Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті
БӨЖ
Тақырыбы: “ҚР мен шетелдегі инклюзивті білім беруді реттейтін
нормативті құқықтық құжаттарды талдау”
Орындаған: Шукірбаева Ару
Тексерген: Амирешева Бибінұр
Алматы, 2023
Қазақстан Республикасында нормативті-құқықтық құжаттарда және қоғамда «инклюзивті білім беру» термині мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру мектептерінде оқыту процесін сипаттауда қолданылады. Яғни, инклюзивті білім беруде әр баланың индивидуалды ерекшеліктерін ескеру (қабілеттер, даму ерекшеліктері, темперамент типі, жынысы, отбасының мәдениеті және т.б.) арқылы іске асырылатын, индивидуалды бағытқа негізделген жеке тұлғалық бағытталған оқыту әдістері қолданылады.
Қазақстан Республикасы Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының қағидалары ретінде басқалармен бірге мыналар белгіленеді:
-барлығының сапалы білім алуындағы құқықтарының теңдігі;
-әр адамның интеллектуалдық дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тұрғындар үшін барлық деңгейдегі білімнің қолжетімділігі [5, 1-тарау, 3-бап].
ҚР білім беру аясындағы Заңнамасында бекітілген:
-баланың ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып ата-аналардың білім беру ұйымдарын таңдау және өз балаларын оқыту;
-тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің көмегін алу құқығы; [5, 6-т, 49-б];
-баланың, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың өз тұрғылықты жеріндегі мектепте білім алу құқығы [5, 5-т, 26-б, 2-б]. Қызмет көрсететін ауданда тұратын балаға тиісті білім беру ұйымына қабылдануына тыйым салынбауы қажет [6];
-білім алудың жалпыға бірдей білім алу стандартының аясында білім беру ұйымының шешімі бойынша баланың жеке оқу жоспары немесе қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша білім алу құқығы [5-т. 6-б. 47; 4];
-білім беру ұйымдарында ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғалардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау бойынша жергілікті атқарушы билік органдарының жауапкершілігі [5, 2 тарау, 6 бап. п 21-5)].
Осы жауапкершілік шеңберінде елдің барлық аймақтарындағы жалпы білім беру мектептерінде психологиялық-педагогикалық (арнайы педагог, логопед, психолог, тәрбиеші) қолдау көрсететін мамандарға штаттық бірлік енгізіліп жатыр. Білім беру процесінде оқушыларға қолдау көрсету үшін қоғамдық қауымдастық пен жеке меншік қорлар көмегімен материалдық-техникалық жағдайлар құрылып жатыр. Орта білім беру ұйымдар қызметінің типтік ережесі білім алуында ерекше қажеттілігі бар балаларды білім беру процесіне қосудың нұсқаларын қарастырады: жалпы немесе арнайы сынып (ауытқушылық түріне қарай). Оқушылардың жалпы сыныпта оқуы жалпы білім беру немесе жекелік оқу бағдарламасы бойынша ұйымдастырылады. Жалпы немесе арнайы сыныпта оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін арнайы педагогтармен (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жекелік немесе топтық сабақтар өткізу қарастырылады
20-шы ғасырдың 60-шы жылдарында кейбір Еуропа және Америка мемлекеттерінде қоғамдық өмірді көптеген аймақтарында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының бұзылу мәселесі белсенді талқылана бастады. Сол кезде білім беру саласында мәселені шешудің екі негізгі жолдары анықталды: бірінші жолмен АҚШ, басқасымен - Еуропа мемлекеттері жүрді. Әлемнің бірқатар мемлекеттерінде шамамен, 1970 жылдардан бастап, мүгедектердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты нормативтік акттардың пакеті құрастырылып, енгізілуі басталды.
АҚШ пен Еуропаның білім беру саясатында бірнеше бағыттар өз бастауын алды: мектептердің десегрегациясы, білім алудың қолжетімділігін кеңейту, интеграция, мейнстриминг, инклюзивті білім беру. Ұлыбританияда әлеуметтік жаңалық (social invention)туралы айтылды. Мейнстриминг стратегиясында мүгедектігі бар оқушылар өз құрдастарымен мерекелер, түрлі бос уақытты ұйымдастыру бағдарламаларында қарым-қатынасқа түседі, ал егер олар жалпыға білім беру мектебінің сыныптарына қосылған болса да, бұл іс-шаралар білім беру мақсаттарын орындау үшін емес, балалардың әлеуметтік байланыстарын арттыруға бағытталады.
Барлық батыс мемлекеттерінде мүмкіндігі шектеулі оқушыларға қолдау жасаудың өзіндік тәжірибесі бар. Яғни, әр мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі балаларды педагогикалық қолдау мен көмек берудің өзіндік моделі бар. Көбінде мектептен тыс ресурстық орталықтар немесе жергілікті қолдау көрсету қызметтері құрылған, олар «арнайы мұғалімді» білім беру мекемесіне немесе білім алуда ерекше қажеттіліктері бар бала оқитын, сыныптың педагогына көмек беруге жібереді. Ғалымдардың зерттеулері (В.В.Коркунов, Н.Н.Малофеев, Н.М.Назарова және т.б.) дәлелдеген, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру жүйесіне қосу, әлеуметтік-мәдени жағдайларды және басшылардың саясатын ескерумен, әлемнің түрлі мемлекеттерінде біртіндеп іске асырылған. Әрбір мемлекетте интеграцияның өзіндік модельдері іске асырылады, яғни бұл әмбебап интегративті білім беру модельдерін құру мүмкін еместігінің дәлелі. Бірақ кез-келген мемлекетте интеграциялық білім беруді нәтижелі іске асырудың бірқатар алғышарттары бар. Оларға жатқызылады:
- жеке тұлғаның құқықтары қорғалатын демократиялық құрылымды қоғам;
- білім беру процесінің жартылай қамтылуы;
- кең көлемді арнайы білім беру қызметтердің және жалпыға білім беру мектептің, бала бақшаның құрылымында мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірлік іс-әрекетін қамтитын ерекше жағдайлардың болуы;
- интеграциялық процестердің жайлы өтуі, жалпыға білім беру мен арнайы білім беру жүйелері ұсынатын білім беру мен түзету қызметтерін таңдау мүмкіндігі;
- қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдармен өзара байланысқа түсуге дайындығы.
Италия
Көптеген мамандардың пікірінше, Италия барлық әлемге инклюзивті білім берудің зертханасы болды. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап бұл мемлекетте арнайы мектеп оқушыларының басым көпшілігі жалпыға білім беру жүйесіне интеграцияланды.
1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпыға білім беру мектептерінде оқуға құқылы туралы бірінші заң пайда болды. 1977 жылы мұндай оқытуды ұйымдастырудың нақты нормативтерін белгілейтін Заң қабылданды:
- сыныптағы балалардың максималды саны - 20;
- даму ерекшеліктері бар балалардың максималды саны - 2;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға бағытталған арнайы іс-шаралар сыныптағы сабақтардың мазмұнына кіреді;
- арнайы бағдарламалар бойынша оқытылатын сыныптар жабылды;
- арнайы педагогтар мен қалыпты оқушылардың мұғалімдері топтарға бірігеді;
- екі категориядағы педагогтар сыныптың барлық оқушыларымен өзара байланыста болады.
Швеция
Инклюзивті білім берудің идеялары нәтижелі іске асырылып жатқан мемлекеттердің бірі болып Швеция саналады. Интеграцияға бағытталу курсы 1969 жылы Швецияда қажетті мемлекеттік құжат пайда болудан басталды. 20 ғасырдың 60-70 жылдарында Швецияда, соңынан басқа да дамыған мемлекеттерде дамуында ауытқушылықтары бар адамдарға арналған ірі интернаттар мен психиатриялық ауруханалар жабылды. 1980 жылы мемлекет даму бұзылыстары бар балалардың оқуын ұйымдастыру бағыттарының өзгеруінен құрастырылған оқу жоспарын қабылдады. 1989 жылы орта білім туралы жаңа Заң қабылданды, ал 1990 жылдан бастап түзету педагогтарын оқытудың арнайы бағдарламасы қайта қарастырылды.
1995 жылы мұғалімдер, тәрбиешілер мен директорлардың рөлін басқаша анықтайтын жаңа білім беру стандарты бекітілді. Стандартта 5 және 9 сыныптар соңында қол жеткізуі тиіс міндетті білімдер деңгейі көрсетілді. Білім беру Министрлігі анықталған оқу мақсаттарына жету үшін мұғалімдер оқыту әдістерін өздері таңдап алады деп болжамдаған. Оқу процесін ұйымдастырумен мектеп директоры айналысады. 1986 жылдан бастап Швецияда көру бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептер жоқ, өйткені олар мекен жайы мектептерге интеграцияланған және де ұлттық медициналық орталықта арнайы көмек алады. Инклюзивті білім беру ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты мемлекет саясатының стратегиялық бағыты болып табылады. Бұл мемлекетте ерекше қажеттіліктері бар балалардың көбісі қалыпты сыныптарға интеграцияланған және де қажетті қолдауды алады (арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегін алып, арнайы көмекші құралдармен пайдаланады). Есту, көру, ақыл-есі кем, күрделі бұзылыстары анық көрініс тапқан балалар, бұзылыс түрлері бойынша дифференциацияланған арнайы мектептерде білім алады. Мұндай мектептерде олар 21-23 жасқа дейін оқи алады. Қазіргі уақытта арнайы мектептер жалпыға білім беру мектептерінің сыныптарына интеграцияланған балаларға қолдау көрсету Орталықтары да болып табылады. Ақыл-есі кем балаларға арналған арнайы мектептер жалпыға білім беру мектептерінің ғимаратында оның сыныптарын орналастыру арқылы интеграцияланған.
АҚШ
АҚШ-та 1875 жылдан 1914 жылға дейін міндетті білім беру енгізілген,осыған байланысты ақыл-есі кем деп саналатын, «іс-әрекеті тәртіпке салынбайтындар» кереңдер немесе физикалық мүгедектер сыныптары құрылған. Осы кезеңде Ұлтық білім беру ассоциациясы арнайы білім беру Департаментін құрды. Интеллектті өлшеу тесттері дамыды, эмигранттардың саны артты, ұйымдастырылған жұмысшылар күші өсті, психологиялық теориялар дамыды. Осы факторлардың барлығы, жеке ерекшеліктер мен потенциалды анықтау мен өлшеу принциптері пайда болып жатқан, мектептік жүйеге әсер етті. 20 ғасырдың 60-70-ші жылдары, оқушылардың сәтсіздіктеріне кінәлі, мектепке қарсы дауыстар көтерілді. «Ерекше» балалардың ата-аналары ұтып алған бірнеше соттық исктерден соң АҚШ-та 1975 жылы білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға келесі маңызды кепілдерді ұсынатын № 94-142 Мемлекеттік заң қабылданды:
- минималды шектеулері бар ортада білім алу;
- тегін және адекватты білім беру қызметтері;
- әділетті және дискриминацияланбаған бағалау және қажетті құқықтық қамтылу;
- жеке (индивидуалды) оқу жоспары.
Пайдаланылған әдебиет:
http://15-oskemen.mektebi.kz
Достарыңызбен бөлісу: |