ТывaфразеологизмдеріндегіКүн/Хүнбейнесі: Хун аптара кырында» / «Күн сандықта болғанда» – Күн
сәулесі киіз үйдің батысындағы сандықтың қақпағына түскен
кезде түскі ас уақыты екендігін білдіреді.
Хун дөрге (ширтекке) турда / «Күн киіз үйдің құрметті жеріне
түскенде, яғни күн киіз үйдің төріне түсу, бұл – тал түс, түскі ас
уақыты, сол үшін өрістегі малды айдап келеді.
Хун сыртык бажынга турда / Күн киіз үйдің сол жағындағы
(әйел адамдар жағы) төсектің басына түсті – малды өріске айдап
шығатын уақыттың жақындағанын білдіреді, бақташылар дай-
ындала бастайды.
Хун дөжек ортузунга турда / Күн төсектің ортасына түсті ,
яғни күн төсекке түскенде – малды өріске айдайды.
Хун улгуурге турда / Күн ыдыс-аяқ тұратын сөреге түскенде,
яғни күн киіз үйдің кіре берісіндегі сол жақта орналасқан ыдыс-
аяқ сөресіне түскенде – күн батуға таяған кез, балалар бұзауларды
айдап, жігіттер отын жарып, қыздар тамақ жасау үшін су алуға
барған.
Хун хана бажында / Күн киіз үйдің шығыс жағындағы
керегенің жоғарғы жағына түскенде – кешкі уақыт, сиыр сауатын
уақыт.
Хун ынаа бажынга турда / Күн киіз үйдің шығыс жағындағы
жердейдің жоғарғы жағына түскенде – балалар киіз үйге
шыбыртқы әкеліп, қойларды қораға айдайтын кез – кешкі ас
уақыты.
Якуттіліндегіфразеологизмдердегіжалқыесімдер Саха халқының әдебиетінің негізін салушы А.Е. Ку ла ковс-
кийдің саха тіліндегі тұрақты тіркестер тізімінде «Ай» онимі
қолданылған мынандай тіркестер кездеседі: «Күн-Ый быатын туттум / Күн мен айға жабысып қатты ұстап алдым. Бұл фра-
за қиын жағдайдан сытылып шыққан адам туралы айтылады:
~ 320 ~
Ый-күн ыһыана онордо / Ай мен күннің құрметіне арналған мейрамда жасалатындай жасадым. Аспан құдайларының құрметіне арналған көктем мейрам- дарында якуттар мерекені атап өтетін орындарға сүт, айран бүркіген. Үлкен қариялар аспан құдайларының құрметіне бүркілді деп ойласа, ал қалған көп бөлігі бұдан рухқа табынуды көздейді. Қалай болғанда да, якуттардың сүт бүркуі осы мақалда ғана сақталған, негізінде бұл рәсім қазір ұмытылған. Мақалдың шығу төркіні жейтін тағамды жөнсіз, ретсіз тарату туралы айты- лады. Ый-күн курдук алтыһыахпыт / Ай мен Күннің кездескені сияқты біз де кездесерміз. Бұл фраза бітіспес жауын қорқыту үшін айтылатын сөз, яғни мағынасы келесі кездесу бұдан да қауыптірек болады деген.