Р. Н. Куракова-Атырау, 2019. 80 б. «Өрлеу»


Материалдар мен жабдықтар



Pdf көрінісі
бет39/69
Дата26.04.2023
өлшемі1,81 Mb.
#87128
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69
Байланысты:
Р.Куракова (1)

Материалдар мен жабдықтар 
Әр оқушыға немесе топқа: 

Мәліметтерді жинау жүйесі 

Жүрек соғысы жиілігінің Hand Grip датчигі 
Оқушылар алдын ала танысатын ұғымдар 
Оқушылар келесі ұғымдармен таныс болуы керек: 

Адамның қанайналым жүйесі жүректен, қан тамырларынан және сол
арқылы ағатын қаннан тұрады


Физикалық жаттығуды орындау кезінде, дене бұлшық еттерін қан және 
оттегімен көп мөлшерде қамтамасыз ету үшін, сіздің жүрегіңіз жылдам 
соғады. Жаттығу қарқындаған сайын сіздің жүрегіңіз жылдам соғатын 
болады. Сондықтан жаттығуды орындау кезіндегі сіздің жүрек 
қағысыңыздың жиілігін бақылау, жаттығу қарқынын бақылау үшін өте 
жақсы әдіс болуы мүмкін.

Темекі шегуді доғарып және дұрыс тамақтану арқылы, жүрек-
қантамырлары ауруларының алдын алуға және оларды физикалық 
жаттығуларды орындай отырып бақылауға болады. 
Берілген нұсқаулықтағы ұқсас зертханалық жұмыстар 
Осы тапсырмаға ұқсас тұжырымдамалық зертханалық жұмыстар:

Физикалық жүктеме және тынысалу жиілігі

ЭКГ: Жүрекке әсер ететін факторлар; 
Қысқаша ақпарат 
Жүрек соғуының жиілігі – бұл жүрек кезеңінің жиілігін суреттеу үшін 
қолданылатын термин. Әдетте ол жүректің минутына жиырылуының 
(қағысының) саны ретінде есептеледі және «минутына қағысы (мқ)» ретінде 
көрсетіледі. Ересек адамның жүрегі қалыпты жағдайда шамамен мқ 70 
(еркектер) және мқ 75 (әйелдер) соғады, бірақ бұл көрсеткіш барлық адамдар 
үшін түрліше болады. Тамыр соғуы – бұл жүрек ырғағының жиілігін өлшеу 
әдістерінің бірі. 
Ағза жүрек шығысын (жүрек бір секундта шығаратын қанның мөлшері) 
арттыру үшін жағдайларды кеңінен таңдауға жауап ретінде жүрек ырғағының 
жиілігін арттыра алады. Физикалық жүктеме қалыпты адамның жүрек 
қағысының жиілігін қалыпты жағдайдағы жүрек қағысының жиілігімен 
салыстырғанда артуына мәжбүрлейді. Жаттығу неғұрлым қарқынды болса, 
жүрек қағысының жиілігі де жоғары болады. 
Осыған қарамастан, орташа деңгей мқ 60 және 100 аралығында болады. 
Егер жүрек қағысының жиілігі мқ 60-тан төмен болса, онда жағдай брадикардия 
деп аталады. Егер жүрек қағысының жиілігі мқ 100-ден асатын болса, онда 
жағдай тахикардия деп аталады. 


42 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет