұл  ғалымның  зерттеулері  1986  жылы 
жазылған  Роберт  Конквестің  «Жасқа  шыланған 
астық…»  атты  еңбегін  жазуына  себепші  болды.  
АҚШ-та  КСРО-дағы  ұжымдастыруды  зерттеуші-
ғалымдар негізінен украина даласындағы аштыққа 
көп  көңіл  бөледі.  Ол  еңбектерде  «ұжымдастыру 
украиндықтарға  қасақана  жасалған  шара  ма?» 
немесе  «Кеңес  Одағы  барлық  шаруаларды  жой-
ып жібергісі келді ме?» деген сауалдардың жауа-
бын іздеп, қазақ даласындағы аштық проблемасы 
кейінгі орынға ысырылып қала береді. 
 
Дерек пен дәйек
• Қазақстанда 1929 жылғы санақ 
бойынша 39 миллион 294 мың мал 
болған. Ал 1933 жылы мал саны  
2 миллион 428 мың болған. Бұл 
небәрі төрт жылдың ішінде 37 мил-
лион малдың жоқ болғанын көрсетеді.
Изабель ОГАЙОН  
Франция ұлттық ғылыми-зерттеу 
орталығының жетекшісі
ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ 
СӨЗІНЕ ҚҰЛАҚ 
АСПАҒАН ЕДІ
Отырықшылдыққа  көшу  қажеттігі  туралы 
әңгіме  қазақ  интеллигенциясының  арасында 
ХІХ  ғасырдың  аяғында  ХХ  ғасырдың  басын-
да  айтыла  бастады.  Ол  қазақ  даласының  ең 
шұрайлы жерлерін шаруалардың басып алуына 
байланысты  туындаған  аграрлық  дағдарысты 
сын  тұрғысынан  талдауға,  сондай-ақ  осы 
кезеңдегі Россия мен Еуропадағы саяси ойлауға 
тән  қоғамдағы  білім  беру  және  жаңғырту 
идеалына 
негізделді. 
Отырықшылдыққа 
көшудің  нақты  жағдайлары  интеллиген-
ция  арасында  қызу  пікірталас  туғызды.  
Қазақстанда  Кеңес  өкіметінің  нығаюына  бай-
ланысты  көшпелі  және  жартылай  көшпелі 
халықты  отырықшылдыққа  күштеп  көшіру 
жобасы  тағы  да  күн  тәртібіне,  бұл  жолы  ба-
рынша  батыл  қойылды.  Маркстік  теорияға 
сәйкес  көшпенділіктің  кеңестік  қоғамдық  иде-
алмен  үйлесімсіздігі  алға  тартылды.  Боль-
шевиктер  отырықшылдыққа  көшпенділердің 
экономикалық  базасын,  рулық  құрылымын 
кезең-кезеңмен  немесе  бір  мезгілде  талқандау 
арқылы  қол  жеткізуге  болады  деп  санады. 
Компартияның  1928  жылғы  ХХ  конференция-
сында  Ф.И.Голошекин  рулық  құрылымдарды 
әлсірету  мақсатында  бірінші  кезекте  байлар 
мен  жартылай  феодалдарды  қуғын-сүргінге 
ұшырату  науқанын  жүргізуді  ұсынды.  Сөйтіп, 
большевиктер  седентаризация  идеологиясын 
–  қазақтардың  дәстүрлі  шаруашылықтарын 
түбірінен  трансформациялау  саясатын  жүзеге 
асыруға көшті. Олар үшін малшаруашылығынан 
егіншілікке  көшу,  болмаса  бері  салғанда, 
малшаруашылығын  халықтың  тұрғылықты 
жерінде  дамыту,  рулық  құрылымдарды  жою, 
қазақ  жерінде  шаруашылықты  өркендетудің 
прогрессивті  формасы  деп  саналды.  Осын  дай 
көзқарастарға сәйкес мал өсірумен айналысатын 
тұрғындарды  құрғақшылық  жайлаған  Орталық 
Қазақстаннан  сан  салалы  ауылшаруашылығын 
дамытуға  қолайлы  жерлерге  ауыстыру  ту-
ралы  шешім  қабылданған.  Нәтижесінде 
отырық  шылдыққа  көшіру  жөніндегі  алғашқы 
ҒАСЫР АПАТЫНА – 80 ЖЫЛ

23
науқанның барысында жүз мыңнан аса көшпелі 
және жартылай көшпелі отбасы уақытша болса 
да күштеп көшіруге ұшырады. Сөйтіп, олар киіз 
үйлерден тұратын жаңа қоныстарға орналасты-
рылды. Алайда әкімшілік аппараты өздерінің іс-
қимылдарын  үйлестіруде  елеулі  қиындықтарға 
тап  болды.  Отырықшылдыққа  мәжбүрленген 
отбасыларын  материалдармен,  азық-түлікпен 
қамтамасыз  ету  өте  нашар  ұйымдастырылды. 
Тіпті  табиғи  ресурстар  ескерілмей,  қонысқа 
жер таңдаудың өзі қалай болса солай жүргізілді. 
Содан  да  көптеген  адамдар  салып  жатқан 
үйлерін тастап, көшіп кетті. Мұның өзі аштыққа 
ұласқан  күштеп  ұжымдастырудың  сәтсіздікке 
ұшырағанын көрсетеді.
Роберт КИНДЛЕР 
Гумбольд атындағы  
Берлин университетінің профессоры
АУҚАТТЫЛАРДЫ 
ТӘРКІЛЕУДІҢ ЗАРДАБЫ
Ауылшаруашылығын  күштеп  ұжымдастыру, 
көшпенді  халықты  зорлап  отырықшыға  ай-
налдыру  әрекеті  қазақ  елін  ашаршылыққа 
алып  келгенін  біз  білеміз.  Бұл  саясатқа  кімнің 
жауапкер  екені  де  түсінікті:  Мәскеу  мен 
Алматының  жетекші  кеңестік  саясаткерлері. 
Белсенді  большевиктер  міндеттелген  астық 
пен  азық-түлік  жоспарын  қалай  да  орындауға 
кірісіп  кетті.  Ал  халықтың  басына  түскен 
қайғы-қасіретті шыбын шаққан құрлы көрмеді.  
Алайда менің баяндамамда өзге мәселе сөз бо-
лады.  Мені  мына  сауал  көбірек  қызықтырған 
еді:  аштық  кезінде  халық  нені  талғажау  етті? 
Аштан қатып қалмау үшін жекелеген адамдар не 
жеп, не ішті? Қазақтар ашаршылықпен күресте 
дәрменсіз,  әлсіз  болды  дей  алмаймын,  басына 
төнген  нәубеттен  шығу  жолдарын  шеше  ала-
тындай  қабілеті  бар  еді  ғой.  Алайда  аштықтан 
құтылуда  ол  әдістері  сәтсіздікке  ұрынып,  ел 
ашығуын  жалғастыра  берді.  Қазақ  көшпенді 
және  жартылай  отырықшы  халық  ретінде  құм 
мінезімен етене таныс еді. Одан келетін апатты 
да жақсы білетін. Сондықтан құрғақшылық не-
месе  жұттан  келетін  нәубетке  қарсы  тұрарлық 
қауқары,  дайындығы,  тәжірибесі  бар  болатын. 
Егер жағдай қиындай бастаса, ауыл жұртын тас-
тап, сулы өңірге уақытша қоныс аудара тұратын. 
Оған  қоса  қазақы  салт-дәстүр  мен  дала  заңы 
бойынша ауқатты туыстары кедейленген жақын-
жұратына  көмек  қолын  созатынын  да  білетін.  
Алайда 1932-33 жылдардағы ашаршылық әбден 
меңдеген  тұста  қазақтардың  жұтпен  күресетін 
бұрынғы  әдісі  өзінің  маңыздылығын  жоғалтып 
алды.  Оның  бірнеше  себебі  бар-тын.  Бірінші, 
қазақтың  ішкі  қоғамындағы  бір-біріне  көмек 
қолын  созу  дәстүрі  осы  ашаршылықта,  яғни 
нағыз керек кезінде, большевиктердің кесірінен 
жойылып  кеткен  еді:  өйткені  байлардың 
көпшілігінің  мал-мүлкі  кәмпескеленіп  кеткен. 
Иә, өзінің бір уыс бидайын көршісімен, туысы-
мен бөліскен жағдайлар ол кезде болды, бірақ ол 
ауқатты туысының берер көмегінің қасында түк 
те емес еді. Қазақтар өз туыстарына ғана емес, 
танымайтын жандарға да қолдан келген көмегін 
аямады.  Туған-туысқандарын  ашаршылықпен 
күресте  жалғыз  қалдырмаймын  деп  солармен 
бірге  өмірмен  қош  айтысқандар  көп  болды. 
Әбден  ашыққан  халықтың  әлеуметтік  мінез-
құлқы  түбегейлі  өзгерді.  Ашыққандар  өзінің 
соңғы  күш-жігерін  тағам  іздеуге  жұмсаған-
дықтан,  өзге  адамдардың  тағдырына  деген 
жауапкершілігі кеміп, аштан өлетін болған соң, 
заң мен норманы аттап өтіп кеткендері де табыл-
ды. Ашыққан қазақтар талғажау ету үшін талғау 
мен таңдаудан айырылды: мысық пен итке шабу-
ылдап, сабан мен ағаш қабығын асып жей баста-
ды. Тіпті адам етін жеген оқиғалар да тіркелді.  
Бұл жолғы ашаршылық ешкімді аяған жоқ.
Елена ТЮРИНА 
Ресей экономика мұрағатының 
директоры
АҚИҚАТ 
ТОЛЫҚ АШЫЛМАДЫ
Ресей,  Қазақстан  және  Беларусь  елдерінің 
тарихшылары,  мұрағатшылары  және  демог-
рафтары  бірлесіп  дайындаған  жаңа  жобаның 
қорытындысы  туралы  баяндағым  келеді.  
ВКП(б) Орталық Комитетінің 1929 жылғы сәуір 
пленумында  астық  дайындау  мәселесі  елді  ин-
дустрияландырумен  тікелей  қатысты  екендігі 
айтылды.  Индустрияландырудың  басты  көзі 
ауылшаруашылығы  болуы  тиіс.  1929  жылдан 
бастап  астық  дайындау  жоспары  күрт  өседі. 
Одақтың 1930 жылғы астық дайындау жоспары 
орасан зор көрсеткішке ие болады – 24 милли-
он  тонна  (1500  млн.  пұт).  Бұл  –  1928  жылмен 
ҒАСЫР АПАТЫНА – 80 ЖЫЛ

24
астық  шығымын  анықтауда  ғылыми  әдістерді 
ескермеудің,  шаруалардың  өз  еңбегінің  нәти-
жесіне  байланысты  қызығушылық  қағидат-
тарын  орындамаудың  салдары.  Әсіресе  1932 
жылы  аштық  Украина,  Солтүстік  Кавказ 
бен  Поволжьені  сұмдық  шарпыды.  Өйткені 
олардың  КСРО-ға  астық  дайындау  үлесі  60 
пайыз  болған.  Сонымен  қатар  Қазақстанда 
да  аштықтың  жоғары  деңгейі  байқалады. 
1932  жылы  ауыл  халқы  аштан  өліп,  соны-
мен  бірге  қазақтардың  РСФСР  мен  Қытайға 
ауып  кеткен  оқиғалары  тіркелген  ауыр  оқиға 
Қазақстанда  орын  алады.  ВЦИК-тің  төрағасы 
М.И.Калининге 1932 жылдың 2 сәуірінде түскен 
ақпараттан үзінді: «аш халық жол бойында жас 
балаларымен  тамақ  іздеп  шұбырып  барады, 
жолға қара шыбындай қаптап алған». 
В.В.  Кондрашиннің  пікірі  бойынша, 
бұл  Қаз  АССР-да  қысқа  мерзімде  зорлап 
ұжымдастырудың нәтижесінде орын алған. 1931 
жылдың күзінде республикада 78 аудан болған. 
Ұжымдастыруға соның бастапқы 70 пайызынан 
100 пайызға дейін қамтылған. Мейірімсіз саясат 
малдарды малшаруашылығы колхоздарына жи-
настырып, мал өнімдерін дайындаудың жоғары 
жоспарын  жасау  барысында  көшпелі  халық 
селдіреп, олардағы малшаруашылығы құрдымға 
кетті.  1932  жылы  колхозшылардың  87  пайызы 
шаруашылығынан, жекелеген тұлғалардың 51,8 
пайызы малдарынан айырылды. 
Дерек пен дәйек 
• Қызылорда аудандарындағы 
ауылдық советтердің көпшілігінде 
жергілікті тұрғын халықтың  
15-20 пайызы ғана аман қалған. 
Ал қалған 75-80 пайызы аштықтан 
оған ере келген індеттен опат болған. 
• 1930 жылы – 313 мың адам, 
1931 жылы – 755 мың адам,  
1932 жылы – 769 мың адам 
көз жұмған. Сөйтіп, 1930-1932 
жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың 
қазақ қырылған деген дерек бар. 
 
салыстырғанда,  2,1  есе  көп  көрсеткіш.  Ол  жо-
спар 1931 жылдың наурызына дейін диқандарға 
езгі, репрессиялық шара қолданудың көмегімен 
орындалды.  Бұған  қоса  мемлекеттің  ауылдар-
дан  мүмкіндігінше  мол  астық  алғысы  келген 
ниетімен  кездейсоқ  жоспарлар  да  орында-
лып жатты. Осы жерде айта кететін бір мәселе 
–  жекелеген  адамдарға  қарағанда,  колхоздар 
астықты көбірек берген. Жекелеген адамдардың 
«жетіспеген  тұсын»  мемлекет  «кездейсоқ 
жос парлармен»  жауып  отырған.  Осы  «дана» 
саясаттың  нәтижесінде  жейтін  тамақ  та,  мал 
да  қалмады,  сондай-ақ  қарапайым  шаруалар 
тұқымдық  дәнге  дейін  мемлекетке  өткізген. 
1930-жылдардағы  аштықтың  нақты  себеп-
терін  былай  санамалауға  болады.  Бұл,  бірін-
шіден,  ауылшаруашылығы  өнімдерін  кол-
хоздар  мен  совхоздардың  және  жекелеген 
шаруашылықтардың мемлекетке міндетті түрде 
салық  түрлерін  дұрыс  жоспарламау,  сондай-
ақ  астықты  себу  және  жинау  агромәдениетін 
өрескел бұзудан көрініс тапты. Астық дайындау 
жоспары басқарушы органдардан жергілікті ау- 
дандардың  жер  көлемі  мен  одан  түсетін  ор-
таша  өнім  көлемін  есепке  алмаған  күйінде 
әкімшіл  тәртіпте  жасалған.  Әсіресе  астық 
дайындауды  жоспарлау  жүйесінде  аграрлық 
экономиканың  жекелеген  тұлғаларына  салмақ 
көбірек  салынған.  Өйткені  басшылықтың  осы 
арқылы оларды колхозға мәжбүрлі түрде кіргізу 
мақсаты  болғандықтан,  оларға  өздері  орындай 
алмайтын тапсырма берілген. Нәтижесінде 1930 
жылдың өзінде-ақ оларда егетін дән қалмағаны 
анықталды.  Олардың  көбі  егістік  жерін 
қысқартуға мәжбүр болған. Мемлекеттің үмітін 
совхоздар  да  ақтамағаны  белгілі  болды.  Олар 
мемлекеттің  мойнына  мініп  алып,  есеп  беруде 
алдап,  мемлекеттік  қолдау  талап  етіп  отырған. 
Соңғы  нәтижеде  1931-1932  жылдары  КСРО-
ның  астықты  аудандарынан  мемлекетке 
қажетті  нәрсенің  бәрі  алынған.  Берешегі  бар-
лардан  бүкіл  мүлкі  тәркіленген,  оның  ішінде 
азық-түлік  қорлары  да  бар.  Міне,  осылай 
бұқаралық  аштықтың  бүкіл  алғышарты  дай-
ындалды.  Авторлық  ұжым  аштықты  Сталин 
мен  оның  айналасындағылар  мақсатты  түрде 
қолдан  жасады  деп  ойлауға  ынталы  емес.  Бұл 
– әкімшілік-репрессиялық әдіспен аграрлы эко-
номиканы  түгелдей  ұжымдастыру  мен  астық 
дайындауды  волюнтаристік  жоспарлаудың, 
ҒАСЫР АПАТЫНА – 80 ЖЫЛ

25

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет