Р. К. Бекмагамбетова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Білім беру жүйесінің даму тенденциясы



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата10.02.2023
өлшемі5,16 Mb.
#66908
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Әлқожаева Н.С. Оқулық-1

2.3. Білім беру жүйесінің даму тенденциясы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-бабында: «Жеке 
адамның шығармашылық, рухани дене мүмкіндіктерін дамыту адамгершілік 
пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының 
дамуы үшін жағдай жасауы арқылы интеллектілігін байыту- қазіргі білім беру 
жүйесіндегі басты міндеттердің бірі»,- делінген.
Соңғы жылдары білім беруді жаңаландырудың негізгі тенденциялары 
оқытудың гуманизация, гуманитаризация, демократизация, децентрализация, 
дифференциация, индивидуализациясымен сипатталады. Білім берудің ұлттық 
моделінің қалыптасу мен бекітілу процесі белсенді жүруде, оның негізгі идеясы 
- ұлттық-мәдени негізде тұлға мен қоғам талабына сай өзін-өзі дамытуға 
қабілетті білім беру мен тэрбие жүйесін құру. Әрине екеуін бір-бірінен жекелеп 
бөліп алмағанымызбен тэрбие процесі жекелеген іс-шаралар арқылы жүзеге 
асырылады. Жұмыстың мазмүнына сай жоғары мектептегі студент жастардың 
бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін сіңіруге бағытталған іс-шараларды 
қарастырылды.Елімізде жүріп жатқан терең элеуметтік-экономикалық жэне 
саяси өзгерістер адамдардьщ бір-біріне деген көзқарасын өзгертіп, келеңсіз 
жағдайлардын өрбуіне, рухани қүндылықтардың төмендеуіне экеп соқтырады. 
Ал ол өз кезегінде жас ұрпақ тәрбиесін жаңаша жүргізуді талап етеді. Бүгінгі 
таңда жас ұрпақ тэрбиесін жаңаша жүргізу үшін жаңа Қазақстан қүру жағда- 
йында рухани жэне жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырудың маңызы зор.
Мемлекетіміз тәуелсіздігін алған алғашқы күннен бастап, әлемнің бәсекеге 
қабілетті елдер қатарына кіру үшін жаңа Қазақстан қүрудың дербес жолын 
таңдап алды. Еліміз әлемдік қауымдастыққа зор құрметпен, беделмен кіруі 
үшін үрпақ тәрбиесін эрқашанда назардан тыс қалдырмауымыз керек. Себебі, 
бүгінгі балалар еліміздің ертеңгі болашағы екенін ескерер болсақ, бәсекеге 
қабілетті, жаңа уақыттың өктем талаптарына үн қоса алатын ұрпақ 
тәрбиелеуіміз керек. Ал ұрпақты тэрбиелеу үшін бәсекеге қабілеттілік шартын 
анықтау 
қажет. 
Елбасы 
Н.Ә. 
Назарбаев 
Қазақстан 
халықтарының
Ассамблеясының XII сессиясында сөйлеген сөзінде: «Ұлттық бэсекеге 
қабілеттілігінің аса маңызды шарты - бүл әлемдік бәсекелестік үрдісіне 
табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім», - деп көрсетеді [1]. Бүл 
жас үрпақ тәрбиесі мен элемдік қауымдастық қойып отырган талаптар
98


арасында жэне жастардың өзіндік мотивтерінің арасында қарама-қайшылық- 
тар туындатып отыр. Аталған қайшылықты шешу үшін рухани құндылық- 
тарға негізделген оқу-тәрбие процесін құруды қажет етеді.
Елбасы жоғарыда аталған ойларын өзінін 2007 жылдың 28 ақпандағы 
Қазақстан халықтарына жолдауында жалғастырып, Қазақстан халықтарының 
рухани дамуы жэне үш тұғырлы тіл саясаты еліміздің іске асыруға тиісті 
міндеттерінің бірі деп көрсеткен. Елбасы өзінің жолдауда: «Қазақстан 
халықтарының Рухани даму қорын қүру туралы мәселені жете зерделеу 
керек. Қор тұрақты мониторинг жүргізіп, мемлекеттік, жеке меншік әріптес- 
тіьстің көмегімен жэне тиісті қоғамдық ұйымдарды қатыстыру арқылы ха- 
лықтардың мәдени қүндылықтары мен дэстүрлерін қолдап отыруы тиіс», - 
деп атап өтеді [2]. Себебі рухани құндылықтар тұлғаның даму өзегі болып 
табылады. Сонымен катар рухани құндылықтар адамның өмірдегі өз орнын 
табуға жэне рухани әлемінің дамуына себепші болатын, тұлғаның жетіле 
түсуін қамтамасыз ететін, дүниенің күрделі құрылымын түсіндіретін рухани 
даму өзектері, идеалдары, сонымен бірге адам мен әлеуметтік топтардың 
тэртібі мен іс-әрекетін қадағалайтын нормативті жүйе болып табылады.
Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің 
ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тэрбиелеу. Ұрпақ тэр- 
биесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иеле- 
рін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық 
азамат етіп тэрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы- 
пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекқор, иманды азамат тәрбиелеуді 
азаматтық ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бэрін 
игере отырып жэне оны бүгінгі ұрпактын санасына ұстаздық шеберлікпен 
біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Педагогика ғылымында тәрбиені бірнеше бағытқа бөледі, олар: қазақстан- 
дық патриотизм мен азаматтық тәрбие, зерде мәдениеті, рухани-адамгершілік, 
салауатты өмір салты, экономикалық, экологиялық талғам, этикалық жэне 
отбасындағы мәдениеті дейді. Өзіміз байқағанымыздай, жоғарыда аталған 
тәрбие жүйесімен көптеген ұрпақ тәрбиеленіп келеді. Бірақ бұл тәрбие түр- 
лерінің қарқынды жүргізілетініне қарамастан-ақ жолдан, адал жолдан адасып, 
азғындаушылыққа ұшырап, жастарымыздың бұзылуы неліктен? Түрақсыздық 
көрсетіп мұз үстінде түрғандай өмір жолында «тайғанақтап қүлап жататыны» 
қалай? Бұл сүрақтардың жауабы біреу-ақ, ол: рухани тәрбиенің, рухани 
қүндылықтар мен мәдениеттің, үлттық идеяның жетіспеушілігінен.
Жалпы әлемдегі білім берудің даму тенденциясы негізгі төрт жағдайды 
негізге ала отырып, дамуы тиіс: біріншіден, білім берудің қазіргі жағдайын 
саралау; білім беру дамудың алғышартына айналуы; оқу-тәрбие ісіне қолдау 
көрсету; ал бұл үшін инновациялық әдісті кеңінен қолдану. Яғни, парадиг- 
малық өзгерістерге сәйкес оқыту түрін, мазмұнын өзгерту. Бұл тұрғыда 
оқыту дәстүрлі түрден, инновациялық оқыту эдісіне ауысуы тиіс. Иннова- 
циялық эдістер қатарына ең алдымен, белсенді оқыту әдістерін жатқызамыз. 
Инновация үғымы жаңашылдық дегенді білдіреді. Инновацияны абсолюттік
99


жэне ендірудегі инновация деп, екі түрге бөліп қарастыруға болады. Абсолют- 
тік инновация бұл әлемде бірінші рет өндіріліп, қолданысқа ену болса, ендіру 
жасалған жаңалықты өз базасына, менталитетіне сай пайдалану. Мысалы, біз 
кредиттік технологияны (1868 жылы Ч.Элиот негізін қалаған) өзіндік тұрғыдан 
қолданысқа, яғни білім саласына ендірдік. Ал, абсолюттік инновация туралы 
ойлануымыз қажет. Бүгінгі таңда абсолюттік инновацияны Жапония, Германия, 
АҚШ және т.б. мемлекеттер жүзеге асыруда.
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге 
бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту эдістерін 
тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, білім алушы 
білімді дайын күйінде оқытушы түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік 
тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық» ашуы шығармашылық 
тапсырмаларды орындау негізінде эртүрлі өнімдер жасауы керек. Нәтижесінде 
оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасады. 
Біздің ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгінгі таңда 
қоғамды шешім қабылдауға тартудың маңызы арта түсті. Осы бағытта 
оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін эдістемелік тэсілдер 
белсенді (интер-активті) деп аталып жүр. Бүл әдістерді қолдану сырттай өте 
жеңіл көрінгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Интерактив - ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзінен шыққан. Демек, 
интерактивті оқыту әдістері тұлгааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып, 
«жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын 
канағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып 
табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана 
қоймай, ары қарай дамытады.
Белсенді оқыту әдістері дэстүрлі оқыту әдістерінен оқу процесінде оқушы- 
лардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, 
мэліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке жэне кәсіптік қабілеттерін аша 
алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, белсенді оқыту қажетті ақпаратты игеруге 
уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет 
етеді және оқушылардың танымдық іс-эрекетін басқаруда тәжірибесі аз 
мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.
Белсенді оқыту эдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету 
үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптары есепке алынып, алғышарттары 
қанағаттандырылғаны абзал. Психологиялық тұрғыдан алғанда, белсенді 
окытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен 
эрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық 
рефлексияның 
дамып, 
үжымдық 
ынтымақтастықтың 
қалыптасуын, 
ал 
әсерлілігінін ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен 
қүқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық 
жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік 
рефлексиясының дамуын айтуға болады. Белсенді окытудың нәтижелілігінің 
сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың топтық жұмыс ережелерін 
қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының
юо


жасақталып, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі 
көрсеткіштері ретінде оқушылардың таным белсенділігі артып, жаңаша 
дайындықтарының жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынты- 
мақтастық ұжымның қалыптасуын айтуға болады. Жалпы алғанда, белсенді 
оқытудың басты шарттары ынтымақтастық пен бәсекелестік.
Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда 
алады екен: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу, 
эртүрлі жағдайда әсерді сезіну жэне синтез арқылы өнім құрастыру немесе 
өнім жасау. Белсенді оқыту эдістері оқушыларға рөлдік ойындар арқылы 
эртүрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, эр түрлі білімдерді синтездеу 
кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен, түрлі 
жағдаяттар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық 
ашуға көбірек мүмкіндік туындайды.Топтың сандық қүрамы оқыту немесе 
өзара эрекеттестіктің сапасын анықтамайды. «Өзара әрекеттестік» эдісінің 
өзекті ерекшелігі - ол ашу процесін білдіреді, оның мэні - оқушылардың 
оқыту дағдыларын өзара әрекеттестік арқылы меңгеруі. Ең бастысы, мұнда 
мэселені шешу процесі жауапқа қарағанда маңызды екендігін түсіну қажет. 
Бұл белсенді әдістің м а қ с а т ы - тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға 
жауаптарды өз бетінше табу дағдысын меңгерту екендігімен байланысты.
Белсенді оқыту эдістерін қолданатын мұғалімдер тек ақпарат беретін 
жэне өздерінің қатысуынсыз берілген тапсырмаларды білім алушылардың 
есте сақтауы нашар болады, олар құрдастарының идеяларын пайдалана 
алмайды деп есептейді. Зерттеулердің «біз қолымызбен істегеннің 80 
пайызын, оқығанымыздың 20 пайызын, естігеніміздің 10 пайызын ғана есте 
сақтаймыз»,- деген қорытынды жиі естіледі. Ал тәжірибе - соның дэлелі. 
Атпен шабу дағдысын меңгеру үшін, оны капай жасау керектігін біреудің 
түсіндіргені немесе оны кітаптан оқып алу әлі жеткіліксіз. Ол үшін 
шындығында атқа мініп барып, дағдыларды меңгерген абзал. Бұлай болатын 
себебі, іскерлікті практика жүзінде дамыта отырып, біз білгенімізді қайта 
өңдеп, оны әрекетке айналдырамыз. Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі 
бағыты бар екені білгілі: балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру, 
балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау, оқушыларды өздеріне 
немесе өзара бағалату жэне іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу. 
«Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты», дайын білімді қабыл- 
дап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан 
оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі 
маңызды рөл атқарады. Ол үшін оқыту білімді балалардың өздігінен оқып- 
үйренуге бағытталуы керек.
Оқушылардан, шешу үшін кейбір нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы 
мэселелерді неге беретіндігін сұрағанда, олар:
- өзіне деген сенімге тэрбиелейді;
шешендік өнерін жетілдіреді;
-танымның мэнін түсінуге көмектеседі (яғни, кейде абсолютті шындық 
болмайтынын);
101


- сыни ойлау дағдыларын дамытады;
- өз пікіріне деген құқығын түйсінуі артады;
- пікірлердің көптігін түсінесің жэне т.б. деп жауап берген.
Жоғарыда аталғандарды «үйрене білу» деген ұғыммен жинақтауға болады. 
Яғни, үйрене білу - қажетті дағды, өйткені ол интеллектуалды тәуелсіздіктің 
негізі болып табылады жэне барлық дамыған жэне дамушы елдердегі азаматтар 
үшін қажет.
Екінші жағынан, құстың қос қанаты сияқты білім алушылардың да екі 
сүйеніші бар: бірі - оқи алуы болса, екіншісі - оқығысы келуі. Бірінші тірек 
баланың дербестігін қүраса, екіншісі белсенділігін арттырады.
Өзара әрекеттесуге бағытталған процесс барысында бала өзі жасап жатқан 
ісінің мэніне енеді. Білім алушыларға дайын жауаптары бар тапсырмалар бер- 
генде, олардың танымдық белсенділік деңгейі жоғары болмайды. Ал, өз ойын 
тиянақтап, оны қорғау кезінде танымдық белсенділік деңгейі күрт артады.
Өзара эрекеттесу процесінің негізгі мәні өзара тэжірибе алмасу болмақ. 
Өйткені, топтағы білім алушылардың белгілі бір салада ортақ білімдері бар 
болғанымен, олардың тек өздері ғана білетін білімдері де бар екені айқын. 
Танымдық іскерлікті қажетті интеллектуалды дағдылар деңгейіне қарай жік- 
теуге болады. Тиімді оқыту бағдарламасы оқушылардың төмендегі іскерлікте- 
рін практикада қолдануды көздейді, олар:
- фактілерді есте сақтау (аса көп күшті қажет етпейді);
- құбылыстардың мэні мен маңызын түсіну;
- білімдерді дағдылы жэне жаңа жағдайларда қолдану;
- талдау (бір нәрсені қүрамдас бөліктерге бөлу);
- синтез (идеяларды жаңа нәрсе жасау үшін топтастыру);
- бағалау (бір нәрсенің сапасы туралы пікір бөлісу).
Қоғамның дамуы осы аталған іскерліктердің барлығының болуын талап 
етеді, дегенмен, білімдерді қолдану, синтездеу мен бағалау ішіндегі аса 
маңыздылары болып табылады.
Қазіргі кезде біздің республикамызда барлық оқу жүйесінің өзгеруі сияқты 
маңызды мэселелер болып жатыр. ЖОО-ның білім үлгілері біздің өміріміздің 
қазіргі аспектілерімен тығыз байланыста, өркендеу процестері болып табылады. 
Алға тартушы тұжырымдамалардың пайда болуы еліміздегі кең таралған 
тәжірибелер мен білім нарығындағы көшбасшы білім қызметкерімен (АҚШ 
жэне Улыбритания) танысу; Бүл базада Қазақстандық үлттық білім беру үлгі- 
сінде болашақ нарық экономикасы шарттары ЖОО бітіруші маманына бағыт- 
талады, маман алған білімінің тиімділігі бұл экономикаға және геополитикалық 
шарттарды өз мамандығының жаңа талап шарттарымен бейімдеу.
Әрине болашақ маман болып қалыптасу жоғары оқу орны аудиториясында 
қалыптасады, одан болашак түлектің біліктілік деңгейі анықталады. Дэстүрлі 
эдіс студент пен оқытушы арасындағы қарым-қатынасты үсынады, оқытушы 
студенттің оқу кызметіне үнемі бақылау жасып отыруы, оқу материалын сту- 
денттерге дүрыс меңгертуі керек. Бір сөзбен айтқанда, сабақтың нэтижелілігі 
оқытушыға байланысты.
102


Дәрістегі оқу материалдарын меңгерту арқылы оқытушы білім алушы- 
ларды қосымша ізденіске үйретеді, яғни оқытушы оқу материалын қайта 
қарап эдістемелік қызмет атқарады.
Білім меңгертуге бақылау жасау, бұл оқытудын дерективті түрі болып 
есептелінеді. Дерективті оқытуда білім деңгейі оқу процесінің мазмұнын 
ұйымдастыра отырып ақпарат беру үлгісінде жүзеге асады. Бір жақты диалог 
орнап, ақпараттың көпшілігі оқытушы тарапынан беріледі. Яғни, жаңа ақпа- 
раттық жэне педагогикалық технология негізінде оқыту әдістерін өзгертуге 
мүмкіндік бар. Оқытушы рөлін білімді беруші ғана емес, студенттердің өзін- 
дік жеке шығармашылық жұмысының ұйымдастырушы ретінде де көруге 
болады.
Оқытудың интерактивті үлгісі берілген ақпаратты түсіндіруге қол 
жеткізуге бағытталган. Осы аталған оқыту үлгілерінің ыңғайлы жэне қолай- 
сыз жақтары бар. Директивті оқыту үлгілерінің негізгі критерийлері нақты- 
лы қорытынды бақылау, сабақтан тыс уақыттағы өзіндік жүмыстарға болжам 
жасау, жазба жұмысы ретінде қарастырылмайды.
Белсенді оқытудың үлгілері: материалды еркін мазмұндауда дисскуссия 
ұйымдастыру, дэріс санын қысқарту, семинар санын көбейту, топтық тап- 
сырмалардың түрлері, жартыжылдық көлемінде үнемі бақылау жасау, 
жазбаша жұмыстар орындаумен ерекшеленеді.
Қандай да бір үлгіні ұстану - бұл қателік. Оқу процесінің сапалы жэне 
тиімділігіне қол жеткізу үшін оқытудың осы екі үлгісі қатар жүруі тиіс.
Сол себепті елімізде жоғары білім жүйесін ұйымдастыру үшін иннова- 
циялық оқыту әдістеріне көшу керек. Қазіргі білім беру жүйесі мемлекеттік 
стандарт пен шынайы мүмкіндіктерге сәйкес болуы да шарт. Жоғары оқу 
орнында қолдануға болатын оқытудың қазіргі әдістерінің аспектілерін 
қарастырайық:
көкейкесті - мазмұнды эдіс; мэмелелік оқыту; презентация; дисскуссия; 
кейс - стадия; топтық жұмыс; мимен ойлау әдісі; викториналар; сыни ойлау 
эдісі; кіші - зерттеулер; жобалау эдісі; іскерлік ойындар; рөлдік ойындар; 
Insert әдісі (студенттер 10 минутта ассоциативті эссе жазады); жэне т.б.
Тиімді әдістердің бірі - мәселелік оқыту болып табылады. Оқытудың бүл 
түрінде дэріс диалогке ұқсас болады. Сабақ беру зерттелушілік процесін 
туғызады. Бүл эдіс студентті қызықгырады, оқыту процесіне толықтай 
енгізеді. Ғылымды тануда қайшылықтар шығып, оны шешуде студентке 
мүмкіндік береді. Оқытудың алғашқы кезеңінде студенттерге мәселелік 
сүрақ қойылады немесе мэселелік тапсырма беріледі. Мэселені шешу үшін 
оқытушы материалдағы қарама- қайшылықтарды студенттердің меңгеріп, 
қабылдауы үшін дайындайды. Мүның тиімділігі жеке мәселелерді 
студенттердің өзі көрсетеді. Бүл эдістің басты жетістігі оқытушының 
аудиторияда қойған мэселені студент өзіндік түрғыдан шешуге мүмкіндік 
алады, яғни оқытушы олардың «өзіндік шешімін» тыңдау мүмкіндігіне қол 
жеткізеді. Мәселелік оқытуды үйымдастыру, оқытушының күрделі, маңызды 
дайындығының негізінде ғана жүзеге асады.
103


Сонымен қатар, оқу процесіндегі нақтылы жағдайга құрылған эдісті немесе 
кейс-стади әдісін маңызды эдістер деп атауымызға болады. Оқу процесіндегі 
нактылы жағдайга кұрылған эдістер шешуші сэтте нэтиже береді. Бұл эдіс 
тұрғысында студент өздігінен шешім қабылдауға мэжбүр болады. Нақтылы 
жағдайға құрылған эдіс XX ғасырдың басында медицина жэне кұкық саласында 
қолданылған. Кейс-стадия эдісінде, эртүрлі жағдайларды жэне тапсырмаларды 
талқылауда студенттер мен оқытушылардың толық қатысуы қадағаланады. 
Бастысы, бұл эдіс нақты тэжірибелік тапсырмаларды шеше білуге, бағалай 
білуге, нақты жағдайға талдау жасай білуге үйретеді. Кейс стадия әдісін 
қолдануда оқытушы:
- кейсті тындайды;
- қажетті материалдарды негізгілерін бөліп алады;
- бағдарлама жасайды. (Мұнда студенттің міндеті кейсті және қажетті 
эдебиеттер тізімін алу, сабаққа дайындалу).
Сабақ барысында оқытушы:
- кейсті жолдауды арнайы ұйымдастырады;
- топ - топқа бөледі;
- кейсті талдауды басқарады.
Студент:
- сұрак қояды;
- эртүрлі шешімнің үлгісін үсынады;
- шешім қабылдайды;
- жүмыс жөнінде жазбаша есеп береді.
Қазіргі таңда компьютер жэне интернет - ақпараттық жаңа технологиялар 
ретінде Қазақстаннын жоғары оку орындарында білім беруде маңызды рөл 
аткаруда. Бұл жағдайда казақстандық студенттер жастардың жаңаша танымдык 
көзқарастары калыптасып, инерактивті эдістерді оқу процесінде қолданады. 
Оқытудың интерактивті эдістері - студенттерге белсенді білім беруде 
қолданылады. Инновациялық оқу жұмысы оку процесіне нэтижелі білім алуға 
бейімдейтін, жаңа технологияларды орынды енгізумен тұжырымдалады. Бүлар 
- кабельдік жэне спутниктік теледидарлар, бейнеконференциялар, телефорум- 
дар, телемарафондар, партфолио сияқты инновациялық технологиялар, окудағы 
жэне тәрбиелеудегі, өмірлік дағдыларды қалыптастыру жөніндегі тренингтер, 
соның ішінде элеуметтік тәлімдегі жэне т.б. жеке-дара жетістіктер.
Инновациялық тэсіл оқу процесіне - тіршілік жэне әрекет етудің даму дина- 
микасы ерекшелігіне, кашыктан оқудың өзгешелігіне жэне жеке тұлғалардың, 
қоғамның жэне мемлекеттің талаптары мен элеуметтік пайдалы білім алуына, 
сеніміне, мінез-қүлықтың сапасы мен өзгешелігіне, тэлім тэжірибесі мен 
қатынасына негізделген жаңалык енгізуге бағыттайды.
Интерактивті ұғымы - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әнгіме- 
лесу, элде кіммен (адаммен) не болмаса, элде немен (мысалы, компьютермен) 
сүхбаттасу режимінде жүзеге асырылады. Демек, интерактивті оқыту - бүл, ең 
алдымен, сұхбаттасып оқыту, онын негізін окытушы мен білім алушының өзара 
әрекет етуі құрайды.
104


Бұл өзара эрекеттестіктің ерекшелігі:
* білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуінен;
* күрделі мэселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп көтеруден, 
яғни бірыңғай шығармашылық кеңістікке қосылуынан;
* тапсырмаларды шешуді жүзеге асыратын әдістер мен қүралдарды 
таңдауда келісушіліктен;
* жақын эмоциялық жағдайларда қалыпты күйге бірге түсуінен, тапсыр­
маларды қабылдау мен жүзеге асыруда бойда болатын үндес сезімдерді 
бастан кешуінен түрады.
Интерактивті оқытудың мэні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық 
оқушы таным процесіне тартылатындай болып үйымдастырылуы тиіс, олар- 
дың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды соны түсінуге жэне рефлек- 
сияға мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс- 
эрекеті эркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді 
білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-эрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. 
Интерактивті эдістердің мэндік ерекшелігі, сипаттамасы - бүл субъекті- 
лердің өзара эрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, 
қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық жэне рухани бірігуі.
Қытайдың бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы - мен үмытып қаламын; 
маған көрсетші - менің есімде қалады; өзіме істетші - мен сонда түсінемін»,- 
деген екен. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Интерактивті эдістерді пайдалану кезінде білім алушылар түсіну 
процесіне толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымы- 
ның негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермей- 
ді, бірақ тындырмандарды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәс- 
түрлі нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен 
оқушының өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі оқушының 
белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың бастамасы 
үшін жағдай жасаушы болады
Педагог өзі арқылы оқу ақпаратын жіберетін, өзіне тэн фильтр рөлінен бас 
тартады жэне жүмыста ақпарат көздерінің біреуінен көмекші рөлін атқарады.
Интерактивті оқыту интенсивті оқытуда да кеңінен қолданылады.
Бүл әдістерді игеру жэне қолдану үшін, оқытушыға топтық өзара 
әрекеттердің әртүрлі әдістемелерін білу қажет.
Интерактивті оқыту өзара түсінікті, өзара әрекеттестікті, өзара байытуды 
қамтамасыз етеді. Сонымен, интерактивті оқыту білім беру парадигмаларын 
іріктеп қолдануға алып келеді. Оны білім беру парадигмаларына сәйкес 
М.В.Буланова-Топорковаға сүйене отырып, өзіндік түрғыдан білімді дамыту 
жолдарын үсындық.
3-кесте
Парадигма
Элементтері
Қазіргі кездегі 
қолданыстағы парадигмалар
Дамыту мүмкіндіктері
Адамның
Өмір сүріп отырған әлемді Әлемнің мақсатты өзгеруі
105


негізгі
міндеттері
тану
Іс-эрекетінің 
ғылыми негізі
Жаратылыстану 
ғылыми 
әдісі
Практикада 
қолданыс 
тапқан теория
Күнделікті
міндеттер
сипаты
Тек бір ғана дұрыс шешім
Шешімнің көп болуы
Шешімді 
бағалау өлшемі
Тек біреуі: «дұрыс немесе 
дұрыс емес»
Өлшемнің көптігі: қажетті, 
тиімді, зиян келтірмеу
Адамгершілік, 
рухани 
дүниенің 
алатын орны
Оларга 
сұраныс 
болғанымен, 
қолданыста 
аздық етуі
Шешім 
таңдауда 
қажеттілігі
Білім 
берудің 
басты міндеті
Қазіргі өмір сүріп отырған 
әлем туралы білім беру
Әлемді 
сипаттауда шы- 
ғармашылық әдіснамасын 
қолдану
Рухани 
түлға
қалыптастыру
мүмкіндіктері
Тек 
гуманитарлық 
білім 
беру арқылы
Толықтай 
мүмкін 
жэне 
әсіресе іс-эрекетте
Ұлттық мэдениетті дамыту, тұлға бойында жоғары рухани-адамгершілік са- 
палар мен ұлттық идея мен патриоттық сезім қалыптастыру үшін Қазақстан 
Республикасының білім беру жүйесі қоғам мүшелерінің бірігуге бағытталуы 
тиіс.
XIX ғасырда алғаш қалыптасқан В.Гумбольдтың жоғары білім беру 
концепциясының өзектілігін ескере отырып, элемнің жетекші университет- 
терінің іс-эрекетінде ғылыми-зерттеушілікті дамыту оның ішінде ғылыми- 
зерттеу институттары мен зертхана құрылымын кеңейту маңызды.
Университеттік білім беру дамуының көлемі жоғары білім алуға деген сол 
жердің қажеттілігіне тәуелді. Себебі ол материалдық қамсыздану, мемлекеттің 
ғылыми-техникалық әлеует деңгейі мен оның экономикасының даму жағдайын 
анықтайды. Ал университеттік білім берудің даму деңгейі - экономикалық 
потенциалы мен эскери күшке үлес салмағын беріп отырған мемлекеттік 
жоғары білім беру жүйесіне қаншалықты рөл беретініне тэуелді.
Білім беру мекемелерінде кэсіби бағдар беретін, жоғары біліктендірілген 
педагог, психолог, физиолог жэне тағы басқа мамандардан құралган қызмет 
қүру керек. Олар қатысушылардың икемділіктерін, мүмкіндіктерін, қызығу- 
шылыктарын, нышандарын есепке ала отырып, білім беру ары қарай 
жалғастыруға жол бастайды.
Қазакстандық білім беру жүйесінде қазіргі университеттік жағдайында 
барлық университеттерде оқытудың жоғары деңгейіне өту мақсатты. Біздіңше 
жоғары білім беруде, эсіресе, ірі университеттерде екінші жэне үшінші деңгей 
олардың 
базасын 
кеңейтіп, 
ЖОО-дағы 
магистрлер 
мен 
докторларды 
дайындауға қарағанда, әлде-қайда жоғары көрсеткіш көрсетер еді.
106


Ендеше, тәрбиенің барлық салалары бір арнаға толысуы керек, ол арна -
имандылық тәрбиесі. Қазіргі мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, 
ішімдік ішуі, тіпті, есірткі қолдану - жасырып жабатын жағдай емес. Қыл- 
мыстың ең ауыр түріне баратын жастар да көбейіп отыр. Осылардың ара- 
сында қазақ балаларының «үлесі» аз емес. Бұл қиындықтан шығудың жолын 
табу да педагогтардың алдында тұрган шешімі қиын міндеттердің бірі.
Әрине елімізде ғылым, мэдениет салаларында жасалып жатқан шара- 
лардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық жэне жеке ұлттық игіліктер 
негізінде тэрбие мен білім беру ісін неғүрлым жоғары деңгейге көтеруге 
ықпал етуде. Рухани мәдениетіміздің тарихына үңіле отырып, болашақ ел 
басқарар азаматтарымыз бен азаматшаларымызды ұлттық идеология 
негізінде тәрбиелеп, бағыт беру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұл 
процеске қоғамтанушы ғалымдар тарихшылар, филологтар, философтар, 
психологтар мен педагогтар да атсалысуда. Бәрінің мақсаты-тамыры тереңде 
жатқан ұлттың өзіндік философиялық ой-санасының ерте дәуірлерден күні 
бүгінге дейінгі тарихына ой жүгірту, оның дамуына өзіндік үлес қосу.
Ешбір үлт өзіндік түрғыдан ғылым үрдісін меншіктеп «біз бастатқанбыз, 
біз жалғастырудамыз» дей алмайды. Ғылым-білімнің дамуы тарихи арнада 
Месопотамия, Мысыр, Қытай, Үндістан жэне коне Греция мәдениеттері 
арасында алма кезек жалғасын тауып, ешбір үлт пен ұлысқа бөлінбейтіндей 
түп тамыры өте тереңге дендеген жалпы адамзатқа ортақ құндылыққа айнал- 
ған. Алайда, соңғы кезге дейін батыстың ғылым мен технология саласын- 
дағы үстемдігі бүкіл ғылым мен мәдениеттің бастауы батыс халықтарына 
тэн деген түсінікті қалыптастырып, басқа ықтималдарға ешқандай мэн 
берілмеді. Философия мен тарих көбіне, еуроцентристік көзқараста 
жазылып, XX ғасырдың басында еуропалықтар бүкіл мэдениет пен 
философияның «атасы» ретінде көрсетіліп, сол көзқарас адамдар санасына 
орныгып, әлі күнге дейін бұл біржақты пікір жалғасуда. Дүниежүзілік мэде­
ниет пен білім тарихында мұсылман ғалымдарының аттары ұмыт қалып, на- 
ғыз ислам мәдениетінің гүлденіп, шарықтауға жеткен алтын шақтары бүрке- 
меленіп, еуропалықгар орта ғасырларды «қараңғылық кезеңі» деп атаған-ды.
Қазіргі тандағы ғылымның дамуына батыстың қосқан үлесі қаншалықты 
бүлтартпас шындық болса, батыстьщ осындай деңгейге көтеріліп, ғылым 
мен технология саласындағы көптеген жаңалықтарға қол жеткізуінде 
мұсылман ғалымдарының үлесі өте зор.
Көріп отырғанымыздай өздері мойындағандай орта ғасырларда Еуропа- 
ның жағдайы адам айтқысыз күйде болатын. Еуропадағы қасірет пен жаба- 
йылықты бұрын-соңды адамзат көрген емес. Ол кезеңде бүкіл Еуропада 
христиандық әбден бүрмаланып, шіркеу мен патшалар өз мүдделері үшін 
бірлесіп халықты қанаудың түрлі айла-шарғысын жасап бақты. Инквизиция 
сотының аяусыздығы арқылы ой бостандығы толығымен мақүрым етілді.
Бүл кезеңдерде ғылым шіркеу үшін пұтқатабынушылықпен бірдей еді. 
Осы дұшпандық 1233 жылы инквизиция сотының құрылуымен ресми 
деңгейге жетіп, тіпті, соңғы ғасырларга дейін жалғасты. XVIII ғасырда
107


шіркеудің қысымы шарықтау шегіне жетіп, Еуропада революциямен аяқталды.
Орта ғасырларда батыста діни оқу орындарында көбіне тек христиан 
ақидасы ғана окытылып, басқа пәндерге мэн берілмейтін. Тіпті, латынша да хат 
танымайтындар көп еді. Осы кезеңдерде діни оқу орындарында грамматика 
бүкіл ғылымдардың негізі ретінде қарастырылды.
II Сильвестр (Герберт (946-1003)) Еуропадағы келер мыңжылдықтың 
бетбұрысын айқындайтын қозғалыстың бастаушысы болды. Барселонадан 
Кордоваға барған ол сол жерде арабша үйренді. Ол - исламдык пікірлерге тэнті 
болып, алгашқы болып осы пікірлерді Еуропаға жайды. Каталониядагы Риполи 
монастырындағы бай кітапханада жұмыс істеді. Арабша дерек көздерімен жэне 
олардың аудармаларымен, математика, астрономияға қатысты шыгармалармен 
танысты. Герберт Папа XII Жан (Jean) мен танысты. Оның ерекше қабілетті- 
лігін байкаган Германия мен Италияның императоры Отто оны кейінен мүгалім 
етіп тағайындайды. Жұлдызы жанған Герберт кейінірек папа болып тагайын- 
далады. Оның пікірлері бүкіл Еуропаға тарайды. Осыдан кейін барып дін адам- 
дарының арасында trivium (диалектика мен риторика), quardrivum (арифметика, 
музыка, геометрия жэне астрономия) саласында мұғалімдер жетіле бастады.
XIII гасырда Кастилия жэне Лион патшасы VII Алфонсо (1104-1257) ислами 
гылымдармен айналысу үшін Толедода орталык кұрды. Бұл кала өзінің 
көшелері, қүрылысы жэне барлық тұрмыс салаларымен исламның мұрасына ие 
болып, мыңдаған том кітаптарымен батыстықтарды өзіне кызықтырды. Бүл 
кезеңде батыстықтардың бар ісі Пиреней тауларын асып өтіп, мүсылмандардын 
ғылым орталықтарына барып, арабша үйрену болды. Мүсылман ғалымдарының 
гылыми мұрасы батыстықтар үшін тағдыр тарту еткен багасыз сый еді [59]. 
Ғылымға сусаған еуропалықтар үшін Испаниядағы гылым мен мәдениет 
орталықтарына барып оқу үлкен арманға айналған-ды. Бұл жерлерде білім алып 
еліне оралғандар өз елдерінің ең білгір адамы саналып, кұрметке бөленетін. 
Ғылым мәдениет орталығы болумен катар, қүпия ілімдердің де орталығы 
есептелген Андалуссияның Еуропаның бүкіл мекемелері мен қоғамдык сала­
сында ықпалы күшті болды [60].
Кремоналық Герардтың (1114-1187) көп еңбегінің аркасында аударма істері 
катты дамыды. 1160-1230 жылдарда ол Толедо қаласында жетпістен аса кітап 
аударды. Онын медицинага байланысты аудармалары өзі кайтыс болғаннан 
кейін бес гасыр бойы Еуропадағы медицинаның басты кайнар көзі болды.
1180 жылдарда Ибн Синаның философиялық кітаптары аударылып бітіп, 
Еуропаға жайыла бастады. Оның бүл шығармаларының ықпалы күшті болып, 
одан кейін баска да мүсылман ғалымдарының кітаптары аударыла бастады. 
Осылайша батыстык ойшылдардың арасында жаңа мұсылман бейнесі 
калыптасты. Ислам әлемі - философия мен ғылымның бесігі.
Еуропаның жартылай варварлық қогамнан өндіруші және синтездеуші 
мәдениет орталығына айналуында XII ғасырдагы арабша аудармалардың 
ыкпалы өте зор болды. Мисе Либиридің айтқанындай, «XV ғасырга дейін 
арабтардың кітаптарынан пайдаланбаған және оларды аудармаган ешбір
108


еуропалық ғалым болған емес. Олардың қатарында Р Бэкон, Леонардо, А. 
Магнустар да бар» [59].
Батыстағы ғылымның дамуына ықпал жасаған Ибн Сина, әл-Фараби, әл- 
Хорезми, ¥лық-бек, Ибн Рушд, Газали, Ибн Халдун, әл-Бируни сынды 
мұсылман ғылымдарының ғылымға қосқан үлестері зиялы қауымға белгілі. 
Алайда, біздің қоғамға аса мэлім болмаған, ғылым тарихында өзіндік орны 
бар басқа да мұсылман ғалымдары көптеп саналады.
Өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау - жалпыұлттық бірлігіміз- 
дің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысын қалыптастырудың, 
оның егемендігін нығайтудың, азаматтық пен отаншылдықты, үлттық 
сананы тэрбиелеудің ең басты факторларының бірі. Тарих - халықтың 
зердесі, ол содан сусындап, әлеуметтік шығармашылыққа, жарқын болашақ- 
қа бастайтын күш-қуат алады. Халқымыздың ұлттық, мэдени мұраларын 
ескермеу, оның мэн-маңызына көз жібермеу болашақ ұрпақтың ұлттык сана- 
сезімінің қалыптасуына теріс ықпалын тигізері сөзсіз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 
қоғамның қазіргі нарықтық қарым-қатынасқа көшуі барысында туындаған 
«экономикалық, саяси, ұлттық, экологиялық, имандылық дағдарыстарының» 
жас ұрпақтың жан-жақты жетілуіне көптеген қолайсыздықтар туғызып отыр- 
ғанын атап көрсетті. Демек, бұдан адам бойында имандылық қасиеттерінің 
кемуі қоғамдық дағдарысқа алып келетінін аңғаруға болады. Жалпы 
қоғамдағы кері процестердің барлығы да ұрпақ тэрбиесіне өз әсерін тигізбей 
қоймайды. Нэтижесінде болашак ел иелері - жастар арасында рухани азғын- 
даушылық, жалпы адамзаттық қүндылықтарды бағаламаушылық кеңінен 
орын алады.
Еліміздің егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының, сипаты халықтың 
рухани, адамгершілік, имандылық көзқарасы, жастар арасындағы білім мен 
тәрбиеге байланысты. Педагогика ғылымында қазіргі талапқа сай өз ше- 
шімін таппай отырған мәселелер жеткілікті. Соның ішінде жастардың руха­
ни кұндылық туралы білімдерінің, түсініктерінің төменгі дәрежеде екенін 
аңғартады. Руханилықты көпшілік дінмен байланыстырады, байланысы 
болғанмен оның басқа да тұстары басым екеніне мэн беру керек. Мемлеке- 
тіміздің зайырлы, унитарлы, демократиялылығы жалпы алганда толықтай 
көрініс бермейді. Зайырлылық бүгінгі таңда дін мен мемлекет саясатының 
үйлесімділігіне, унитарлық заңдардың бұлжытпай орындалуына, демокра- 
тиялық сөз, іс- эрекеттің еркіндігін сипаттауы тиіс. Мемлекет саясатынынан 
дін саясаты немесе керісінше, бір-біріне бастамшылық жасамауы тиіс. Ал 
заңды белшесінен басып, басына күн туса елін сатып кетіп жатқандар да жоқ 
емес. Ал, еркіндік деп ойымызға келгенді жасаймыз деген адасқандар да ара- 
мыздан кездеседі. Демократия ол ең алдымен, тэртіп, ол болмаған жағдайда 
анархияға ұшыраймыз. Негізінен алғанда, барлық нәрсенің шегі болуы тиіс, 
шексіздік адамдардын өздеріне жамандық алып келеді. Міне, осы 
шексіздіктің алдын алудың бірі де жастарды рухани құндылықтарды курмет- 
теуге 
үйрету. 
Қазақстан 
Республикасының 
этникалық-мэдени 
білім 
тұжырымдамасында (1996): «Тәрбиенің түп мақсаты - қоғамның нарықтық
109


қарым-қатынасқа көшуі кезінде саяси экономикалық жэне жан-жақты 
мэдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу» [2],- деп, нарықтық қарым-қатынасқа 
байланысты жеке тұлғаны тэрбиелеуге мэн берілген, жастарды қогамдық 
өмірдің өзгеруіне сай тәрбие жүйесін өзгерту екендігіне аса көңіл бөлген. Әрбір 
ұлт өзінің ұрпағын мәдениетке, руханилыққа тэрбиелеуде халықтың өзіне тән 
әдет-ғұрпы, салт-дэстүрлері жазба мұралар негізге алады. Олай болса, ғасырлар 
сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан жазба мұраларды 
жинақтап зерделеудің, оның тэлім-тәрбиелік мол тәжірибесі негізінде 
ұрпағымызды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу қажеттігі күнен-күнге 
арта түсуде.
Сонымен білім беру пардигмалары негізінде тұлғаның рухани дүниесін 
қалыптастырудың төмендегідей тенденциялары айқындалды:
• Білім беру парадигмалары білім алушылардың сұранысы, талабы бойын- 
ша өзгеріп, дамиды;
• Рухани құндылықтарды бағалауға үйрету білім беру парадигмаларының 
негізгі элементі болып табылады;
• Көпмәдениетті ортағы негізделген ортақ қүндылықтар дүниесі қалып- 
тасады;
• Өркениетті елдермен қарым-қатынасты руханилық алғашқы орынға ие 
болады;
• Адам әлемдік өркениет жағдайындағы жалпыадамзаттық қүндылықтар 
қатарындағы көшбасшыға айналады;
• Білім беру мен тэрбиелеуде интеллектуалдылыққа қол жетімді болып, 
адамның рухани сапасына мэн беріледі;
• Білім беру жүйесінің ортақтасуы біртұтас білім беру кеңістігін қүруға 
алғышарт жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет