Р. К. Бекмагамбетова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет22/24
Дата10.02.2023
өлшемі5,16 Mb.
#66908
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Әлқожаева Н.С. Оқулық-1

4-сурет. Әлеуметтік-педагогикалъщ парадигманың цұрылымы
Республикада 
білім 
беру 
жүйесін 
реформаландырудың 
басты 
артықшылығы ретінде білім беру іс-әрекетінің сапасы мен мүмкіндігін 
қамтамасыз ететін, қазіргі заманға сай жоғары мектебінің үлгісін жасау 
қажеттілігі болып отыр. Біз рухани-құндылықтарды сіңіру барысында 
жастарды ең алдымен білім берушілердің өзі үлгі болуы мен өзін-өзі 
дамытуға жауапкершілікпен қарауын түсіндіріп, өз тарапымыздан бағыт- 
бағдар беруді жөн көріп, оны (4-кесте) қалай іс жүзіне асыруды көрсеттік.
Жоғары мектеп оқытушысы ең алдымен өзінің бүрыннан қалыптасқан 
әдіс-тәсілінен шығып, нақты қажетті теориялық білімді меңгерген, жаңа 
педагогикалық технологияны үтымды пайдалана алатын, педагогикалық кез 
келген жағдаятты және эртүрлі мэселелерді шеше алатын, өз білім 
алушыларын жаңалыққа ұмтылдыратын маман болуы қажет етілетіні түсін- 
ДІрілді.
141


4-кесте
Жогары мектеп оқытушысының өзін-өзі даиытуы мен рухани-құндыльщ 
қасиеттеріне бейімдеу өлшемдері мен көрсеткіштері
Компонент-
тері
Өлшемдері
Көрсеткіштері
Мотивация-
лық-
мақсаттылық
- рухани құндылылыктарды 
меңгерудегі ынталылықтары;
- рухани құндылықты игеруге 
талпындыратын 
мотивацияның болуы;
- рухани-адамгершілік сапа- 
қасиеттерін қабылдауға іштей 
талпынулары;
мақсат қоюда білім алу- 
шымен оқытушы тарапынан 
ынтымақтастықтың болуы;
рухани құндылықтар туралы 
теорияларды талдау, өзіндік 
ой қорытып, тұжырым жасау.
- ішкі рухани байлықты дамы- 
туға талпынулары;
өзара 
қарым-қатынастың 
мәдениеттілігі;
- рухани жазба мұраларды 
бағалаулары;
- өзіндік тұрғыдан рухани- 
адамгершілік сапа-қасиеттерді 
үнемі жетілдіруге үмтылула- 
ры;
- қазіргі жоғары мектептердегі 
оқу-тэрбие процесінің рухани 
құндылықтарды 
меңгеруге 
бағытталуы;
- өзін-өзі оқыту, тэрбиелеу, т.т.
Ақпараттық-
мазмұндық
-рухани 
құндылық ұғымын 
ғылыми негізге сүйеніп, жүйе- 
лі түрде меңгеруі;
-ақпарат қүралдарынан қажет- 
ті мэліметтерді түзе білулер;
рухани-адамгершілік туралы 
жазба мүралардан мәліметте- 
рінін болуы жэне материалдар 
жинап пайдаланулары.
- студенттердің рухани қүн- 
дылықтарды игерулеріне жо­
гары 
мектептің 
әлеуметтік 
мүмкіндіктер жасауы;
- қарым-қатынастағы субъек- 
тілікті сақтаулары;
өмір құндылықтарын баға- 
лаулары;
өзара сыйласымдылықты қа- 
былдаулары;
- өздерін басқаның орнына 
қоя білулері.
Шығрмашы-
лық-
технология-
лық
- рухани-адамгершілікке тэр- 
биелеудегі 
іс-шаралардың 
ішкі 
жан-дүниелеріне 
эсер 
етуі;
- өзіндік әрекеттерінің адам- 
гершілік сипатта болуы;
- өзін-өзі дамытулары мен 
жетіпдірулері.
-педагогикалық 
технология- 
ларды білуі және пайдалануы;
- портфолио даярлау, рухани 
қүндылықтарды 
меңгерген 
студент тұлғасының моделін 
қүрастыру;
- жаңа ақпараттық техноло- 
гияны пайдалануға дайынды- 
ғы мен қабылдауы;
- өзара іс-әрекеттерінің ізгі- 
лікке бағытталуы;
142


студенттерді жан-жақты та- 
нып, білуі мен бір-біріне жа- 
ғымды ықпал етулері.
Нәтижелік-
бағалаушы-
лык
-рухани-адамгершілік 
сапа- 
қасиеттердің дамуын бақылап, 
бағалаулары;
-іс-әрекеттерінің саналылығы; 
-өзара өз іс-әрекеттеріне баға 
берулері;
-өзіндік тұрғыдан құндылық- 
тарды анықтаулары.
-халық 
педагогикасындағы 
рухани құндылықтар негізінде 
тэрбиелеу мәселесіне байла- 
нысты материалдарды жинақ- 
таулары;
-рухани құндылықты меңгер- 
тудің жағдаяттарын, мүмкін- 
діктерін 
айқындап, 
бірлесе 
жағдай туғызулары; 
-рухани-адамгершілікке 
тэрбиелеуді 
диагностикалай 
білулері мен өзіндік бағалау- 
лары;
- құнды қасиеттерді бойла- 
рына сіңіре алу жэне өзара 
сыйласымдылықта болулары.
Бұл суретте жоғары мектеп окытушыларының өзін-өзі дамытуы мен 
рухани-құнды қасиеттерге бейімделуінің өлшемдері мен көрсеткіштері 
көрсетілген. Ондағы олардың кәсіби жеке касиетіне өзін педагогикалық 
бағыттау, яғни, мамандығына қызығушылық өз тарапынан танытып, рухани 
кажеттілігін канағаттандыруда педагогикалык қарым-қатынаста адамгер- 
шілік касиеттерін пайдалана отырып, өзін-өзі реттеп, тэрбиелеу, білімден- 
діру, одан эрі іздену жолында болу. Кәсіби біліміне - олардың ақпараттылы- 
ғы, мақсаттылығы, ұйымдастырудағы талдауы, яғни, ақпараттан хабардар 
бола отырып, студенттерінің рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуда 
нақты мақсат қою, оған жету жолында ерінбей ұйымдастырушылық қабілеті- 
мен нэтижеге жету барысында дұрыс немесе бұрыс жақтарын талдауы 
жатады. Кез келген тэрбие мақсатына жетуде педагогтың педагогикалық 
әдіс-тэсілі болуы, оны талдаудан, кемшілікті жою барысында қосымша іс- 
эрекет жасау, алдынала жоспарлау, қиыншылықтарда моралдық қасиеттерді 
көбірек сақтау арқылы болатынын, нәтижеге жететінін сезіну. Рухани-кұнды 
қасиеттердің маңызын түсініп, сезе білген оқытушы бойында: кэсіби білімді, 
әдіснаманы, әдістемені, технологияларды меңгерген, шығармашылық эре- 
кеттері мол болады. Бұл мамандықгы өзі таңдап, осы жолда талмай еңбек 
етеді.
Мемлекеттік оку-тәрбие процесінде жастардың бойына рухани-құнды 
қасиеттерді қалыптастырудың теориялық негізі мен әдістері жасалған. 
Қазіргі білім мен тәрбие берудің мазмұны:
- еркін тұлғаны тэрбиелеу;
143


рухани тұлғаны тэрбиелеу;
- ізгі, адамгершілігі мол тұлганы тэрбиелеу яғни, жеке тұлғаны тэрбиелеп 
жетілдіру мэселесін рухани ізгілікке, ұлттық дэстүрге, дэстүр сабақтастығына, 
біртұтастыққа, жүйелілікке байланыстыра қарастыру қамтылған сияқты үш 
бағыттағы тэрбиенің мәселесін қамтитынын көруге болады.
Рухани-құнды қасиеттердің қалыптасуы, жастардың мінез-құлық тэртібінің 
де сапасын анықтайды. Оның рухани-адамгершілік тәрбиесіне: қоршаған 
ортасы, табиғат, дене еңбектерінің түрлері, экономикалық жағдайлар мен 
ұлттық салт-дэстүрлер, әдет-ғүрыптар эсер етеді. Олар жастардың мінез- 
кұлқының, тэртібінің жэне қарым-қатынасы мен іс-әрекетінің өзгеруіне, 
адамгершілік жағынан қатаюына мүмкіндік жасайды. Басқаша айтқанда, оның 
қалыптасуына саяси, экономикалық, руханилық, адамгершіліктік, биологиялық, 
физиологиялық факторларда эсер етеді, ал оның мэні, нәтижесі рухани- 
адамгершілік құндылық сипатынан көрінеді. Мысалы, жоғары мектеп 
студентінің рухани-құн дылықтарды бойына сіңіріп қалыптасуы жэне дамуы - 
оның осы кездегі физиологиялық психиканың дамуынан, өзін қоршаған 
ортамен, отбасы мүшелерімен жэне жолдастарымен қарым-қатынастың дұрыс 
қалыптасуынан, оқу, білім арқылы өмірлік тәжірибе жинақтауынан жэне оны 
күнделікті қолдануынан көрініс табады.
Қоршаған ортасының жаңаруы, жаңа тұрмыс салтының негізделуі жэне 
жоғары мектеп процесінің жаңаруы мен жастардың рухани тұрғыдан 
қалыптасуының барлығы - бір-бірімен тығыз байланысты процесс. Дегенмен, 
олардың рухани құндылықтарының қалыптасуына қарағанда қоғамның 
материалдық жэне рухани жағдайлары тез дамиды. Сондықтан рухани-қүнды 
қасиеттер бір қалыпты жағдайда қалыптасып қоймайды, қоғам мен педагогтың 
нақтылы эсер етуін жастардың жеке басының қоғам өмірінің жан-жақты 
болмысымен 
белсенді 
қарым-қатынаста болуын 
талап 
етеді. 
Рухани- 
адамгершілік тәрбиенің қүндылығы, оқушылардың барлық тәрбие жақтарына 
мақсатты түрде эсер етуімен тығыз байланысты.
Жоғары мектеп студенттерінің бойын рухани-қүндылықтарды сіңіру 
процесін жетілдірудің ең маңызды бағыты жаңа элективті курстар ендіру. Бүл 
тұрғыда эл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы жэне этникалық педагогика 
кафедрасы алгашқы бастамалар жасады. Атап айтсақ, «Жастардың рухани- 
адамгершілік білім мазмүнының өзекті мэселелері» тақырыбындағы элективті 
курс оқытылды.
Бұл бағдарлама педагогика жэне психология мамндығының 2 курс 
магистранттарына жүргізілді.
Жастарды рухани-кұнды қасиеттерге тэрбиелеуде оның өзіндік «Мені», пси- 
хикалық, физиологиялық ерекшеліктері мен бүгінгі күнге дейінгі қалыптасқан 
мінез-құлқы, жағымды, жағымсыз қылықтары көп эсер етеді. Олардың рухани- 
адамгершілік ерекшеліктеріндегі субъективтік жағынан алғанда, белгілі-бір 
мінез-қүлык дағдысына икемделмеген. Әрбір студент өзінің ерік-жігеріне жэне 
бітіміне карай өзіндік рухани-адамгершілік іс-эрекеттерімен танылады. Ол 
коғамның бір мүшесі бола отырып, жоғары мектептін қызметі аумағында жеке
144


қарым-қатынасы негізінде өз ұстаздарының айтқан ережелеріне сүйенеді, 
сонымен бірге, өздеріне үнаған тэжірибелерді мұра етіп ала отырып, сол 
өзінін жеке басын қалыптастырады. Рухани-адамгершілік тэжірибені игеру 
белсенді шығармашылық процесс. Әрбір студент бұрынғы рухани- 
адамгершілік кұндылықтарға деген өздерінің жаңа эрі жеке көзкарастарын 
айқындай отырып, өзі өмір сүріп отырған қоғамның талаптарымен 
ұштастырылған түзетулерін енгізіп, іс-әрекетте пайдаланады. Күнделікті 
жоғары мектептің өмірі мен қоршаған ортасында туындап жататын 
қоғамдык пікірлер мен эсер етуші факторлар рухани-адамгершілікке 
тәрбиелеуге жэне олардың өзін-өзі тэрбиелеуіне ықпал етіп отырады. Кей 
жағдайда жоғары мектептегі эдвайзерлердің тарапынан жоғары мектептен, 
аудиториядан 
тыс 
жүмыстарды 
жоспарлау 
мен 
ұйымдастыруда 
немқұрайлылық пен жауапсыздық орын алып қалады, мұндай жұмыстар 
студенттердін селқостық қатынасына әкеліп соғуы мүмкін, онын салдарынан 
олардын тэрбие жұмысы мен іс-шараларға белсенділігі төмендеп, теріс 
қылықтарға еліктеушілігі орын алуы, соған салыну әрекеггері де кездеседі. 
Бұл жат қылыктардан олардың бойын аулак үстау үшін жоғары мектепте 
қоғамға 
кажетті 
элективті 
курстар 
мен 
тэрбие 
іс-шараларын 
білімалушылардың өздерімен келісе және ғалымдардың ортақ шешімдеріне 
сүйене отырып құрастыру қажет.
Бақылау нәтижесі көрсеткендей жастардың рухани-құндылык-касиеттері, 
олардың білм парадигмаларына сэйкес қалыптасып отыратынын байкадық.
Рухани-кұндылықтырды түлға бойына сініруде, олардың ішкі рухани 
қайшылықтары ықпал етеді, яғни рухани қажеттіліктері жатады, олар- түрлі 
жандүниесінен орын алмайтын сыртқы әсерлердегі дағдылар мен әдеттер. 
Олар мұны өзінің жеке дағдысына, мінез-кұлық ерекшелігіне сай 
келмегендіктен 
канағаттанарлықсыз 
сипатта 
қабыл 
алады. 
Мұндай 
қанағаттанбаушылық өз бетінше дамуға деген қажеттілігін туғызып. дербес 
эрекет етуіне түрткі болады. Ал, оны орындауда ішкі қабілет ерекше рөл 
атқарады, бұл оның өмірінің шынайы белсенділігін танытады.
Студенттер коғамдык талаптарды еркін өз еркімен ішкі жан-дүниесінің 
қажеттілігін орындау үшін, олардың бойына ең бірінші Отанға, өз халқына, 
отбасына деген сүйіспеншілікті ішкі сенімге, рухани жэне жоғарғы адамгер- 
шілік парызга, жауапкершілікке дейінгі сезімге көтеру қажет. Себебі, осы қа- 
сиеттерді тәрбиелеу жеке бас бостандығынын жағы болмақ. Студенттердің 
рухани-құнды касиеттерін дамыту:
оның ақыл-ойын дамыту аркылы санасын жетілдіру;
- адамдық, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына біртіндеп сініру;
- оларды 
іс-әрекетке 
ендіріп, 
қарым-катынас 
аркылы 
өзін-өзі 
тәрбиелеуге белсенді қатыстыру сынды тэрбие компонеттерін қамтиды.
Бұл тэрбие компоненттерінің өзара тығыз бірлікте жүзеге асырылуына 
басты қозғаушы күштер болып табылады Сөйтіп рухани-құнды қасиеттерді 
студенттердін бойына сіңіру, оны жан-жакты дамыту жүйесіндегі рухани 
санасын, 
сезімін, 
мінез-құлқын 
тэрбиелеу 
үрдісіндегі 
жетекші
145


компоненттердің бірі екеніне көз жеткізеді. Сондыктан жоғары мектеп 
студентерінің рухани-адамгершілік ерекшеліктері мен ішкі жандүниесінің 
қалыптасуының ерекшеліктері мен заңдылықтары туралы - қазіргі білім, осы 
күрделі процесті гылыми түрғыдан талдап, негіздеудің тиімділігін арттыру 
керектігін барынша дэлелдеп беруде.
Жастардың жеке тұлғасын қалыптастырудың қазіргі жаңа тұгырнамасы: 
тұлғаның өзін-өзі тэрбиелеу қажеттілігіне баса назар аударады. Ол ішкі жэне 
сыртқы факторлардың қарама-қайшылықтарын үйлестіре, кіріктіре отырып, 
өзін-өзі дамытуы керек. Ішкі дегеніміз 
адамның өзі, оның ішкі жан-дүниесі, 
көңіл-күйі. Осы ішкі көңіл-күй әсері, сыртқы эсерге қарсы шығып, оны жояды 
да өзінің ішкі рухани дүниесіне айналдырады. Бұл айналуда (сыртқының ішке 
айналуында) тәрбиенің рөлі айрықша. Егер, тэрбие процесі объективті ортадан 
дүрыс үйлестірілсе, сонымен бірге объективті жэне субъективті жақтардың, 
сыртқы мен ішкі факторлардың өзара үйлесе бірқалыпты, біркелкі байланысуы, 
бір-біріне бағынуы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғыдан дамуына 
жағдай тудырады. Рухани-адамгершілікке тэрбиелеу - оқушылар бойына 
рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру ғана емес, сонымен бірге олардың 
бойын жағымсыз қылықтарға, балалық еліктеулерден жұққан теріс мінез- 
қүлықтар мен іс-әрекеттерден арылтуды талап етеді. Оларды рухани- 
адамгершілік түрғыдан тәрбиелеудің табысты орындалуы үшін, рухани- 
адамгершілік нормаларының белгілі-бір түрлерінің жастардың бойында, атап 
айқанда, іс-әрекет үстінде, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас барысында, 
басқа ұлт өкілдеріне деген құрмет пен сыйластық сезімдерінде, сондай-ақ 
рухани-адамгершілік қасиеттердің қарапайым нормалары болып саналатын 
мейірімділік, 
қайырымдылық, 
сыпайылық, 
әдептілік, 
үлкен 
кішіні 
құрметтеушілік жэне қамқоршылық түрлерінде нышан беріп, көрінуін 
адамгершілік сана түрғысынан сапалығын үнемі байқап, реті келгенде 
мадақтап, кейбір жағдаяттарды шешуде ақыл-кеңес сүрап, келісіп отыру. 
Жоғары мектеп қабырғасында игерілетін білім мазмұны білім алушылардың 
ғылым негіздерімен қоса тэрбие заңдылықтарын да қамтиды. Білім - қоғам 
мәдениетін жасаушы эрі сақтаушы, оны болашақ үрпаққа жеткізуші басты 
қүрал. Сонымен қатар білім беру арқылы оның іштей түлеуіне мүмкіндік бере 
отырып, оны рухани қүндылықтарды жасауға насихаггайды. Демек, жоғары 
мектептердің түпкі стратегиялық нысанасы мүлде жаңаша шығармашылық 
тұрғыдан ойлай алатын, танымдық мәдениетті биік адамдардың жаңа легін, 
дүниеге этикалық түрғыдан жоғары адамгершілік жауапкершілікпен қарай 
білетін біліктілігі жоғары азаматтарды қалыптастыру идеясы болуы тиіс деп 
түсіндіреміз. Жоғары мектеп оқытушылары қазіргі таңда, студенттерге 
халықтың тәлім-тәрбие мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру арқылы рухани 
байлық, адамгершілік түсінік, дін, ана-тілінің сапа қасиеттерін ұқтыруға ден 
қойылу қажеттілігі белгілі болды. Кейбір отбасындағы туыстарда халықтың 
рухани-интеллектуалдық мұраларын, мэдени құндылықтарын жандандыруға 
ұмтылып, рухани ұлттық сипаттағы мінез-қүлқы қалыптасатын ұрпақ 
тэрбиелеуге көп көңіл бөлінген, олай болса, бұл процесс ғасырлар бойы
146


қалыптасқан мәдени мүраны меңгертіп, сол арқылы осы заманғы рухани- 
адамгершілік құндылықтардың қалыптасуына халық педагогикасы көмек 
береді.
Халық педагогикасы ұлттық қазына, рухани дүние. Ол-қазақ халқының 
сан ғасырдан бері атадан балаға өлмес мұра болып келе жатқан тэрбие 
жөніндегі жинақталған тэжірибесі. Бас тэрбиеші-халықтың өзі. Халықтың 
руханилық жэне адамгершілік тәрбие мұраттары негізіне алынған халықтық 
педагогиканың прогресшіл дэстүрлерін қайта өркендетуге ғана білім беру 
мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту үрдісі айрықша мэнге ие бола алмақ. Бұл 
мақсат - мүраттарды орынды пайдалану жас ұрпақты туған жерге, еңбекке, 
сүйіспеншілікке жэне жауапкершілікке эртүрлі ұлттар мен үлыстар 
өкілдерін кұрметтеу жэне оларға да жақсылық тілеп, жасау, табиғатқа 
қамкорлықпен қарау рухында тэрбиелеуде нэтижеге жете алады.
Қазақ халқы- бай тарихтың, мэдениеттің, өнердің, ұрпақ тэрбиесіндегі 
өзіне тэн тәрбиелеу көздері мол әрі әдістері ұлттык ерекшеліктерді қамтыған 
бай мұралардың иесі. Сонау VIII-IX ғасырлардағы әл-Фараби, Қорқытата 
мұраларынан бастап, Ахмет Ясауи, Асан қайғы, Өтебойдақ, Үмбетай, 
Сыпыра, Досмамбет, Бұкар, т.б. гұламалардың еңбектеріндегі қазақ 
даласының философиялық ой-пікірлері рухани-адамгершілік, имандылық, 
эдептілік, эстетикалык пен отаншылдық мазмұнға толы.
Ауыз әдебиеті - халық педагогикасының тұнык мұхиты. Мақал- 
мэтелдердің, 
нақыл-сөздердің, 
өсиет-өлеңдер 
мен 
ертегілердің, 
жаңылтпаиггар 
мен 
жұмбақтардың, 
т.б. 
педагогика 
тақырыбын 
қамтымайтыны болмайды. Тәлім-тәрбие - ақыл-ойдың жемісі. Ол ұзақ 
мерзімді тәжірибелер аркасында қалыптасады. Ақыл 
көрген-білгенді, 
қоршаған орта ерекшеліктерін тек қабылдаудан алған эсер ғана емес, оны 
үнемі ой елегінен өткізіп, сарапқа салып отыру, түйінді нәтижені өмір- 
тіршілікте қолдана білуге баулу мәселесі қазақ тэлімінің басты қағидасы 
болғанын халық ауыз эдебиеті үлгілерінен танып, білеміз. Ақыл азбайды, 
білім-тозбайды. Мына мақал-мэтелдер осының ой дәлелі.
Халық 
педагогикасының 
мақсаты, 
міндеттері, 
тәрбие 
көздері, 
принциптері, эдістері, бүл саланы зерттеген педагог-ғалымдар:
Г. Н. Волков, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, К. Қожахметова, Р. Төлеубекова, 
Қ. Бөлеев, Ә. Табылды т.б. ғылыми теориялық, оқу-эдістемелік еңбектерде 
түжырымдалатын, эрі бүгінгі таңда жэне педагогикалық оқу орындарының 
оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдары мен әдістерін анықтаган. 
Авторлардың барлығы дерліктей, халық педагогикасыньщ мақсатын өткен 
үрпақтың ғасырлар 
сынынан өткен тэлім-тэрбиелік тәжірибелерінің 
негізінде болашақ үрпаққа ұлттық болмысымызға сәйкес тэрбиелеу деп 
қорытындыл айды.
Халқымыздын салтында үлкеннің атын атамау, оны сыйлау әдептілік, 
көрегендіктің бір үлгісі болып саналады да ондай қылық ризашылық сезімін 
тудырады. Кіші үлкенді де өз тарапынан оған лайық ықылас білдіруге тал- 
пынған, содан барып, үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас
147


орнаган. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырғаи 
жерде олардың алдын орап кетпей, инабат, ізет таныта білу, жөн-жобаға, 
көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді еркін ұстау сияқты қасиеттер 
халқымыздың дәстүрі мен тэлімінде ілгеріден жалғасып, ұласып белгілі-бір 
қалыпқа түсіп жатқан. Сөйтіп, сөйлеу мен қатынас әдептерінің өзіне тэн 
нормалары мен ерекшеліктері қалыптасқан. «Адам ұрпағымен мың жасайды», - 
деп халқымыз бала тәрбиесіне аса көп ден қойған.
«Балаңды бес жасқа дейін патшадай сыйла, бес жастан он бес жасқа дейін 
құлыңдай жұмса, одан соң өзіңе дос сана», - деген даналық қағидасының 
педагогикалық мэні тереңде жатыр. «Болса тэртіп, бала өседі сомдалып, қатаң 
ұста, бос жүрмесін сандалып», деп Ж.Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыга 
бастасымен-ақ баланы шектен тыс еркелетпей, байсалды, ұғымтал етіп 
тәрбиелеу эрбір ата-ананың борышы саналған, ұл балаға ер-тұрман, киіз үй 
сүйегін, кебеже, сандық т.б. мүліктерді жасап үйренуге, ал, қыз балаға киіз 
басу, сырмақ, текемет, түс киіз, ұлттық киімдер т.б. өрнекті жиһаздарын пішіп- 
тігуге үйрете отырып, халқымыз өз ұрпағын алдагы өмірге баулығанын көреміз. 
Жастарды өнерге, еңбекке, адамгершілік ізгі қасиеттерге баули отырып, оларды 
елді, жерді, Отанды қорғау, ар-намыс, парыз үшін күресе білуге тәрбиелеу 
мәселесі- ғасырлар бойы келе жатқан халқымыздың қасиеттері ұғымдары. 
Халқымыздың ежелден желісі - үзілмей жеткен көне салт-дәстүрлері мен әдет- 
ғұрыптары - рухани, мэдени жэне адамгершілік дүниеміздегі қымбат тұратын 
қазыналарымыздың бірі. Ерте кезден-ақ адамзат баласының өзін қоршаған 
ортамен қарым-қатынасынан туындаған халықтық салт-дәстүр, діни эдет- 
ғұрыптар, халықтық мерекелер және отбасылық той-томалақтар деп үш топқа 
бөлінеді. Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап, қартайып дүниеден 
өткенге дейінгі өмірі үнемі сан ғасырлық наным-сенімі, таным-түсінігі, 
қоғамдық даму барысындағы ізденістер жинақталған салт-дэстүр аясында 
болады. «Халқым қандай десен, салтымнан сынап біл» демекші, салт-дәстүр 
мен этностан мінез-кұлкы, үлгі-өнегесі, зейін-зердесі, даналығы мен даралығы, 
шешендігі мен тапқырлығы, ақыл-ойы, сондай-ақ Жаратушы мен жаратылысқа, 
өзін қоршаған жанды, жансыз әлемге деген моральдық, танымдық, этикалық, 
эстетикалық көзқарастары көрінеді, яғни салт-дэстүр дегеніміз - халықтың 
рухани өзегі, мэдениетінің деңгейі, тілінің тірегі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет